ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.04.2024
Просмотров: 6
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Нұр-Сұлтан қаласы
әкімдігінің №90 гимназия
КММ қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Аскарова Н.Т.
ВИДЕО САБАҚ ЖОСПАРЫ
Мұғалімнің аты-жөні: | Асқарова Нағима Төртуылқызы | ||||||||||||||||||||||
Пән/Сынып: | Қазақ әдебиеті 11-сынып | ||||||||||||||||||||||
Қай аптаның нешінші сабағы | І тоқсан | ||||||||||||||||||||||
Тарау немесе бөлім атауы: | 1-бөлім: Заман шындығы | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы | ||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары: | 11.1.5.1- ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру. 11.3.3.1 - шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру; шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстырып, салыстыра алады; шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдай отырып әдеби эссе жазады. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстырып, дәлеледер келтіреді; шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, өз көзқарасымен , әдеби эссе жазу. | ||||||||||||||||||||||
Бағалау критериі: | Ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстырады; шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады. | ||||||||||||||||||||||
Саралап оқыту тапсырмалары | |||||||||||||||||||||||
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі | Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету | ||||||||||||||||||||||
Уақыты | Кезеңдері | Сабақтың мазмұны | Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не? | Ресурстар | |||||||||||||||||||
1 минут | Ұйымдастыру | Сәлеметсіздер ме, қымбатты 11-сынып оқушылары! Қазақ әдебиеті сабағына қош келдіңіздер! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы. Бүгінгі сабақта: романның тарихи және көркемдік құндылығын түсінесіздер. Сіздердің білетіндеріңіз:шығарманың көркемдік – эстетикалық құндылығы туралы өз пікірлеріңізбен дәлелдер келтіре отырып, шығармашылық жұмыс жазасыздар. | Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын бақылайды. | Презентация | |||||||||||||||||||
2 минут | Жаңа сабақ | Мұғалім жаңа сабақты әр түрлі тәсілмен түсіндіреді Жазушының өз заманының көз алдындағы тарихи маңызы зор, аса іргелі шындығын жазуы, қара сөзден өз заманының қайтпас қайсар ұланының, қаһарманының көркем мүсінін сомдауы – әдебиет тарихында өте сирек кездесетін ерекше құбылыс. Баққожа Мұқаи «Өмірзая» романында өз заманының саяси-әлеуметтік, тарихи маңызы зор, мәні үлкен аса іргелі, өзекті шындығын суреттеді, заман қаһарманының образын жасады. Шығармашылық еңбек жолында мұндай нәтижеге жеткен жазушы да тарихта өте сирек. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік қоғамның тоқырау дәуірінде ұлттық идея, ұлттық тәуелсіздік идеясы жолында еңбек етіп, бейнет, қиындық көрген, қанша азап көрсе де өмірлік ұстанымынан таймаған, алған бетінен қайтпаған, елдің тәуелсіздігі үшін өмірін қиған, жанын пида еткен замандас образын жасау – жазушының көркемдік және ұлттық құндылықты жан-жақты ашып, жазудағы шығармашылық жетістігі». | | | |||||||||||||||||||
7 минут | Тапсырмалар | Контекст тіл білімінде – тілдік тұлғалардың мағынасын айқындайтын сөздік орта. Тілдегі сөздердің бірсыпырасы көп мағыналы болып келеді. Ондай сөздердің қандай мағынаны білдіріп тұрғаны сөйлем ішінде, басқа сөздермен байланыста қолданылғанда айқындалады. Мысалы, “Қайық екі буыннан құралған сөз”, немесе “Оның аяғына жасалған операция сәтті болды” деген сөйлемдерде “буын”, “операция” сөздері бір түрлі мағыналарды білдірсе, “Қолымның буындары ауырады”. “Соғыс операциясы аяқталды” деген сөйлемдерде екінші түрлі мағыналарды білдіреді. Бұл сөздердің қандай мағынада қолданылғаны олардың айналасындағы басқа сөздерден байқалып тұр. Бұл – тілдік Контекст. Сонымен бірге тұрмыстық Контекст. те болады. Оған сөз мағынасын түсінуге себепші болатын тұрмыстық орта жатады. 1-тапсырма. Романнан берілген үзіндіден шығарма контекстіне байланысты тілдік ерекшеліктері бар сөздерді төмендегі кестеге жазыңыздар. «Жазушы тілінің сөздігі» әдісі
.... «Аға-ау, сіз айтқан әділеттің ақ жолы қайда? Егер бар болса, өзіңіз неге сол жолмен жүрмедіңіз? Сол жолды сіз өмір бойы іздеген жоқ па едіңіз. Бар болса, табар едіңіз ғой», - деген сөз талай рет көмейіне келіп кептелген, әрқашан қарттың қабағына қарап, тілін тістейді. Түлкі заманда тазы болып шалу керектігін ерте түсінгендердің мақсатына оңай жететінін Аяған білгелі қашан.Қазіргідей сырты жылтыр, іші бұлдыр заманда Алдияр Ақпанұлы айтқан тәсілмен күресіп, мұратқа жету мүмкін еместігін жердің астындағыныбілетін ғұлама Алдияр қарсылықтарынан ақылының аздығынан емес, айласын асыра алмағандықтан жеңілді. Заманның құбылып тұратын мінезіне бейімделіп, керек кезінде жалынып, жалбарынып, аяққа жығылып үйренген уақыттың құлақ кесті құлдары оны алып та, шалып та жықты. Қарсыласуға шамасын келтірмеді мүлде. Өмірдің талай өткелегінен өтіп, отқа салса күймейтін, суға салса батпайтындай болып піскен кәрі тарлан өзінен тәлім алған бір үйір күшіктің талауына түсіп, құр сүлдерін әрең алып шықты. Дескриптор:
Дұрыс жауап.
| Оқушылардың тапсырманы дұрыс орындағандығын тексереді. Оқушыларға бағыт-бағдар береді. | Қанатты сөздер | |||||||||||||||||||
8 минут | | Шығармадағы_заман_бейнесі'>2-тапсырма. «Шығармадағы заман бейнесі» деген тақырыпта эссе жазыңыздар. (Сөз саны-150-200) Дескриптор:
| | | |||||||||||||||||||
2 минут | Бекіту | «Түсіндірме күнделік» әдісі. Тапсырма: Шығарма туралы ой-пікірлеріңізді төмендегі кестеге толтырыңыздар.
Дескриптор:
| | |