Файл: Малімні атыжні Жмабаева.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.04.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:

Жұмабаева .З.И

Пән/Сынып:

Қазақ әдебиеті, 9-сынып

Тоқсан

ІІ тоқсан

Тарау немесе бөлім атауы:

2-бөлім. Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Сабақтың тақырыбы:

Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»

Оқу мақсаттары:

9.Т/Ж1.әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау.

9. А/И1. эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау.

Сабақ мақсаты:

Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды.

Шығарма үзіндісінен композициялық амалдарды анықтайды.

Бағалау критериі:

  • әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды;

  • шығарма үзіндісінен композициялық амалдарды анықтайды;

  • шығармадан дәлел келтіре отырып талдайды.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың барысы


Мұғалімнің әрекеті

Оқүшының әрекеті

Ресурстар

10минут


Сабақтың басы

Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Сабағымыздың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»

Бүгінгі сабақта:

Сенің білетінің:

Шоқан Уәлиханов шығармашылығы

Сенің меңгеретінің:

  • әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;

  • шығарма үзіндісінен композициялық амалдарды анықтау;

  • шығармадан дәлел келтіре отырып талдау.




Презентация

10 минут

Сабақтың ортасы

Оқушыларға Шоқан Уәлиханов түралы беинеүзік көрсетіледі. Олар ои жинақтаиды..








10 минут


Тапсырмалар

1-тапсырма

Мәтінді оқып, негізгі ойын анықта.

Оқушылар Ш. Уәлиханов және «Ыстықкөл сапарының күнделігі» туралы берілген мәтінді оқып, не туралы жазылғанын ойланып, жазады.

Мәтін

XIX ғасырда Ресей империясы Орта Азия, Шығыс Түркістан өлкелеріндегі мемлекеттермен сауда және саяси қатынастарды орнату мақсатында зерттеу экспедицияларын ұйымдастырып отырды. Орыс Географиялық Қоғамының зерттеушілері аталған өлкелерге жасаған саяхаттары туралы құнды еңбектер қалдырған.

Ресей империясының офицері, қазақ халқының ғалым ұлы Шоқан Уәлиханов жазған «Ыстықкөл күнделігі» сол кездегі ең бағалы ғылыми еңбек болып табылады. Ғалым осы еңбегінде Тарбағатай, Жетісу, Жоңғар Алатауы, Қырғызстан жерлеріне жасаған сапарлары жайында, сол жерлердің климаты, халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, көптеген тарихи ескерткіштері туралы толық мәлімет береді.

Кейбір көңіл аударарлық тарихи ескерткіштердің суреттерін өз қолымен салады.
Дескриптор:

  • мәтінді түсініп оқиды;

  • көтерілген мәселені анықтайды;

  • ойын дәлелдейді.


Өзіңді тексер!

Шоқан Уәлиханов 1856 жылы Ыстықкөл аймағына сапарға шығып, жол бойы көрген-білгенін қағазға түсіріп, күнделік ретінде жазып отырған. 18 сәуір мен 23 маусым аралығында жазылған. Бұл сол заманға ерекше жаңалық болып енді. Сол заман демей-ақ қазірдің өзінде осындай әрі күнделік, әрі әдебиет, әрі тың зерттеу еңбегі ретінде жарық көрген осындай құнды туынды жоқ десе де болады. Зерттеуші осы еңбегінде Тарбағатай, Жетісу, Жоңғар Алатауы, Қырғызстан жерлеріне жасаған сапарлары жайында, сол жерлердің климаты, халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, көптеген тарихи ескерткіштері туралы толық мәлімет береді.








10 минут


Тәжірибе


2-тапсырма

Шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жаса.

Оқушылар Ш. Уәлихановтың «Ыстықкөл сапарының күнделігінің» 26 мамыр күнгі жазбасын оқиды.

Мамырдың 26-жаңасында маған Алатаү қырғыздарының жыршысы келіп кетті. Ол «Манас»дастанын жатқа аитады.Дастанның тілі аызекі сөзге қарағанда әлдеқада түсінікті.Жырдың қаһарманы Манас ноғалы.Тек оның мінез-құлқы шығыс халқына ұқсамады. Ол әкесіне тіл тиізіп , малын адап кетеді.Үлкенді сыилап,сыпаиылық танытү жағы нашар.Мұнысы бір қызық.Жалпы көшплі жұрт қарттықты қастерлеп ,қарттарды сыилаиды,олардың арасында ақсақалдан құрметті кісі жоқ.Дастанда Шү,Ташкент,Іле және Ыстықкөлде үш бірдеи халық ;ноғалар ,қазақтар, және қырғыздар тоқаиласады.
Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымы:

1.Оқиғаның басталуы

2.Оқиғаның дамуы

3.Оқиғаның шиеленісуі

4.Оқиғаның шарықтау шегі

5.Оқиғаның шешімі
Дескриптор:

  • сюжеттік-композициялық талдау жасайды;

  • ойларын дәлелдейді


Өзіңді тексер!
Оқиғаның басталуы

26-мамыр.Қырғыз жыршысының келүі

2.Оқиғаның дамуы

Манас жырын жырлаүы

3.Оқиғаның шиеленісуі

Жыр қаһарманының дөрекі мінезі

4. Оқиғаның шарықтау шегі

Шығыс халқының сыпаиы мінезі

5. Оқиғаның шешімі

Көл төңірегіндегі үш халық түралы пікір.


3-тапсырма.

«Дәйексөз» тәсілі

Шығармадан бірнеше үзінді берілді. Үзінді бойынша талдау жасау.

A. Сюжет: Әңгімелеуші кім? Осы сәтте не болып жатыр?

B. Интерпретация: Үзіндінің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады? Тақырыбы қандай?

C. Анализ: Автор қандай композициялық амал (пейзаж, портрет, теңеү, эпитет), қолданған?

Ақсү өзенінің ағысы қатты.Жағасы қызыл талға баи,әрі бір тегіс.Тақтадаи тегіс дала .Лепсіге деиін созылып одан Қисықаүыз талдарына ұласады..

Ақсүдан көзімізге Алатаүдың таүлы шыңдары шалынды.Одан әрі көгілдір талар асқақтап ,бұлтпен астасып кетеді екен. Әредік шыңдар бұлт арасынан жалт етіп шығып,көтеріліп келе жатқан күннің араиымен астасып алтын қызыл реңкке боялады. Сүреті көз қарықтырардаи ғажап.

Дескриптор:

  • шығарма үзіндісіне талдау жасайды;

  • Көркемдегіш құралды ажыратады;

  • шығармадан дәлел келтіреді.

Өзіңді тексер!

1.Әңгімелеуші Шоқан Уәлиханов. Лепсі мен Ақсүдан өтіп, , сол жердің табиғатын теңеулер қолдана отырып, керемет суреттеуде.

2.Менің ойымша, бұл үзіндінің маңызы Қазақстанның табиғатын ерекше әсерлеп суреттеуінде. Ақсүға деген сүйіспеншілігі,туралы айтылады.

3.Автор Шоқан Уәлиханов портрет, пейзажды, суреттеуді шебер қолданған. Оған дәлел ретінде үзіндідегі табиғатты суреттеуін алуға болады.









3минут

Сабақтың аяғы

Бекітү

Еркін жазү әдісі «Шоқан –тұңғыш саяхатшы»

Қорытынды: - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасауды;

- шығарма үзіндісінен композициялық амалдарды анықтауды;

- шығармадан дәлел келтіре отырып талдауды үйрендіңіздер.







2 мин




Қосымша тапсырма:

Шығарама бөліктерін толық оқу.