Файл: 4блім. Мтіндік жатпен жмыс жасау Кні 26. 04. 2022ж.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

4-бөлім. «Мәтіндік құжатпен жұмыс жасау»

Күні: 26.04.2022ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Есельбаева М.Е.

Сыныбы: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Гиперсілтемелер (Интернеттегі авторлық құқық және плагиат мәселелері)

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.2.2 «авторлық құқық», «плагиат» ұғымдарын түсіндіру

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Интернеттегі авторлық құқық, плагиат ұғымдарын біледі.

Көптеген оқушылар:

Интернеттегі авторлық құқығы бар туындыларды пайдаланудың маңыздылығын біледі.

Кейбір оқушылар:

Иинтернетте авторлық құқықты қорғаудың жолдарын көрсетеді.

Бағалау критерийлері

Интернеттегі авторлық құқық, плагиат ұғымдарын мысалдар келтіреді.

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминология:

Ұрлық – плагиат – plagiarism

Авторлық құқық – авторское право – сopyright

Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

Менің пікірімше,... Достарым айтқандай,... Қорытындылай келе,... Мұғалімнің көрсеткеніндей....

Авторлық құқық дегеніміз не?

Плагиат ұғымы қандай мағынада қолданылады?

Қалай ойласың авторлық құқық, плагиат және гиперсілтеме ұғымдары неге қатар жүреді?

«Авторлық құқық» және «плагиат» ұғымдарын қалай түснесің?

Авторлық құқықтың мағынасы не де?

Интернеттегі авторлық құқығы бар туындыларды пайдалану қаншалықты маңызды?

Бүгінгі таңда интернетте авторлық құқықты қорғаудың қандай мәселелері бар?

Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, қарым – қатынас жасау қабілеті, жауапкершілігі артады.

1. “Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.

4. Өмір бойы оқу, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі, орыс тілі, Сурет, Математика.

Алдыңғы білім

Авторлық құқық, плагиат ұғымдарына жалпы түсініктері бар

Сабақ кезеңі

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл-күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:

Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру

I - Үшбұрыштар тобы

II – Дөңгелектер тобы

III – Төртбұрыштар тобы

Жаңа сабаққа кіріспе

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі.

Авторлық құқық дегеніміз не?

Плагиат ұғымы қандай мағынада қолданылады?

Қалай ойлайсың авторлық құқық, плагиат және гиперсілтеме ұғымдары неге қатар жүреді?

«Авторлық құқық» және «плагиат» ұғымдарын қалай түснесің?
Мақсаты: уақытты үнемді пайдалана отырып барлық оқушыларды бір мезетте проблеманы шешуге жұмылдыру.

Тиімділігі: Оқушылардың шығармашылық ойлауына, жаңа идея табуы мен оның шешімін іздеуіне түрткі жасайды.

Бағалау: Оқушылар бір – бірінің жауаптарын интерактивді тақтадағы жауаптар арқылы “жауаптарға келісемін”, ”жауаптарға келіспеймін”, ”ұсынысым бар” сөздері арқылы тексеріп «Бағдаршам» әдісімен топ ішінде бірін – бірі бағалайды.





Сабақтың ортасы



Дәптермен жұмыс.

(Ұ) «Түртіп алу» әдісі арқылы жаңа тақырыпта кездесетін термин сөздерді өз дәптерлеріне жазып алады, интербелсенді тақтаға қарап, мұғалім соңынан қайталайды.
Мақсаты: Үштілділікті дәріптеу.

Тиімділігі: Оқулықта кездескен термин сөздерді өздерінің жұмыс дәптерлеріне жазып алып, қайталау арқылы есте сақтайды.

Саралау: Информатика сабағында қолданылатын программалардың басым көпшілігі ағылшын немесе орыс тілдерінде берілетіндіктен термин сөздерді есте сақтаудың маңызы зор.

Оқулықпен жұмыс. ЖИГСО әдісі.

Оқушыларға оқулықтан үш абзацтан үш топқа көлемді тапсырмалар беріледі. Әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылды. Құрылған сарапшы топ берілген тапсырмаларды біріге талқылап орындайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын тиянақты түрде жеткізіп, үйрету керек
Дескриптор:

- Топ ішінде отырып, оқулықтағы ақпаратты оқиды.

- Өзінің оқыған ақпаратымен топ ішінде талқылауға белсенділікпен қатысады.

- Өзге топ мүшелеріне түсіндіру, баяндау жұмыстарын жүргізеді.

Бағалау: Оқушылар бір – бірінің жауаптарын интерактивді тақтадағы жауаптар арқылы “жауаптарға келісемін”, ”жауаптарға келіспеймін”, ”ұсынысым бар” сөздері арқылы тексеріп «Бағдаршам» әдісімен топ ішінде бірін – бірі бағалайды.








Сараланған деңгейлік тапсырмалар.

(Т) №1 тапсырма:

Интернет желіснде орналасқан қазақстандық сайттардың (*. kz) кез келген біреуін ашып онда орналсақан электрондық ресурстарға талдау жүргізіңдер. Назар аударыңдар:

Сайтта орналсқан деректер авторлық құқықпен қорғалған ба?

Сайт басқа авторлардың құқытарын бұзбай ма?
Дескриптор:

- Интернет желісінен топтар кез-келген қазақстандық сайтты ашады.

- Сайтта орналасқан ресурстарға топтық талқылау жүргізеді.

- Сайтта орналсқан деректер авторлық құқықпен қорғалған ба? Көз жеткізеді.

- Сайт басқа авторлардың құқытарын бұзбай ма? Жауабын табады.

(Ж) №2 тапсырма: «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.

Алдағы уақытта интернеттен көшіріп алатын әр түрлі туындылардың авторлық құқығын бұзбай пайдаланудың ережесін ұсыныңдар.

Дескриптор:

- Алдағы уақытта интернеттен көшіріп алынған жұмыстардың авторлық құқығын бұзбаудың ережелерін жұмыс дәптерлеріне жазады.

- Жұптар бір-біріне ұсынады.


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары




(Д) №3 тапсырма: «Төрт сөйлем» әдісі.

Оқушылар төменде берілген тапсырма бойынша жұмыс дәптерлеріне төрт сөйлемнен тұратын шағын эссе жазады.

/Авторлық құқықты сақтамаудан қоғамға және жеке адамдарға келетін залалды бағала/.
Дескриптор:

- Авторлық құқықты сақтамаудан қоғамға келетін залалды 2 сөйлеммен жазып жеткізеді.

- Авторлық құқықты сақтамаудан жеке адамдарға келетін залалды 2 сөйлеммен жазып жеткізеді.

Мақсаты: Тапсырмаларды іс-тәжірибеде жеңілден күрделіге қарай деңгейі бойынша орындайды.

Тиімділігі: Оқушылар ең алдымен топтаса отырып ең оңай тапсырманы орындайды. Келесі күрделендірілген тапсырманы жұптасып, бір-бірімен ақылдасып, бір-бірін үйрете отырып жасайды. Талдау дейгейінің тапсырмасын топ болып өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісе отырып жасайды.

Саралау: Жоғарыдағы берілген тапсырмалардан саралаудың «Тапсырма» тәсілі көрінеді. Тапсырманың барлығы жеңілден күрделіге қарай деңгей бойынша беріледі. Қолдау қажет ететін оқушылар бір-біріне көмектесуге дағдыланады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары

Сабақтың соңы



Сабақты бекіту

(Т) «Өрмекші торы» әдісін қолданып, оқушылар жіпті бір-біріне сұрақтар қойып, жауабын алу арқылы лақтырады.

Төменде сұрақтар топтамасы берілген:

Авторлық құқықтың мағынасы не де?

Интернеттегі авторлық құқығы бар туындыларды пайдалану қаншалықты маңызды?

Бүгінгі таңда интернетте авторлық құқықты қорғаудың қандай мәселелері бар?

Плагиат және авторлық құқық ұғымдарының өзара қандай байланысы бар?

Рефлексия:

«Үш түрлі күнделік» әдісін қолданып рефлексия парақшасын толтырады.


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары