Файл: Электронды ОулыТЫ тиімділігі мен маызы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫҢ  ТИІМДІЛІГІ МЕН МАҢЫЗЫ

Мазмұны

Кіріспе

Электрондық оқулықтың  тиімділігі мен маңызы

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Еліміздің даму жолындағы жаңа белесі «E-learning» электронды оқыту жүйесін Қазақстан Республикасы мектептеріне енгізу. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында электрондық оқытудың мақсаты: Білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету. Ауыл және қала мектептеріндегі білім деңгейлерін теңестіру, ойлау қабілеті жоғары және технологиялық сауатты оқушыны дайындау.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажет:

-қойылған мақсатқа қол жеткізу- сыртқы ортаның ақпараттық кірігуін, білімді басқару тиімділігін, білім сапасын көтеру;

-қажетті нормативтік негізді жасау.

Электронды оқытуды енгізу бірқатар нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.

Өзекті міндеттердің бірі – білім саласы дамыған елдердің (Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания, Малайзия, Канада, Австралия және т,б) тәжірибесіне сүйеніп «E-learning» жүйесін және оқу ресурстарының контентін Қазақстан жағдайына бейімдеп, дамыту.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда педагог мәртебесін арттыруға ерекше көңіл бөлуде.  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа Жолдауында педагогтар құрамының сапасын арттыруға ерекше көңіл бөле отырып, «Базалық педагогикалық білімнің стандартын, оқытушылардың біліктілігіне қойылатын талаптарды күшейту қажет»,- деп атап өтті.

Қазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер көмегімен ақпараттық ресурстар орын алады. Яғни, ХХІ асыр бүкіл дүние жүзі ақпараттық қоғамға көшіріле басталды деуге болады. Оған қоғамдағы барлық білім, ғылым, экономика және басқару салалары арқылы ақпараттандыру белгісіне қол жеткізуге болатындығы.

Қазіргі таңда негізінен білім жүйесінің барлық сатыларын үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электрондық оқулық студент үшін ақпарат көзі болып, сонымен қоса электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.

«E-Learning» дегеніміз бұл – барлық әлем елдерінің білім беру жүйесіне жаңа ақпараттық коммуникациялық технологиялармен келген, бүгінгі экономика мен қоғамның бірде-бір саласының мазмұнын оларсыз іске асыру мүмкін емес, электрондық оқыту жүйесі.


Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі — оқу процесін электронды оқулық немесе оқытудың компьютерлік құралдарын (ОКҚ) жасау және пайдалану.Оқу процессінде компьютерлік оқулықтар, есептер жинақтары, энциклопедиялар, тестілеу мен бақылау, анықтамалық жүйелер және басқа да ОКҚ-лар кеңінен қолданыс табуда. ОКҚ-ны білім берудің ақпараттық технологияларының негізгі бір түрі ретінде қарастыруға болады. Жалпы білім берудің ақпаратгық технологиялары дәстүрлі оқыту

әдістері мен тәсілдерінде кейбір педагогикалық мәселелерді шешудің жаңа құралдары ретінде пайданылады” [1].

Қазіргі таңдағы электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері: ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде белсенді пайдаланылуы оның нақты педагогикалық есептерді шешуге арналған құралы қызметін атқаруымен қатар, дидактика мен әдістеменің дамуына әсер етіп, оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын құруға алып келеді. Мысалы, Internet технологияларының кеңінен таралуы қашықтықтан оқыту әдісінің жедел дамуына мүмкіндік туғызуда.” Мультимедиялық технологияның, компьютерлік графика мен машықтану жүйелерінің дамуы, кәсіби ортадағы іс-әрекетті бейнелейтін виртуал жағдайға «ену» жолымен оқыту әдістемесінің кұрылуына түрткі болды. Ал, компьютерлік желілік машықтандырушы класстардың пайда болуы, іскерлік ойындар мен сайыстар түрінде көп рольді машықтандыру әдістеменің дамуына ықпал жасады (кәсіби сайыстар мен іскерлік ойындар бұрынан бері кәсіби дайындық пен іскерлікті арттыру барысында қолданылып келген. Ал ақпараттық технология оларды жаңа деңгейде ұйымдастыру мен өткізуге мүмкіндік туғызуда).

Сонымен ОКҚ-ның дидактика мен әдістеменің жаңа қырынан дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Яғни, ОКҚ-ны оқу процессінде пайдалану негізінде

  • окытудың сапасы артады;

  • оқыту жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге кететін шығындар азаяды;

  • оқытушылардың оқыту барысында сабақ түсіндіру, бақылау алу, тапсырманың орындалуын қадағалау, бағалау, білім мен іскерлікті игеру деңгейлерін анықтау сияқты басқару жұмыстарының  шығармашылық іс-әрекетке (ғылыми-ізденіс және әдістемелік мәселелерді шешу, оқу-әдістемелік құралдарды дайындау т.с.с.) көшуіне алып келеді;

  • оқытудың мазмұны мен құрылымдарының  өзгерістеріне қарай  оқу процесін оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыруды жеделдетеді.

Осы айтылғандардан қазіргі уақытта білім беру жүйесінде дәстүрлі құралдарға қарагаңца ОКҚ қоддану кажеттігі артып келе жатқандығын көруге болады. Сондай-ақ, ОКҚ-ны дәстүрлі оқу-әдістемелік кұралдармен үйлестіре қолданудың тиімділігін практика көрсетіп отыр. Дегенмен, ОКҚ компьютерсіз оқыту құралдарын толығымен алмастыра алмайды. Шындығында ОКҚ дәстүрлі құралдардың тиімді тұстарын ала отырып, оқытудың жаңа сапалық деңгейіне алып келеді.



include

main( )/’жай программа*/

int num;

num = 1;

 ОКҚ-ның сапасы оны оқу процесінде пайдалану барысында ғана анықталады. Оның кемшіліктерінің көп болуы пайдаланушыларға ОКҚ туралы теріс пікір қалыптасуына алып келеді “[2].

Қазіргі кезде көптеген ОКҚ-лардың түрлі нұсқалары дайындалып, ұсынылуда. Дегенмен, оларға жүйелі түрде талдау жүргізіліп, тиімділіктері мен кемшіліктері анықталып, олардың сапасына талаптар қойылуы, болашақ жасалатын ОКҚ-ларға ұсыныстар берілуі жеткіліксіз. Ал, шет елдерде бұл бағытта зерттеулер жүргізіліп, даярланған ОКҚ-ларға талдаулар жасалынып, олардың кемшілікгері айқындалуда. Талдаулар нәтижесінде ОКҚ-ны жобалауда жіберілетін басты кемшілігі -оны дәстүрлі оқу-әдістемелік құралдың электронды көшірмесі ретінде ғана кұрылатындығы анықталды.

Мысалы, дәстүрлі оқу-әдістемелік кұралдарды даярлауда оның авторлары мен техникалық жағын орындайтын (безендіру, көбейт, т.с.с.) мамандардың арасында айқын шекара бар. Ал ОКҚ даярлауда оны баспа оқулық ретінде қағазға шығарып, көбейтудің қажеттілігі болмағандықтан, оны жетілдіріп, жаңартып отырудың мүмкіндігі жоғарылайды. Бұл жерде ОКҚ дайындау технологиясынан хабары аз мұғалімдер дидактикалық материалды дәстүрлі құралдар шығару сияқты даярлау жеткілікті деп есептейді. ОКҚ-да дидактика оқу материалымен қоса, программалық өнімнің негізі болып есептелетін алгоритм мен модельдерде де ескерілуі тиіс. Дидактикалық есепті шешуді ақпараттық технология мамандарына жүктеу барысында (программалаушы, безендіруші, мультимедиялық компоненттер жасаушылар) тиімділігі төмен әдістемелік және дидактикалық сауатсыз ОКҚ пайда болады.

“Әрине, ОКҚ үшін материалдарды дайындауда ақпараттық кұрылымдық принциптер, пайдаланушы интерфейсінің схемасы, білім мен іскерлікті бағалау критерийлері мен бақылау тәсілдері, интерактивті құралдармен жабдықталу сияқты аспектілерді ескерумен қатар, дидактикалық тәсілдер, компьютер мамандарына нұсқаулар болуы тиіс. Бұл шарттарды орындау, автордан жаңа компьютерлік дидактиканы игеруді талап етеді.

Демек, ОКҚ даярлау түрлі саладағы мамандардың бірігіп жұмыс істеуімен қатар, көп зерттеулерді, талдауларды қажет ететін өте күрделі іс, яғни, ОКҚ-ны даярлайтын мамандардың әрқайсысы өз саласында жан-жақты терең білім мен іскерлікті көрсетуі тиіс.

Қазіргі кезде, ОКҚ даярлау үшін кем дегенде төрт түрлі базалық категориялы маман керек:

— оқу материалының авторлары;

— компьютерлік әдіскерлер;


— ОКҚ жүйелік программалаушы;

— ОКҚ пайдаланушылар.” [3].

Компьютерлік әдіскер – ОКҚ-на арналған пәндік ауқымға бағдарланған, компьютерлік дидактиканы меңгерген маман. Оның атқаратын міндеттері:

— ОКҚ кұрылымын анықтау;

— психологиялық-педагогикалық стратегияны тандау;

— пайдаланылатын дидактикалық тәсілдерді нақтылау;

— бақылау формалары мен түрлерін анықтау;

— білім мен іскерлікті бағалау критерийлерін анықтау;

— оқу материалын кұрылымдауда авторға жәрдем беру, оны жеткізу формасы мен стиліне нүскаулар беру т.с.с.

Жүйелік программалаушы — компьютерлік дидактиканы меңгерген, білім берудің ақпараттық технологиясының маманы. Ол оқу материалының ақпараттық-логикалық моделі мен ОКҚ-ның арихитектурасын құрастырады, дидактикалық тәсілдерді формальдандырады, қолданылатын модельдер мен алгоритмдер класстарын анықтап, пайдаланушы интерфейсінің схемасын жасауға қатысады. Сондай-ақ, негізгі программалық-техникалық мәселелерді шешеді (инструментальды құралдарды, берілгендер форматын, программа интерфейсін тандау). Сонымен қатар, ОКҚ-ны даярлайтын мамандардың іс-әрекеттерін ұйымдастырып, басқарады. Жүйелік программалаушының ОКҚ-ны жобалауға қатысуының кажеттілігі, ОКҚ-ның пайдаланушыларға бағдарланған сыртқы сипаттамалары мен таңдалған программалық-техникалық ерекшеліктерді үйлестіру қажеттілігінен де туындайды»[4]

Компьютерлік әдіскер мен жүйелік программалаушының ОКҚ-ны жобалауға катысуы оның сапасының артуына ықпал етеді. Сонымен, компьютерлік әдіскер мен жүйелік программалаушы мамандар ОКҚ-ны жобалауда маңызды ролге ие.

Аса жоғарғы сападағы графикалық схемаларды, формулаларды, берілгендерді безендіру, динамикалық суреттеудің жүйелі немесе тармақталу түріндегі мүмкіндіктерді түрлі түсті компьютерлік анимациасында қолдануға, және оларды жоғары деңгейде ұсыну қарастыруға болады.. Электрондық оқулықтар барынша ыңғайлы және көрнекті дидактикалық материал беруге немесе оқуға назар аударылады және білім алуда қиындықтарды жоюға мүмкіндік береді. Сондай–ақ, оларға ұқсас оқулықтарды бағалау, нәтижелі құралдарымен, тиісті жабдықталу және білімдердің бақылау процесін меңгеру және дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді..

“Электрондық оқулықтарды жасаудағы маңызды ролі оқулықты әдістемелік қамтамасыз етуді жобалау алады. Электрондық оқулықтармен оқытудың (білім берудің) барлық негізгі кезеңдерін автоматтандыру — оқу материалдарының мазмұнын бақылауға және қорытынды бағалаулардың ұсынысын жасауға дейін көздеген. Соның арқасында барлық міндетті оқулық материалдары жарқын, қызықты, ақылдың үлесімен ойындық жүріске ,яғни кең қолданысқа ие мультимедиалық түрін графиктерде, соның ішінде интерактивтік және дауыс жүргізу арқылы ауыстырылады”[5]


Сондықтан, тиімді оқулықтан электрондық оқулық жасауға оның жабдықталуымен ( гипермәтінін жасау) және көрнекілік жағынан жақсы материалмен (мультимедиалық құралмен қоса) және компьютер экранында іске асыру жеткіліксіз. Электрондық оқулықты мәтіндік суреттерге, анықтамаға айналдыру емес, оның негізгі принципіне мән беріледі.

Электрондық оқулықтың жұмыс тәртіптері:

“Электрондық оқулықтардың жұмыс тәртібінің ерекшелеп көрсетуге болады:

  • бақылаусыз оқыту;

  • бақылаумен оқыту, оқытылған әрбір тарау (параграфтың) бойынша арнайы бақылау сұрақтарымен қортылады;

  • қорытынды бақылау тест арқылы бітеді.

Оқулықтың электрондық нұсқасы бақылау құралдарына кедергі келтіруде, дәл осы бақылау сияқты оқуда білімдерді бақылау негізгі мәселе болып келеді. Ұзақ уақыт бойы білім берудің дәстүрлі жүйесінде білім бақылауы ереже сияқты, ауызша түрде өткізілген еді. Қазіргі кезеңде тестілеудің әртүрлі әдістері қолданылуда. Көбісі, бұл позицияларды бөлмейді, сондай тесттер қажетті дағдыларды қалай талдау керектігін және мәселенің шешімін табуды шектейді. Жаңа технологияларды қолдану арқылы қашықтықтан оқыту жүйелерінде сапалы және жаңаша мүмкіндікпен шешуге болады”.[6] Біз электрондық оқулық түрін құрамыз, сайып келгенде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану оқу нәтижелілігін жоғарылауына жағдай жасайтындығына үміттенуге болады, сонымен қатар білім алушының дербес дайындалуына таптырмас құралы деуге болады.

“Электрондық оқулық оқытушы үшін ыңғайлы, себебі ол :

  • лекцияларға және практикалық жұмыстары өзінің қалауына бағытталады, яғни аз көлемді, бірақ ең мазмұнын есепке алу және ЭО-мен дәрісханалық жұмыстардың дербес жұмысы үшін рұқсат етеді;

  • арақатынастардың мөлшерін үнемдеуді, үлгілерін ұстауы және мақсаттарды ықшамдауға, дәрісханада қарастырылатын және үйге берілген тапсырманы нәтижелеуге рұқсат етеді; білімалушылармен жұмыс жасағанда, әсіресе үй тапсырмалардың және бақылау іс-шараларына тиісті бөлімінде дербестікке мүмкіндік береді.

  • Электрондық оқулықты пайдалану саласы

2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу қажеттілігін әдейі басқа көрсеткім келеді деп нақты атап көрсеткен. Біз электрондық үкіметпен ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді пайдаланамыз”.[7]

Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.