Файл: ыса мерзімді жоспар Пн аза тілі 56 саба.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітемін:

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі № 56 – сабақ

Бөлім: Мамандықтар әлемі

Мектеп: Тасшағыл орта мектебі

Күні: 13/12 – 2019 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Рыскалиева Д

Сынып: 4 «А»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№ 56 Қос сөздер. Отбасы мүшелерінің мамандықтары.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.3.1 - мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

4.4.2.1 - күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз)

4.3.6.1 - каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу техникасын жетілдіру

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

  • мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастырып және жауап бере алады;

  • қос сөздерді тауып, құрамындағы өзгерістерді дәлелдейді;

  • каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіреді;

Оқушылардың көпшілігі:

  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауап бере алады;

  • қос сөздерді тауып, құрамындағы өзгерістерді дәлелдейді;

  • каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіре алады;

Оқушылардың кейбірі:

  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауап бере алады;

  • қос сөздерді тауып, құрамындағы өзгерістерді дәлелдейді;

  • каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіреді;

Бағалау критерийлері

  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауап бере алады;

  • қос сөздерді тауып, жасалуын түсіндіре алады;

Сөздік қор



Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Қос сөз, шеген, шығыр, қауға

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

  • Қандай мамандық түрлері бар?

  • Бұл мамандық иелері сіздердің үйлеріңде бар ма?

  • Қандай мамандық атаулары сендерге таныс емес?

  • Қойшы туралы не білеміз?

Құндылықтар

Мамандық иелерінің еңбегін құрметтей білу

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, дүниетану

Алдыңғы білім

Біріккен сөздер

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин


5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылар келген қонақ-ұстаздарға, бір - бірлеріне күлкі арқылы амандасады, тілек тілейді.

Сабақтың басталуы

  • Сынпты топқа бөлу. Жүрек, Күн, Смайлик суреттері арқылы

  • Сынып қабырғасында мамандықтарға байланысты бірнеше суреттер ілініп тұрады.





Бұл тапсырма «Галереяға саяхат» әдісі арқылы ұйымдастырылады.

Саяхат жасап, аралап жүріп, сыныптағы оқушылар бірнеше мамандық түрлерімен танысады.

-Қандай мамандық түрлері бар?

- Бұл мамандық иелері сіздердің үйлеріңде бар ма?

-Қандай мамандық атаулары сендерге таныс емес?

-Қойшы туралы не білеміз?(оқушылар жауабы тыңдалады)

Қойшы - .....

Бейнефильм көрсету. «Болашақ мамандық». IT мамандығы туралы ақпарат беру

Сәлемдесу

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

Қабырғаға ілінген суреттер

Сабақтың ортасы

30 мин.

Білу

Тыңдалым

Түсіну

Айтылым

Қолдану
Оқылым

Жазылым

Талдау

  • Біз қандай тақырыппен танысып жатырмыз? Күрделі сөздер

  • Дұрыс, күрделі сөздердің қандай топтарын білеміз? (- тіркескен сөздер, біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер)

  • Біз қайсысымен таныспыз? (біріккен сөздер) – дұрыс, ендеше мұны мынадай жоспар бойынша айтып беріңдер.

  1. Атауы

  2. Қалай жасалады?

  3. Қалай жазылады

  • Келесі күрделі сөз тобы қандай еді?

  • Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз қалай аталады ?(Қос сөздер)

  • Мақсатымыз қандай болады деп ойлайсыңдар? (Қос сөздермен танысу, оларды қолдана білу) – дұрыс

  • Және бүгінгі сабақта , бұрын орындап жүргеніміздей мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырамыз және оған жауап береміз.

4.2.3.1, 4.4.2.1.

Оқулықпен жұмыс. 40- жаттығу.

  1. Көпен Әмірбек туралы мәлімет

Көпен Әмірбеков (29 наурыз 1950 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Ешкіқора ауылы) - журналист, сықақшы.

"Қазақ әдебиеті", "Егемен Қазақстан" газеттерінде сатира, фельетон бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы сатира кеңесінің төрағасы. "Тамаша" ойын-сауық отауының белсенді авторы.

1-тапсырма . Оқушылар мәтінді мұқият тыңдайды.

«Түртіп алу» тәсілі арқылы түсінбеген сөздерін белгілеуін, белгіленген сөздерді «Түсіндірме сөздіктен» табуын ұйымдастыру

1-топ: Шеген

2- топ: Шығыр

3-топ: Қауға

Құдықты шегендейтін құрсау тас, қима ағаш, өрме тал

Өзен-көлден, құдықтан су тартып, егін суғаруға арналған құрылғы

Малдың терісінен не басқа заттардан жасалған, құдықтан су тартып алуға арналған шелек

2 – тапсырма.

Топта мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды құрастырып, келесі топқа ұсынады да көрші топтың өздеріне қойған сұрақтарына «Ыстық орындық» әдісін пайдаланып, жауап береді.

1-топ: Не себепті 2- топ: Сенің ойыңша 3-топ: Қалай ойлайсың?

(Үлгі: Не себепті арқанды түйеге байлап қауға тартады?

Сенің ойыңша, Көпен Әмірбектің әкесі кім болған?)Қалай ойлайсың, .....)

Бағалау дескрипторы:

3-тапсырма

Мәтіннен күрделі сөздері бар сөйлемдерді теріп жазу.

  1. Әке - шешем қойшы болды.2. 2. Айналаның бәрі - бұйра- бұйра құм.

Бағалау дескрипторы:

  • Бұлар қалай жасалып тұр? (қосарлану, қайталану арқылы)

Оқушылар байқағандарын қорытындылай отырып, ережені құрастырады.

Екі сөздің қайталануынан жасалған күрделі сөздерді қос сөздер деп атайды. Жазуда қос сөздің арасына дефис (- ) қойылады. Мая -мая, әке -шеше, құрал -сайман.






Ой сергек!

1. Нені қазып қала болған? (Жезқазған)
2
. Екі сөз бірігіп қалай сайрайды? (бұлбұл)
3. Екі қазанның бірі сатылып кеткенде, неше қазан қалады? (бірқазан)
4
. Баққаным әрі құс, әрі түйе. (түйеқұс)
5
. Суы да ала, тауы да ала,
Бар ма екен осыны білетін бала? (Алакөл, Алатау)

Сергіту сәті




41 – жаттығу. Ауызша

1 – топ: Қора – қора қой жатыр.

2 – топ: Қарын – қарын май жатыр. Ауыл – ауыл ел жатыр.

3 – топ: Түйе – түйе жүн жатыр.

А. Байтұрсынұлы

- күрделі сөзді тап. Қалай жасалып тұрғанын айт, мағынасын түсіндір.

- бір сыңарын алып тастапалып тастап айтып көр, не байқадың?

Бағалау дескрипторы:

  • Күрделі сөзді таба алады;

  • Дәлелдей алады







Оқылым
Жазылым

42 –жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жазу.

Бағалау дескрипторы:

  • Жатқа қатесіз әрі әдемі жазады;

  • Қос сөздерді тауып, астын сызады.







Үй тапсырмасы

45 - жаттығу.

  • Қарамен жазылған сөздерді қос сөзге айналдырып жазу;

  • Дәлелдеу




Сабақтың соңы

Жинақтау

5 мин


Қорытынды.

  1. Жеке жұмыс

Сонымен, бүгінгі сабақта не білдік, алдымыздағы парақшаны толтырайық.

  1. Атауы _____________________________________________

  2. Жасалуы____________________________________________

  3. Жазылуы______________________________________________




Бағалау

  1. «Шуақты күн» әдісімен оқушылар білімін қорытындылау

Жеке жұмыс.

Қос сөздің сыңарын тауып жазып, сөйлем құраңдар.

Үсті – ... Бес – ... Құрал – .... Сап – ... Ата - ... Жалт - ..., Салдыр - ..., Жап - .... Кіп - ... Қарқ - .... ... , Құрбы - ...

Сөйлем ішіндегі қос сөздердің сыңарын тауып жаз.

  1. Үйдің айналасы тап - ..., ... - жинақы.

  2. Қазы-..., жал-... қазанда бұрқ-... қайнайды.

  3. Үй ішінде жатқан нәрселер: ыдыс-аяқ, көрпе-жастық, көйлек-көншек дегендер.

Бағалау дескрипторы:

  • Қос сөздердің сыңарын табады

  • Сөйлем құрастыра алады.

Рефлексия

Мен үйрендім.... Маған қызықты болды....

Маған жеңіл болды.... Енді мен білемін...

Маған қызықсыз болды .... Маған қиын болды ...



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Топтық тапсырмалар беру. Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:
Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?