Файл: р оуаарту министріні 03. 10. 2022.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Мектептегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті»сабақтары: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығымен бекітілген қосымша ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.10.2022 № 415 бұйрығын негізге ала отырып, педагог қызметін курстан кейін қолдау, әдістемелік көмек көрсету арқылы дамытуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі барысында Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің 2022жылғы 27 тамыздағы 382 бұйрығы негізінде қысқа мерзімді жоспарлаудың ерекшеліктерін ескере отырып, ұжымдастарға «Қысқа мерзімді жоспар құрудың ерекшеліктері қандай» тақырыбында коучинг сабағын өттім. Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету – қысқа мерзімді жоспарда жоспарланатынын, және де сабақтың басты міндеті — оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайтынын айтылды. Оқу мақсаттарын сабақ мақсаттарына айналдыру, яғни берілген ақпараттан ауытқымау керек деген қорытынды. Сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде (45 минуттан кейін)  үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі.


Сабақ мақсаты орындалды ма?


Бүгін оқушылар нені үйренді?


Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?


Тапсырмалар, жаттығулар сабақтың мақсатына сәйкес болды ма?


Уақытты қалай пайдаландым?


Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Егер мұғалім осы сұрақтарға жауап берсе, ол алдағы сабақтарда нені ескеруі керек, қандай мәселелерге ерекше көңіл бөлуі керек, т.с.с. екенін біледі, осы жағдайда әр мұғалімнің сабақтарында жоғары нәтижелерге қол жеткізетіні жайлы құнды ақпараттармен ой бөлісті. Коучинг соңында барысында қатысушы әріптестеріміз кері байланыс берді. «Рефлексиялық нысана» әдісімен өздерінің ой пікірлерін ортаға салды.Келесі осындай сабақтарда бағалау жайлы өтілсе деген ұсыныстар қалдырды.