Файл: Таырыбы Физика білгірлері интеллектуалды танымды сайысы. Сайысты масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: «Физика білгірлері» интеллектуалды танымдық сайысы.

Сайыстың мақсаты: Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Формасы: танымдық сайыс

Көрнекілігі: интерактивтік тақта, компьютер, слайдтар, эмблема, викториналық сұрақтар, тәжірибелік құралдар.

Сайыстың барысы: 

І. Ұйымдастыру. 

І. Ойынға қатысушыларды өз орындарына жайғастыру.

ІІ. Сайысқа қатысушының таныстыруы. 

ІІІ. Әділ қазылар мүшелерімен таныстырып өтейік.

 ІV. Сайыстың жоспарымен таныстыру

Жүргізуші: Жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар және сайысқа қатысушы топтар. Баршаңызда бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім,- деп Абай атамыз айтқандай, білім мен ғылымның тереңіне бойлау үшін өткізгелі отырған сайсымызды бастауға рұқсат етеңіздер.

Сайысқа қатысатын қатысушылармен танысайық.

Жүргізуші: Кім жеңді, кім жеңілді деп жүрмейік,
Әділ - қазы бағасына жүгінейік.
Сайысқа баға беріп, сөз айтатын,
Қазыларға төрден орын берейік – деп, әділқазы алқаларымен танысайық.
Қатысушылармен және әділқазы - алқасымен таныстық, ал енді «Физика білгірлері» атты сайысымызды бастаймыз.

Жүргізуші: Жүргізуші: Сайыстың бағдарламасында

1.Қатысушылардың таныстыруы

2.Сергіту сәті (логикалық сұрақтар)

3.«Бұл фокус емес, бұл – қызықты тәжірибе»

4.«Ғылымдар тоғысы»
Бірінші тур таныстыру.
Жүргізуші: Келесі турымыз «Сергіту»

Қазір қатысушыларымызға физика пәні бойынша логикалық сұрақтар қойылады. Қай қатысушы жалауды бірінші көтерсе, сол бірінші жауап беру құқығына ие болады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

Онда қатысушыларға сәттілік тілейміз.

Жүргізуші: Келесі турымыз «Сергіту»

Қазір қатысушыларға физика бойынша логикалық сұрақтар қойылады. Қай қатысушы таблоны бірінші көтерсе, сол бірінші жауап беру құқығына ие болады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.


Онда қатысушыларға сәттілік тілейміз.

1)Көзбен көресің, бірақ қолмен ұстай аламайсың. Ол не? (Көлеңке)

2)Жер қай уақытта тез қозғалады: күндіз бе әлде түнде ме? (Бірдей)

3) Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? (Үш)

4)Жердің қай жерінде ең ұзақ тәулік? (Барлық жерінде бірдей (24 сағ)

5)Нені қызған кезде соқ? (Темір)

6) Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? (Жоғары)

7)Таудан түскенде автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды? (артық дөңгелегі, запаска)

8)Нені көрсе періште жолдан таяды? (Алтын)

9) Қаранғы бөлмеде май шам және керосин лампасы тұр. Қайсысын бірінші жағу қажет. (сіріңке)

10)Отта жанбайды, суда батпайды. (Мұз)

11)Теңізде қандай тас жоқ. (құрғақ)

12)Қандай ыдысқа су құйылмайды? (Су толы ыдысқа)

13)Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? (Уақыт)

14)Ол өлі деп саналады, бірақ онсыз өмір пайда болмайды. (Ауа)

15)Кемпірқосақтың үстінгі жолағы қандай түсті? (Қызыл)

16) Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? 

Жауабы: екі сағат

17) Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? (егер оны мұз етіп қатырса)

Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену, жалықпау,- дегендей келесі кезеңіміз. «Бұл фокус емес, бұл – қызықты тәжірибе» деп аталады. Қазір сіздерге конверттер таратылады. Конвертегі тапсырмаларды орындауларыңыз қажет. Осы тапсырмадағы жоғарғы ұпай 5 балл. Берілетін уақыт 3 минут.

№1. Суы бар стакан, мұз кесектері, жіп, тұз. Осы заттарды пайдаланып, мұзды стаканнан алу керек.
Жауабы: тұздың әсерінен мұз ериді де, жіп мұзға кіріп, лезде салқындап жабысып қалады. (кристалдану, балқу)

№2. Шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады.

Себебі: Жұмыртқаның тығызыдығы судың тығыздығынан артық.

Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды.

Себебі: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды.

 №3. Стакан, су, қағаз. Стакандағы суды қағазбен жауып тұрып төңкергенде, су ақпайды. Неге? (Атмосфералық қысым төменнен жоғары қарай да әсер етеді)



№4. Тәрелке, сабын керек. Тәрелкеге су құйып, төгіп тастаймыз да, сабынды тәрелкеге қатты басып тұрамыз. Сосын сабынды көтергенде тәрелке бірге көтеріледі, неге? (молекулалардың өзара байланысы)

№5. Суы бар тарелкенің ішінен түйреуішті алу керек. Магнит бар.(Су ішіндегі темір түйреуішке, яғни су бетіне магнитті жақындатамыз, сонда түйреуіш су ішінен магнитке жабысады.. Магнит айналасында магнит өрісін тудырады, ол өріс су арқылы да тарайды.)

№6. ) Тапқыр қызметкеріне бір фирмадан шығарылған кегли шары күмәнді көрінді.Олардың салмағы ағаштан жасалған шарлардан айырмашылығы жоқ. Шарлар ауыр емес, бірақ қабырғаларының қаттылығы бірдей. Әр шардың ішінде тауар шығуға болатын кеңістік бар деп ойлады. Шындығында, кеден қызметкері еш құралдың көмегінсіз, қарапайым әдіспен 12 шардың біреуінде контрабандалық тауар бар екенін анықтады. Шарды ашқан кезде ішінде інжуден жасалған әшекей бар екен. Қалай анықтады?

( Кеден қызметкері шарларды суы бар шелекке салды. Біреуі суға салғанда шайқалақтады, оның тартылу күші нақ ортасында емес еді. Сол шарда тауар тығылған болып шықты.)

№7. Су құйылған тарелке ішінде тиын бар. Сұрақ: Тарелкедегі тиынды қолды суламай қалай алуға болады?

(Қағазды жағып, стакан ішіне саламыз. Стаканды тезірек тиынның жанына тарелке ішіне төңкеріп қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге толады да, тарелкедегі су оның ішіне жиналып, тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта қалады)
Командалар ойланғанша жанкүйерлермен ойын ойнасақ.

1.Жалғыз бағыт білері,

Бұрғанына көңбеді.

Жол көрсетіп береді,

Бірақ өзі көрмейді. (компас)

2. Көкке қараған,

Жұлдыз санаған. (Телескоп)

3. Туыстарын шетінен,

Өбеді де бетінен.

Бала – шаға ұсағын,

Бауырына қысады. (Магнит)

4. Күш көбейсе артады,

Ауқадан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Бірақ одан қорқады. (Қысым)

5. Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затқа болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл. (масса)

6. Жердің жүзін шарлайсын,

Онсыз еш жерге бармайсын.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсын, тыңдайсын. (жол)

7. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде

Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге (су)

8.Ол болмаса астың дәмі кірмейді,

Кім бар екен әлемде оны білмейтін (Тұз)

9. Сыныптан бір шықпайды.

Тимесең жұқпайды.

Жәрдемсіз бұл заттың

Оқушы сабақ ұқпайды. (Бор )

10. Өсімдікке нәр беріп, қуат болған,

Өнімі артып егістің қырман толған.

Бұл қандай зат!


Қанындай өсімдіктің бере тұғын химиктер жасап қолдан?

(Азот, фосфор, калий тыңайтқыштары)

Жүргізуші:
Танытқан бізге данагөй,
Атақты ғалым Фарадей.
Физика пәнін күш қылған,

Зеректі жанға ұқтырған – сайысымыздың келесі бөлімі «Ғылымдар тоғысы»: 5 баллдық жүйемен бағаланады.

Қызыл – биология: «Қара жәшік». Бұл жәшіктегі зат не сүрленген ет те емес, не балық та емес. (Тұздалған қияр) Қосымша қойылатын сұрақ қияр тұздау процесі қандай құбылысқа негізделген? (Диффузия)

Қоңыр: математика: Координаталар жүйесін ең алғаш енгізген адам кім? (Р.Декарт)

Сары: астрономия: Қандай металл ерте заманда «тәңірлік» деп аталды? (темір, өйткені ол метеориттерде кездеседі)

Жасыл: экология: Біз кейбір жабайы гүлдерді жұлу арқылы тек табиғатқа зиян келтіріп қана қоймаймыз, өзімізге зиянымызды тигіземіз. Неліктен? (15минуттан кейін өсімдік адам организміне зиянды улы газ бөліп шығарады. Адам оның иісінен уланады)

Көгілдір: география: Қай элемент жер қабатының атымен сәйкес келеді? (Литий, жер қабаты – литосфера, екі атау да гректің «литос» «тас» деген мағынаны білдіреді)

Көк: физика: Неге реактивті ұшақтар тек атмосфераның жоғарғы қабатында ғана үлкен жылдамдықпен ұша алады? (Ауа тығыздығы аз болғандықтан, қозғалысқа кедергі де аз болады)

Күлгін: химия:  Бұл элемент 1811 жылы ашылған. Ғалым бір ыдысты спиртте тұндырылған теңіз өсімдігінің тұнбасымен толдырады. Ал келесі ыдыста күкірт қышқылымен бірге темір болатын. Мысық секіріп, ыдыстарды құлатып жібереді. Ыдыстар сынып, ішіндегі сұйықтықтар араласып кетеді. Еденнен күлгін-көк түсті бу бұрқ етеді. Өткір иісті жылтыр кристалдар пайда болады.Пайда болған элемент және ғалымның аты? (Осылайша йод алынған болатын, грек тілінен аударғанда күлгін деген мағынаны білдіреді. Куртуа, француз)

Қорытынды. Әділқазыларға сөз беріліп, сайыс жеңімпазы анықталады.

Бұл сайысты мен Конфуцийдің мына сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Үш жол білімге жетелейді: ойлау – бұл ең тиімді жол, еліктеу – ең жеңілі, тәжірибе алу – бұл ең күрделі жол. Адам осы жолдардың қайсысымен жүрсе де, алған білімінің нәтижелі болғаны маңыздырақ». Сондықтан да кім жеңгені маңызды емес. Бүгін сіздер өздеріңіз күткен нәтижені алдыңыздар деп сенемін.