Файл: бекітемін ызылорда облысыны білім басармасыны ызылорда аласы бойынша білім бліміні осымша білім беру оудістемелік орталыы директоры М. Абдыкаликова.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.04.2024
Просмотров: 12
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«БЕКІТЕМІН» Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» директоры _________ М.Абдыкаликова |
«RoboDay» атты қала мектеп оқушылары
арасында қашықтан өтетін байқаудың
ЕРЕЖЕСІ
-
Жалпы ережелер-
Осы Ереже «RoboDay» байқауының (бұдан әрі – Ереже), қала мектептері оқушылар арасындағы «RoboDay» байқауының (бұдан әрі – Байқау) өткізілу мақсаты мен міндеттерін, уақыты мен өткізілу тәртібін анықтайды. -
Байқауға Қызылорда қалалық білім беру ұйымдарының 6-11 сынып оқушылары қатыса алады.
-
-
Байқаудың мақсаты мен міндеттері-
Байқаудың мақсаты – Қызылорда қаласындағы спорттық робототехникалық бағытты дамыту, білім беру ұйымдарындағы дарынды оқушыларды анықтап, оларды ынталандыру және насихаттау, қала мектептері арасында цифрлық біліктілікті анықтау. -
Байқаудың міндеттері:
-
-
байқауға қатысушылардың инженерлік, өнертапқыштық, шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға көмектесу; -
оқушылардың өзіндік іздену және бойындағы қабілетін арттыруға ынталандыру; -
заманауи жоғары технологиялық ақпараттық қоғамдағы қызмет мәдениетін және білім берудегі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін насихаттау;
-
Байқаудың ұйымдастыру комитеті-
Байқаудың ұйымдастыру комитеті – Қызылорда қалалық білім бөлімінің қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «iTIMAQORDA балалар технопаркі» бөлімі (бұдан әрі – iTIMAQORDA) болып табылады. -
Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін «iTIMAQORDA» бөлімінің қызметкерлерінен ұйымдастыру комитеті құрылады. -
Осы Ереже және байқауға қатысты барлық материалдар Қызылорда қалалық білім бөлімінің қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының facebook, instagram әлеуметтік желілерінде жарияланады;
-
-
Байқаудың өткізілу уақыты мен тәртібі-
Байқауға қатысу туралы өтінім 2022 жылдың Қазан айының 26-на дейін қабылданып, жарыс қазан айының 27-не Оқушылар сарайы ғимаратында өтеді. -
Қатысушылар өтінімін және жұмысын itimaqorda@mail.ru электронды почтасына жолдау қажет. -
Өтінімге келесі ақпараттар қоса тіркеледі:
-
-
Қатысушылар туралы мәлімет (оқушының Т.А.Ж, туған жылы, айы, күні, оқу орны, сыныбы, жетекшісінің Т.А.Ж, байланыс телефоны).
4.4. Байқау 3 категорияда: Робо-сумо, Кегельринг, Биатлон өтеді.
Әр категорияға тиісті ереже қосымшада берілген.
-
Байқау қатысушыларын марапаттау-
Байқау нәтижесі Қазан айының 27-не Қызылорда қалалық білім бөлімінің қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ғимаратында байқау аяқталған соң мараппатау рәсімінде белгілі болады. -
Байқауға қатысушыларды кәсіби қазылар алқасы бағалайды. Әділ қазылар алқасы жұмыстарды. Әділ қазылар шешімі хаттамамен рәсімделеді. -
Байқаудың жеңімпаздары және жақсы жұмыс көрсете алған жобалар Дипломдар мен Алғыс хаттармен марапатталады.
-
Анықтама телефондары:
87774224413 Абдуллаев Оралбек
87074807245 Раушанбек Бейбарыс