ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.04.2024
Просмотров: 35
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Кәсіби қазақ тілі
пәнінің
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
5B051500 – Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету
Көлемі 3 кредит
Алматы - 2016
Алғысөз
1 ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ
ЖАСАЛДЫ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ
Құрастырушылар:
Мұхатова О.Х. т.ғ.д., дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры
Булгауов Ш.Т. т.ғ.к., дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушысы
2 ПІКІР ЖАЗУШЫЛАР
Алтаев А.Ш., т.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры.
Жахина Б.Б., п.ғ.д., Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік университет қазақ филологиясы кафедрасы.
3 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «__» __ 2016ж. бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН
4 Типтік оқу бағдарламасы 5В051500 – мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету мамандығының Типтік оқу жоспарына сәйкес әзірленген
5 Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде ҚАРАСТЫРЫЛҒАН «__» _____2016 жылы ХАТТАМА №__
ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБА
Жоғары оқу орындарында «Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқыту – маман даярлау ісінің құрамдас бөлігі. Аталған пән студенттерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылатын қазақ тілін кәсіби мақсатта игеруге бейімдейді. Тілді кәсіби мақсатта оқыту арқылы мемлекеттік тілдің қоғам өмірінде және ғылым салаларында кеңінен қолданылуы қамтамасыз етіледі. Тілдік даярлық мамандарды жан-жақты әрі сапалы жоғары білім алуға мүмкіндік береді. Қоғамдық қатынастарда адамның ауызша және жазба мәдениетінің деңгейі кәсіби мамандануында және оның политілдік ортада қабілеттілік бәсекелестілігінде тиімді жетістікке жетуіне ерекше жағдай туғызады. Кәсіби біліктіліктегі іскерлік дискурс заңдылығын түсіну, оның лингвистикалық және мәдени ерекшеліктерінің қалыпты жағдайда қолданылуы маңызды. Оның әлеуметтік және қызмет көрсету салалары мамандықтары үшін маңызы зор. Сондықтан да кәсіби қазақ тілін оқыту болашақта коммуникативті және әлеуметтік-мәдени кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруға және дамытуға бағытталады. Архивист және құжаттанушы үшін қазақ тіліндегі кәсіби қабілеттілікті қалыптасытру оның ғылыми-зерттеушілік машығымен қатар біліктілігін жетілдіру үшін аса қажет.
«Кәсіби қазақ тілі» – мамандық бойынша оқытылатын кіріспе пәндермен сабақтас жүргізіледі. Студент мектеп бағдарламасы негізінде қазақ тілінің базалық (А1, А2) және орта (В1) деңгейлерін игерген жағдайда, тілдік біліктілігін біртіндеп ортадан жоғары (В2) және жоғары (С1) сатысына көтеруге мүмкіндік алады. Тіл үйренушінің сөздік қоры пәрменді кәсіби лексика, терминдермен толығады.
Негізгі мақсат – студенттің өз әрекетіндегі коммуникациялық әдетті дағдыландыру, олардың өз мамандық саласында дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру, студенттердің «Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша терминологиялық аппаратты тиімді меңгеруге бағытталған тілдік материалды игеру үшін мақсатты және жүйелі жұмысты жүргізу.
Курста өз мамандығы саласында қазақ тілін меңгеруге мүмкіндік туғызатын жалпытеориялық, грамматикалық, лексикалық тақырыптарды зерттейді.
«Кәсіби қазақ тілі» курсы базалық пән болып табылады.
Курсты зерттеу мұрағат қызметінің мамандарының және кәсіби әрекеттің құжаттамамен қамтамасыз ету саласының жалпыкәсіби және жалпымәдени ойлау кқұзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған, осыдан келіп мынадай жалпы және жеке міндеттер туындайды:
-
Студенттерді кәсіби қазақ тілінің теориялық және методологиялық негізімен таныстыру. -
Мәтіндік материалдармен мемлекеттік қазақ тілінде жұмыс істеуге үйрету, болашақ кәсіби әрекет саласындағы оқу және ғылыми мәтіндерге сараптама жасай білу. -
Мамандық бойынша ғылыми және оқу материалдармен жазбаша және ауызша формада жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Осыдан, тұтастай алғандай, «Кәсіби қазақ тілі» курсының бағдарламасының міндеттері шығады:
-
іскерлікке дағдыландыру, мамандығы бойынша кәсіби терминдермен жұмыс істеу;
-
кәсіби қазақ тіліне негізделген мерзімді баспа материалдарымен, мамандық бойынша ғылыми және оқу әдебиеттерімен жұмыс істеуге үйрету; -
мемлекеттік тілдегі «Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша ғылыми және оқу мәтінінің мазмұнына сараптама жасауға дағдыландыру; -
кәсіби тілді және оқуды жетілдіру: мамандық бойынша ғылыми және оқу әдебиеттерін оқу және тыңдау компетенциясы мен дағдысын қалыптастыру; -
кәсіби мемлекеттік қазақ тілінде белгілі бір әрекеттер саласындағы кәсіби проблемалар бойынша өзіндік ойын айта білу; -
студенттердің ойлау мәдениетін және іскерлігін тәрбиелеуі, кәсіби әрекеттерде, ғылыми негізде мемлекеттік қазақ тілінде жаңа білімді ұйымдастыруы және иеленуі; -
үздіксіз жетілдіру және оны өзінің кәсіби әрекетінде пайдалану мақсатында ғылыми сараптама әдісін және болжам жасауды меңгеру, кәсіби тілді дамыту; -
Курсты оқып-үйрену барысында студенттің кәсіби сөйлеу негіздерін және кәсіби салада қолданылатын қалыпты сөйлеу (этикет) үлгілерін қалыптастыру және дамыту.
Кәсіби қазақ тілін зерттеуде А1, А2 деңгейлерін меңгерген студенттер В1 деңгейінде мынаны істей алуы тиіс:
- Құжаттанушы мен мұрағаттанушының кәсіби қызметінде терминдер мен анықтамалармен жұмыс істей алу және меңгеру;
-
іскери қарым-қатынас және іс-қағаздарын жүргізу негіздерін меңгеру;
-
өзінің мамандық аясында кәсіби сөйлеу және жазба сөз машығын меңгеру; -
грамматикалық формалар мен синтаксистік түзілімдерді игеру және оны кәсіби коммуникацида, мұрағатшы және құжаттанушының кәсіби әрекетінде сауатты, іскерлікпен пайдалану; -
өзінің кәсіби қызметіндекәсіби, ғылыми деңгейде әңгіме, сипаттама, хабарлама, оқу, тыңдай білу тәрізді түрлерін; -
өздігімен түрлі ғылыми және оқу деректерімен, әдебиеттерімен жұмыс істеу және сараптай алуы тиіс. -
кәсіби қазақ тіліндегі хаттар мен айтылуы түзетуге берілген материалдардың, кез келген құжат материалының мәтінін құрудың грамматикалық сараптау негізін; -
кәсіби жазба тілінің, құжат мәтінінің орфографиялық нормаларын; -
мұрағаттанушы және құжаттанушының қызмет аясындағы кәсіби әрекеттің сөйлеу нормаларын; -
мұрағаттанушы және құжаттанушының қызмет аясындағы диалогтық және монологтық сөзді құру ережесін; -
мұрағаттанушы және құжаттанушының қызмет аясындағы кәсіби мемлекеттік қазақ тілінің фонетикалық, орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормаларын білуі тиіс.
Пререквизиттер: Қазақ тілі. Мемлекеттік тілдегі іс жүргізу
Постреквизиттер: Құжаттық лингвистика. Мұрағаттану. Құжаттану.
ПӘННІҢ ТАҚЫРАПТЫҚ ЖОСПАРЫ
№ | Тақырып атауы |
1 | Кіріспе. |
2 | Курс мазмұны құрылымының негізгі компоненттері |
3 | Кәсіби тілдің теориялық негізі |
4 | Құжат - кәсіби қазақ тілінің жүйелік объектісі ретінде |
5 | Кәсіби қазақ тілінің қазіргі жағдайы мен тәжірибелік қолдану тарихынан |
6 | Кәсіби қазақ тілінің дамуындағы құжаттың функциялары мен оның маңызы |
7 | Қазақтың кәсіби тілінің функционалды стилі |
8 | Кәсіби қазақ тілі - коммуникация және іскерлік қатынас құралы ретінде |
9 | Жазба сөз мәдениеті және кәсіби қазақ тілінің, қызметтік құжат мәтіндерінің мазмұнын құру ерекшелігі |
10 | Іскерлік қатынас пен коммуникация аясында кәсіби тілді қолдану тәжірибесі |
11 | Кәсіби қазақ тіліне негізделген басқару құжаттарының ресми-іскерлік стиліндегі сөздік нормалар және стандарттау |
12 | Кәсіби қазақ тіліндегі құжат құрылымы |
13 | Кәсіби қазақ тілінде қазіргі іскерлік хатты құрудың ерекшелігі |
14 | Қызметтік құжаттарды мемлекеттік кәсіби қазақ тілі негізінде редакциялау. |
15 | Кәсіби қазақ тіліндегі құжаттардың лингвистикалық алуан түрлілігі – әлеуметтік үдерістердің бейнесі ретінде |
16 | Кәсіби қазақ тіліндегі қазіргі замандағы терминдер архивтану және құжаттану бойынша зерттеулерде |
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
«Кәсіби қазақ тілі» пәнінің мақсаты – бакалавриат бөліміндегі архивтанушы және құжаттанушы мамандарды даярлау барысында әдеби тілдің лексика-грамматикалық, коммуникативті-этикалық нормаларын кәсіби деңгейде меңгерген, бәсекеге қабілетті тілдік тұлға қалыптастыру.
Пәнді оқытудың міндеттері:
-
танымдық қызығушылықты арттыру; -
қажетті ақпараттарды іздеп, табуға машықтандыру; -
табылған, ұсынылған ақпаратты талдай білуге баулу; -
ақпаратты ауызша және жазбаша баяндау шеберлігін шыңдау; -
мазмұны әр түрлі мәтіндерді дискурсивті түрде құрастыра білуге үйрету; -
әдеби норма, ғылыми стиль, терминжасам қағидаттарын практикада қолдануға дағдыландыру; -
қазақша-орысша, орысша-қазақша аударма жасау негіздерін үйрету; -
отандық және шетелдік кәсіби үрдістердің тәжірибесін тиімді қолдануға икемдеу.
Пәннің зерттеу нысаны. «Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша кәсіби ортада жиі қолданылатын пәрменді (актив) сөздер мен сөз тіркестері, кәсіби лексика, салалық ұғым, атаулар мен терминдер болып табылады.
«Кәсіби қазақ тілі» пәні ғылым саласы ретінде қазіргі қазақ тілінің салалық лексикасын, қолданбалы грамматикасын, әдеби тілдің этикалық нормаларын зерттейді. Пәнді меңгеру барысында маман алған білімін ғылыми, өндірісітік деңгейде тиімді пайдалануға қол жеткізеді.
Пәнді меңгеру барысында қалыптасатын дағдылар:
-
кәсіби деңгейдегі мәтінді іздеу, сұрыптау, дайындау, тексеру, аудару; -
ауызша және жазбаша мәліметерді қазақ тілінде еркін жеткізу; -
маңызды мәселелерді дәйектеп, қазақ тілінде ой-пікір білдіру; -
мамандыққа қатысты ақпараттарды өңдеу, жеткізу, жинақтау; -
мамандық бойынша білімін үздіксіз жетілдіру; -
кәсіби зерттеу нәтижелерін қазақ тілінде қорғау, жариялау; -
кәсіби ортаға еркін бейімделу, кәсіби қабілетін өзгелерге таныта білу және т.б.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Пәннің құрылымдық мазмұнының негізгі компоненттері
Мұрағаттық қызметтегі және түрлі әрекет саласындағы ақпараттық-құжаттамалық қамтамасыз етудегі кәсіби қазақ тіліндегі терминдер мен анықтамалар. «Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету» мамандығының кәсіби терминдерінің түсінігі. Мамандық саласындағы ауызша сөйлеу тілінің құзыреттілігі. Грамматикалық формалар мен синтаксистік түзілімдер және іскерлік, оларды кәсіби коммуникацияда сауатты пайдалану. Өз қызметінің аясындағы тіл формалары: әңгіме, сипаттама, хабарлама. Базалық пән ретінде «Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету» мамандарын даярлайтын оқу пәндерінің жүйесіндегі «Кәсіби қазақ тілі» курсының маңызы.
Зерттеу мақсаты. Әрекет аясындағы коммуникациялық дағдылары. кәсіби сөйлеу негіздері мен кәсіби аяда қолданылатын қалыпты сөйлеу үлгілері.
Тілдік материалдарды игеру бойынша жүйелік және мақсаттық қызметтің маңызы. «Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету» мамандығы аясында кәсіби қазақ тілін тиімді меңгерудің мақсаты.
Курсты оқып-үйренудің теориялық, грамматикалық, лексикалық негізі. Кәсіби қызмет аясындағы «Кәсіби қазақ тілі» және білім берудің бағдарламалық курсының негізгі міндеттері. Оқу қызметіндегі мамандық бойынша терминдермен, АКҚ материалдары, ғылыми және оқу әдебиеттерімен жұмыс. Мамандық бойынша кәсіби мемлекеттік тілде мәтін мазмұнына сараптама жасау формалары және тәсілдері. Маман қызметіндегі кәсіби жазба және ауызша сөздің рөлі және маңызы. Кәсіби тілдік ортадағы кәсіп пен мамандық. Мамандық бойынша сұхбаттасуда ғылыми және кәсіби ойды сараптау және сауатты бере білудің әдісі және тәжірибелік негізі.
Кәсіби мемлекеттік қазақ тілін қолдану аясында ойлау мәдениетіне қабілеттілікті дамыту, құзыреттілікті меңгеру және ғылыми негізде ұйымдастыру, жаңа білім алу. Мамандық қызметінде пайдалану үшін үздіксіз жетілдіру мақсатында кәсіби тілдің дамуына ғылыми сараптама және болжау жасау әдісі. Курстың басқа да пәндермен байланысы. Пәннің зерттеу нысаны және құрылымы. Қазіргі даму үдерістері. Қазіргі кәсіби қазақ тілінің теориялық және тәжірибелік мәселелері. Пәннің өзге ғылыми салалармен байланысы. Пән бойынша пайдаланылатын әдебиеттерге шолу. Зерттеу тақырыбының деректері мен әдебиеттері.
Курс мазмұны құрылымының негізгі компоненттері
Курстың оқу бағдарламасының негізгі міндеттері. Пәннің құрылымы. Кәсіби тілді қолданудың заңдылықтары мен заңдары. Курстың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негізі. Басқаруды ақпараттық-құжаттамалық қамтамасыз етудегі кәсіби тілдегі анықтамалар мен терминдер. Кәсіби тілдің негізгі түсініктері. Курстың анықтамасы мен терминдері. Пәннің өзге ғылымдармен, пәндермен өзара байланысы. Кәсіби қазақ тілінің тарих ғылымының мұрағаттану, құжаттану, мұражай ісі, кітапхана ісі және т.б. салаларында қолданылуы.
Зерттеу тақырыбының деректері мен әдебиеттері. Курс бойынша әдебиеттерге шолу. Кәсіби тілді қолдану аясы бойынша шетел мамандары мен ғалымдарының зерттеулеріне шолу.
Кәсіби тілдің теориялық негізі
Кәсіби қазақ тілі архивтану және құжаттанушы маманның коммуникативті құзіреттілігін қалыптастырудағы орны. Пәннің ғылыми танымдық мақсаттағы қабілеттілікті арттыруы. Архивтанулық және құжаттанулық тұжырымдық–методологиялық ұстанымдар мен тарихи зерттеу бағыттарындағы ғылыми тілдік аппараттың қалыптасу қажеттілігі. Салалаық ұғымдар мен түсініктердің қазақ тіліндегі кәсіби баламаларының жаңа қолданысы. Қазіргі қазақ тіл білімінің ғылыми-іскери лексикасы мен стилистикасын меңгерудің маңызы.