Файл: Pisa халыаралы зерттеулері жне математикалы сауаттылы бойынша тапсырмалар рылымы асытар.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.05.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

PISA Халықаралық зерттеулері және математикалық

сауаттылық бойынша тапсырмалар құрылымы

1. ҚАСЫҚТАР

Тапсырма жабық сұрақта

Ыстық суға металл қасық, ағаш қасық жəне пластмасса қасық салынды. 15 секундтан кейін ұстап көргенде, қай қасық ең ыстық болады?

A) Металл қасық.

B) Ағаш қасық.

C) Пластмасса қасық.

D) Үш қасықтың да ұстап көргендегі қызуы бірдей.



2. БӨЛГІШТЕР

Тапсырма ашық сұрақта

Дəурен - плита төсеуші. Ол еденге немесе қабырғаға плита

салғанда бөлгіштерді пайдаланады. Мұнда бөлгіштердің барлық үш түрі бар : "L" , "T" жəне "+" пішіндес.

Суретте үш түрлі бөлгіштердің 9 плитадан құралған шаршы пішіндес еденде орналасуы көрсетілген.

Осындай 16 плитадан құрастырылған шаршы пішіндес еденге "+" пішіндес неше бөлгіш қажет болады?

Толық жауабы: "+" пішіндес 9 бөлгіш қажет

Ескерту: Суретте масштаб ескерілмеген.

3. АЙНАЛМАЛЫ ЕСІК

Кіріс шығыс қалқалар

Айналмалы есік дөңгелек кеңістік ішінде айналатын үш ішкі есіктерден тұрады. Айналмалы есіктің Ішкі диаметрі 2 метр(200 см). Есіктің үш қалқасы кеңістікті өзара бірдей үш секторға бөледі. Төмендегі , жоғары жағынан қарағандағы түрмен берілген жоспар, есіктің қалқаларын үш түрлі қырынан көрсетеді.

кіріс

шығыс

Қалқалар

Сұрақ 1:Есіктің ішкі екі қалқасы арасындағы бұрыштың градустық шамасы қандай?
Сиптаттау: Шеңбер секторының центрлік бұрышын есептеу;

Математикалық сала: Кеңістік және форма;

Мәнмәтін: Ғылыми;

Оқу-танымдық әрекет түрі: Қолдану;

Сұрақ форматы: Құрылымдық;

Толық жауап: 120°;

Күрделілік: 561.3 (4 деңгей);

Қазақстандық оқушылардың дұрыс жауабы: Қазақстандықтарға берілген жоқ.


Сұрақ 2: Айналмалы есік минутына 4 толық айналым жасайды. Есіктің әрбір бөлік секторына

2 адамнан сиятын болса , 30 минут ішінде, осы есік арқылы, ең көп дегенде қанша адам кіре алады?
Сиптаттау: Ақпаратты анықтау жəне есепті шығару үшін сандық модель құрастыру.

Математикалық сала: Саны;

Мәнмәтін: Ғылыми;

Оқу-танымдық әрекет түрі:
Пайымдау;

Сұрақ форматы: Қарапайым сұрақты таңдау;

Толық жауап: 720 адам;

Күрделілік: 561.3 (4 деңгей);

Қазақстандық оқушылардың дұрыс жауабы: Қазақстандықтарға берілген жоқ.


2. ВЕЛОСИПЕДШІ АЙЖАН

Айжан жаңа велосипед сатып алды. Велосипедтің рулінде жылдамдық өлшегіш (спидометр) қондырылған.

Жылдамдық өлшегіш Айжан велосипедпен жүріп өткен қашықтық пен жолдағы орташа жылдамдықты көрсетеді.
Жолда Айжан алғашқы 10 минутта 4 км жүрді жəне содан соң

келесі 5 минутта 2 км жүрді.

Сұрақ 1: Келесі айтылғандардың қайсысы дұрыс?

1. Айжанның алғашқы 10 минуттағы орташа жылдамдығы

келесі 5 минуттағыға қарағанда артығырақ болған.

2. Айжанның орташа жылдамдығы алғашқы 10 минут пен

келесі 5 минутта бірдей болған.

3. Айжанның орташа жылдамдығы алғашқы 10 минутта

келесі 5 минуттағыдан азырақ болған.

4. Берілген ақпараттан Айжанның жылдамдығы туралы

ештеңе айту мүмкін емес.
Сипаттау: Уақытты және жүрген жолдың орташа жылдамдығын жылдамдығын есептеу;

Математикалық сала: Өзгерістер мен қатынас;

Мәнмәтін: Жеке бастық;

Оқу-танымдық әрекет түрі: Қолдану;

Сұрақ форматы: Жауапты таңдау;

Күрделілік: 696,6 (6 деңгей);

Толық жауап: Айжанның орташа жылдамдығы алғашқы 10 мин. пен келесі 5 мин. бірдей болған.

Қазақстандық оқушылардың дұрыс жауабы: 52 %

Сұрақ 2: Айжан өз велосипедімен үйінен 4 км қашықтықтағы жатқан өзенге дейін барды. Оған 9 минут қажет болды. Бұдан соң , ол үйіне 3 км қысқа жолмен қайтты. Бұл үшін оған 6 минут қажет

болды. Айжанның өзенге дейінгі жəне кейін қарай қайтқандағы орташа жылдамдығы (км/сағ) қандай?
Сипаттау: Екі жүріп өткен жол мен кеткен уақытты ескере отырып, екі жолдың орташа жылдамдығын есептеу.

Математикалық сала: Өзгерістер мен қатынас.

Мәнмәтін: Жеке бастық.

Оқу-танымдық әрекет түрі: Қолдану.

Сұрақ форматы: Құрылымдық.

Күрделілік: 696,6 (6 деңгей).

Толық жауап: 28 км/сағ.

Қазақстандық оқушылардың дұрыс жауабы: 20 %

3. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Төменде 7 аймақтағы тұрғындар саны мен жұмыспен қамтамасыз етілу туралы мəліметтер көрсетілген. Жұмыc күші ретінде саналмаған адамдардың ішіне балалар, үйдегі ата-аналар жəне зейнеткерлер кіреді.




6

7

5

3

4

2

1


Аймақтар картасы

Мәліметтер кестесі

АЙМАҚТАР

ЖАЛПЫ ХАЛЫҚ САНЫ

ЖҰМЫС КҮШІ

(балалар, үйдегі ата-аналар жəне зейнеткерлерді қоспағанда)


Жұмыспен қамтылған адамдар саны

Жұмыспен қамтылмаған адамдар саны

Желтоқсан 2009

Желтоқсан 2010

Желтоқсан 2009

Желтоқсан 2010

Желтоқсан 2009

Желтоқсан 2010

1

24 811

24 916

14 227

14 328

440

591

2

45 901

47 795

21 119

22 157

1 081

1 528

3

5 508

5 563

2 889

2 928

133

180

4

33 082

35 858

15 599

15 558

821

1 164

5

72 811

76 241

34 858

34 929

2 225

2 593

6

52 400

52 584

27 031

26 872

2 756

2 365

7

15 429

16 592

7 879

8 070

354

445


Сұрақ 1: Жұмыспен қамтамасыз етілу туралы мәлімет

2010-жылдың желтоқсанында қай аймақта жұмыссыз адамдардың ең көп саны болған?

Аймақтың нөмірі: ................
Сұрақ 2: Жұмыспен қамтамасыз етілу туралы мәлімет

2009 жылғы желтоқсан айында 2 аймақтағы жұмыс күшіндегі адамдардың жалпы саны қанша болды?

Адамдардың жалпы саны: .................
Сұрақ 3: Жұмыспен қамтамасыз етілу туралы мәлімет

Мəліметке қатысты мына келесі пайымдаулар дұрыс па?

(Әрбір пайымдауға «Иə» немесе «Жоқ» деген жауаптың бірін айналдыра қоршап, сызыңыз):


Пайымдау

Жауап

2009 жылдың желтоқсаны мен 2010 жылдың желтоқсаны аралығында барлық аймақтардағы жалпы халық саны артқан.

"иә" немесе "жоқ"

2010 жылдың желтоқсанында 1 аймақта жалпы тұрғындардың жартысынан астамы жұмыспен қамтылған

"иә" немесе "жоқ"


Сұрақ 4: Жұмыспен қамтамасыз етілу туралы мәлімет

Төмендегі сұраққа жауап беру үшін аймақтар картасын жəне мәліметтер кестесін қолданыңыз:

1, 2, 3 немесе 4 аймақтарының қайсысында 2010 жылдың желтоқсанында халық тығыздығы ең үлкен болған (ауданға шаққандағы адам саны)?

A) 1 аймақ

B) 2 аймақ

C) 3 аймақ

D) 4 аймақ
4. ПЛИТКАЛАРДАН ЖАСАЛҒАН ОЮ

С ұрақ 1: Плиткалардан жасалған ою

Суретте өрнегі бар кафельді плитканың үлгісі бейнеленген:
Сурет 1
Келесі оюлардың қайсысын 1 суретте бейнеленген үлгідегідей 4 плиткадан қосып жасауға болмайды?





А В





С D
A) A

B) C

C) D

D) B

5. ЖЫЛУ ЖОЛЫ

Сұрақ 1: Жылу жолы

Төрт үй , қабырғалары 12 км жəне 5 км тіктөртбұрыштың төбелері болатындай орналасқан.

Осы тіктөртбұрыштың центрінде жылу станциясы орналасқан. Төменде осы үйлерді жылу станциясына қосатын құбыр жүргізудің төрт түрлі сызбасы берілген: