Файл: рметті атаана!!! кесі Анасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


7. Кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуының тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.

8. Кәмелетке толмаған бала келтірген зияны үшін жәбірленушіден өзі кешірім сұрайды.

9. Пробациялық бақылау осы Кодекстің 45-бабы екінші бөлігінің ережелері бойынша бір жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.

10. Осы Кодекстің 85-бабы бірінші бөлігінің б) және г) тармақтарында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын қолдану мерзімі кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған кезде ұзақтығы - алты айдан бір жылға дейін, орташа ауыр қылмыс жасаған кезде - бір жылдан екі жылға дейін және ауыр қылмыс жасаған кезде екі жылдан үш жылға дейін белгіленеді.

11. Кәмелетке толмаған бала тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын жүйелі түрде орындамаған жағдайда, егер қылмыстық жауаптылыққа тартудың белгіленген ескіру мерзімі өтпесе, мамандандырылған мемлекеттік органның ұсынысы бойынша сот бұл шараның күшін жояды және материалдар кәмелетке толмаған баланы қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жіберіледі.

 

  «99-бап» (96-бап)Адам өлтiру.

1 Адам өлтiру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтiру -

сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Кiсi өлтiру:

а) екi немесе одан көп адамдарды;

б) осы адамның қызметтiк iс-әрекетiн жүзеге асыруына не кәсiби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын;

в) дәрменсiз жағдайда екендiгi айыпкерге белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;

г) жүктi екендiгi айыпкерге белгiлi әйелдi;

д) аса қатыгездiкпен жасалған;

е) басқа адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен жасалған;

ж) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жүзеге асырған;

з) пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен немесе қорқытып алушылықпен ұштасқан;

и) бұзақылық ниетпен;

к) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекеттерiмен ұштасқан;

л) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық не қанды кек себебi бойынша;

м) жәбiрленушiнiң мүшелерiн немесе тінiн пайдалану мақсатымен жасалған;

н) бірнеше рет жасалған адам өлтіру;

о) көрінеу кәмелетке толмаған баланы өлтіру;

п) төтенше жағдайларда немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалған, -


мүлкiн тәркiлеу немесе онсыз он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, не өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

«106-бап» (103-бап) Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру.

1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру -

үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекет:

а) екi немесе одан да көп адамға қатысты;

б) адамның қызметтiк жұмысын немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты;

в) кiнәлiге дәрменсiз күйде екенi белгiлi, сол сияқты адамды ұрлауға немесе кепiлге алуға ұштасқан адамға қатысты;

г) аса қатыгездікпен;

д) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса;

е) пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша;

ж) бұзақылық ниетпен;

з) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпенділік немесе араздық себебі бойынша;

и) жәбірленушінің органдарын немесе тіндерін пайдалану мақсатында;

к) бірнеше рет жасалса;

л) көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалса,

м) төтенше жағдайларда немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалса,

-мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне әкеп соққан, не қылмыстық топ жасаған әрекеттер, -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сегіз жылдан он екі жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

«107-бап»  (104-бап) Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру.

1. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру -

бір мың айлық есептік көрсеткішге дейінгі мөлшерде айыпұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекеттер:

а) екi немесе одан да көп адамға қатысты;

б) адамның қызметтiк жұмысын жүзеге асыруға не кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты;

в) аса қатыгездiкпен, сол сияқты кiнәлiге дәрменсiз күйде екенi белгiлi адамға қатысты;

г) алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен, қылмыстық топпен;

д) бұзақылық ниетпен;

е) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни жеккөру немесе араздық тұрғысында;

ж) бірнеше рет жасалса;

з) көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалса -


екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыпұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
«188-бап» (175-бап)Ұрлық.

1. Ұрлық, яғни бөтен мүлiктi жасырын ұрлау -

мүлкі тәркіленіп бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бiрнеше рет;

в) тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлiк құралына заңсыз кiрумен;

г) ақпараттық жүйелерге заңсыз кіру жолымен, не ақпараттық-коммуникациялық желілер бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған -

мүлкі тәркіленіп үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Ірi мөлшерде жасалған ұрлық -

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Мынадай:

а) қылмыстық топ жасаған;

б) мұнай-газ құбырынан;

в) аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық, -

мүлкi тәркiленiп бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

«191-бап» (178-бап)Тонау.

1. Тонау, яғни бөтен мүлiктi ашық ұрлау -

мүлкi тәркiленiп екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

а) жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына қауiптi емес күш қолданумен, не осындай күш қолданамын деп қорқыту арқылы;

б) бiрнеше рет;

в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

г) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiрумен жасалған тонау -

мүлкi тәркiленiп үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Ірi мөлшерде жасалған тонау -

мүлкi тәркiленiп бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды:

а) қылмыстық топ;

б) аса iрi мөлшерде жасаса, -

мүлкi тәркiленiп жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


«192-бап»  (179-бап)Қарақшылық.

1. Қарақшылық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш көрсетумен немесе тiкелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау -

мүлкi тәркiленiп үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бiрнеше рет;

в) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiрумен;

г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданумен;

д) денсаулығына ауыр зиян келтіре отырып жасалған -

мүлкi тәркiленiп бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Мынадай:

а) абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып;

б) мүлiктi iрi мөлшерде ұрлау мақсатында жасаған қарақшылық -

мүлкi тәркiленiп жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды:

а) қылмыстық топ;

б) аса iрi мөлшерде жасаса, -

мүлкi тәркiленiп он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
«194-бап» ( 181- бап) Қорқытып алушылық .

1. Қорқытып алушылық, яғни бөтен мүлiктi немесе мүлiкке құқықты берудi немесе күш қолданумен не бөтен мүлiктi жоюмен немесе бүлдiрумен қорқыту арқылы мүлiктiк сипаттағы басқа да iс-әрекеттер жасауды талап ету, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның туыстарын масқаралайтын мәлiметтердi таратумен не жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулi зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi жариялау -

мүлкi тәркiленiп төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай жолмен:

а) күш қолдану;

б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

в) бiрнеше рет жасалған қорқытып алу -

мүлкi тәркiленiп үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Мынадай жолмен:

а) жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіріп;


б) ірi мөлшерде мүлiк алу мақсатында жасаған қорқытып алу -

мүлкi тәркiленiп бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды:

а) қылмыстық топ;

б) аса iрi мөлшерде жасаса, -

мүлкi тәркiленiп жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ата-ананың ақпарат алған жөнінде анықтама: Әкесі: _____________________________________________ _______( аты-жөнін өзі жазу керек) Анасы:____________________________________________________( аты-жөнін өзі жазу керек) Оқушы:___________________________________________________(аты-жөнін өзі жазу керек) "_____"______________2021 жыл

Құрметті ата-ана!!!

Әкесі:_______________________________________________________

Анасы:______________________________________________________

МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ ЕСКЕРТЕДІ:

Қалада жасөспірімдер арасында көп келенсіз жағдайлар мен қылмыс пен құқық бұзушылықтар сабақтаң соң болатындығы барлықтарыңызға мәлім . Сол себепті келенсіз жағдайлардың алдын алу , болдырмау мақсатында әр ата-ана өз баласының /қызының сабақ кестесінің соңғы сабақ аяқталу уақытын білуге және баланың / қызының уақытылы үйлеріне жеткендігі және бос уақытта немен айналасып жатқандығы туралы хабардар болу міндетті, себебі МЕКТЕПТІҢ АУЛАСЫНДАҒЫ ТЕМІР ҚАҚПАДАН ШЫҚҚАН СОҢ АТА-АНА баланың/қызының денсаулығы мен өмір қауіпсіздігіне тікелей жауапты екендігін тағы да ескертеді.

Ата-ананың алған жөнінде ақпарат:

Әкесі: _____________________________________________ _______( аты-жөнін өзі жазу керек)

Анасы:____________________________________________________( аты-жөнін өзі жазу керек)

Оқушы:___________________________________________________(аты-жөнін өзі жазу керек)

"_____"______________2021 жыл

Құрметті ата-ана!!!

Әкесі:_______________________________________________________

Анасы:______________________________________________________

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың , келенсіз жағдайлардың , зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында , зиянды әдеттерден ( темекі, алкогольдік ішімдіктердің, тақсикоманияның , т.б. ) сақтану масатында

МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ ЕСКЕРТЕДІ:

1. Қауіпсіз шараларды сақтау :

1. Көшеде, үй ауласында, т.б. жерлерде бөгде адамдармен сөйлеспеуін қадағалау; 2. Бөгде адамдарға үйдің есігін ашпауін қадағалау; 3. Ғаламтордағы бөгде адамдармен байланыс жасамауін қадағалау ( вацап, "ВК", "инстаграм , т.б. арқылы ) ; 4. Қалада жасөспірімдер арасында көп келенсіз жағдайлар мен қылмыс пен құқық бұзушылықтар сабақтаң соң болатындығы барлықтарыңызға мәлім . Сол себепті келенсіз жағдайлардың алдын алу , болдырмау мақсатында әр ата-ана өз баласының /қызының сабақ кестесінің соңғы сабақ аяқталу уақытын ( соңғы сабақтар :