Файл: Тсінік хат зектілігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.05.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Түсінік хат

Өзектілігі: Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады»

Қазіргі таңдағы «Рухани жаңғыру» аясында жүргізілуге тиісті іс-шараға да өз үлесін қоса алады. «Қазақ ертегілер театры» атты 5- 6 жастағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны әртүрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы кіріктіру жолдарымен іске асырылатын: «Денсаулық», «Коммуникация» , «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» бес білім беру саласына негізделген. Ауыз әдебиеті қай елде болса да аса қымбат, аса қасиетті, ол өзі халқымен жасап, бірге көркейіп, бірге ілгері жылжып отырады.

Бүгінгі таңда баланың қиялы мен ойлау негізі басты мәселе. Тәрбие барысында балалардың бойындағы адами құндылықтар басты орын алады. Сондықтан ертегі оқыту, оның негізгі идеясы арқылы балалардың шығармашылыққа жетелеу болып тұр. Достарымен көп бөлісетіндігі қуантады. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік сияқты тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Алғашқы ертегілері де естерінде бар. Бұдан шығатан қорытынды ертегі балалардың тәрбиесіне, біліміне негіз болады деген ойға келдік.

Бағдарламаның мақсаты:

Мектепке дейінгі жасындағы балаларды топтастырып, бірге ертегіні сахналауға, рөлдерді орындауда икемділік, шынайлық, бірлесіп әрекет етуге үйрету, тіл байлығын дамыту.

Бағдарламаның міндеттері:
1. Балалардың тілін, сөйлеу мәдениеті мен ой - өрісін, дүниетанымын дамыту.

2.Балаларды адамгершілікке баулу, нақты сөйлеуге, салмақты ой айтуға баулу.

3.Баланың қиялын есте сақтауын, шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру.

4.Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Кез – келген халықтың ауызша шығармашылығында ертегінің ең танымал жанры-елеулі орын алады. Ертегі-көркем-әдеби жұмыс. Ол өскелең ұрпақ үшін тәрбие құралы болып табылады. Балалар мен ертегі бөлінбейді, олар бір-біріне арналған. Сондықтан да өз халқының ертегілерімен танысу әр баланың білім беру және тәрбиелеу курсына кіреді.

Мектепке дейінгі жасөспірім – әрбір адамның өміріндегі ең жауапты кезеңдердің бірі. Дәл осы жылдары баланың денсаулығы, үйлесімді ақыл-ой, адамгершілік және дене дамуының негізі қаланады, адамның жеке басы қалыптасады. Жаңа заманауи технологияны қолдану, қоғам дамуының қазіргі кезеңінде тәрбиеші-педагогтар балалардың жақсылық, бақыт, қиял-ғажайыптар, яғни ертегіге деген сенімін сақтап, балалар үшін ертегі жасауға тырысамыз және сүйікті кейіпкерлердің балалар мерекелеріне қатысуына да ықпал жасаймыз.

Бір ұрпақ қазақ халық ертегілерінде тәрбиеленді.

Көптеген қазақ ертегілерінің басты кейіпкері-Алдар Көсе: өте мейірімді және дана, әрқашан жақындарына көмектесуге дайын. "Алдар Көсе және ашкөз бай", "Қожанасырдың тойға баруы", "Сиқырлы тон" және т.б. ертегілердің бейнесі, айқындылығы, терең мағынасымен ерекшеленеді. Олар еңбексүйгіштік, мейірімділік, қамқорлық, батылдық сияқты жағымды қасиеттерді тәрбиелейді.

Ертегіні меңгерудің және танысудың белсенді формаларының бірі-ойын-драматизация. Ойын-драматизация балаларға әдеби шығарманы бастан өткеруге және ұғынуға, оның бейнелерін түсінуге және одан әрі оны жақсы жаңғыртуға көмектеседі. Дидактикалық, сюжеттік және үстел үсті ойындары балаларды ойлауға және өз ойын білдіруге үйретеді және сол арқылы мәтінді дұрыс қабылдауға және ойнатуға көмектеседі.

Балалардан ертегіні оқығаннан кейін бірден айтуды талап етпеу керек. Мектепке дейінгі балаларды осы қызмет түріне дайындау қажет. Қайта болжау эпроцесін дұрыс ұйымдастыру өте маңызды. Баланың естігенін өзі айту қиын: қойылған сұраққа бала нақты жауап беру үшін тәрбиеші көмектесіп, сөздің грамматикалық құрылымын, сөздерді өзгерту немесе сөйлем құрудағы қателерді түзету үшін де қолданылады. Әр баланы жеке тұлға ретінде, оның шығармашылық әлеуметін, қабілеттілігімен қызығушылықтарын дамыту мақсатында құрылған перспективтік жоспар 5-6 жасар балаларға арналған. Оқу жылына 32 сағат жоспарланған, аптасына 1 ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өткізіледі, бағдарлама 3 бөлімнен құрастырылған. Бұл бағдарламаның негізін құрайтын халық ауыз әдебиетінің түрі ертегілер. Ересек топтарында 25 минут (жылына 32 сағат), бағдарлама іс-әрекет арасындағы байланысты іске асыруды есепке алғанымен құрастырылған.


Күтілетін нәтиже:

-Театр, оның түрлері туралы түсініктері болады.

-Қазақ тіліндегі сөздік қоры молаяды.

-Диалог бойынша сөйлесу арқылы тіл мәдениетін жетілдіріледі.

-таныс сюжеттер бойынша қойылымдарды сахналай алады

-мәнерлілік құралдарын меңгереді

-жеке шығармашылық қабілеттерін танытады

-режиссерлік әрекетке қызығушылық танытады

-ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез- құлықдағдыларын меңгереді

-өз ойын айта алады, басқалардың пікірін тыңдай біледі

-әдеби кейіпкерлерді адамгершілік ережелері мен түсініктері тұрғысынан бағалай алады

5-6 жастағы балаларға «Қазақ ертегілер театры » дамыту бағдарламасының тақырыптық жоспары



Тақырыптары:

Мақсаты

Мазмұны

Сағаты:

1.

Хайуанаттар туралы ертегілер/

«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісімен таныстыру/ сахналау

(бетпердешелер)

Ертегідей кейіпкерлерді рөлдерге бөліп ойнау, сахналау арқылы, қызығушылығын арттыру

театр, хайуанаттар, сахна, бетпердешелері, әр балаға арналған мазмұнды суреттер, сиқырлы кілем, жеке жұмыс жасау.

2

2

« Түлкі мен тырна» таныстыру/ сахналау (бетпердеше)

Ертегі желісі бойынша тапсырмалар үйрету арқылы кейіпкерлерді достыққа шақыру. 

театр, хайуанаттар, сахна, бетпердешелері, әр балаға арналған мазмұнды суреттер, жеке жұмыс жасау.

2

3

« Күшік пен мысық» таныстыру/ сахналау

(қуыршақ театры)

Ертегі желісі бойынша тапсырмалар үйрету арқылы кейіпкерлерді достыққа шақыру. 

қуыршақ театры, үй жануарлары, сахна, денсаулық сақтау технологиясы

2

4

«Түлкі мен жолбарыс» таныстыру

(ертегілерді сахналау)

Балалардың қиялының дамуына, көркем әдеби сөйлеу шеберлігінің дамуына ықпал ету.

театр, хайуанаттар, сахна, ертегілерді сахналау(киімдер)

2

5

« Қасқыр мен қозы» таныстыру

(ертегілерді сахналау)

Ертегілер кейіпкерлерін таныту, оларды дұрыс ажырата білуге үйрету

әлемдегі жануарлар, денсаулық сақтау технологиясы, ертегілерді сахналау(киімдер)

2

6

«Арыстан мен түлкі» таныстыру

(ертегілерді сахналау)

Қазақ халық ертегілерге қызығушылыққа тәрбиелеу,қоршаған әлемдегі жануарларды ажыратып тануға деген түсініктерін кеңейту

сахна, хайуанаттар, ертегілер сахналау, (киімдер)

2

7

Тұрмыс салт-ертегілер/ «Мақта қыз бен мысық» таныстыру/сахналау

(бетпердешелер)

Ертегі мазмұнын түсіндіріп,өз ойымен жеткізе білуге үйрету


салт-дәстүр, театр, бетпердешелері, сахна, видео, игровизорлар.

2

8

«Ұр тоқпақ» таныстыру

(ертегілерді сахналау)

Балалардың қызығушылықтарын арттыру , ертегі кейіпкерлерінің қылықтарынның жағымды жағымсыз тұстарын сезіне білуге тәрбиелеу. 

ертегілер сахнасы, театр, салт-дәстүр

2

9

«Торғай мен адам» таныстыру/сах-налау

(бетпердешелер)


Түрлі рөлдерді ойнай отырып, ертегінің түрлі кейіпкерлерінің бейнесіне енуге жағдай жасау

театр, құстар, сахна, бетпердешелер

2

10

«Зеріктік» таныстыру/сах-налау

(көлеңкелі театры)

Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеуге, диалог сөздерді мәнеріне келтіре айта білуге үйрету, есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту.

көлеңкелі театр, сахна, салт-дәстүр

1

11

«Үш жалқау»

(ертегілерді сахналау)

Балаларға ертегіні таныстыра отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру

ертегілер сахнасы, театр

1

12

«Алтын сақа» таныстыру/ ертегілерді сахналау

Ертегінің мазмұнын айтуға үйрету,сөздеріне байланысты қимыл

жасауға жаттықтыру

театр, ертегілер сахнасы, салт-дәстүр

1

13

«Адал дос» ертегілерді сахналау

«Дос», «достық» құндылығы туралы түсінік беру, жаңа материалды көрнекіліктер арқылы түсіндіру, сұрақтарға жауап алу, сөйлемдерді аударту, сөздікдерді қайталау, суретпен жұмыс орындату, орысшадан-қазақшаға аударту.

ертегілер сахнасы, суретпен жұмыс, театр, әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату, аударма өзара сөйлестіру әдістері қорытындылау.

1

14

Қиял-ғажайып ертегілер/ «Ақыл, ғылым, бақыт» таныстыру/ сахналау

(бетпердешелер)

Балаларды  ертегі  мазмұнын түсініп  оны  әңгімелеуге,  диалог сөздерді мәнеріне келтіре   айта  білуге  үйрету.

театр, сахна, бетпердешелер,

1

15

«Алдар Көсе мен бай» ертегілерді сахналау

Балаларға ертегі туралы айту, оның түрлерін бөле білу. Ертегілердің кейіпкерлеріне мінездеме бере білуге,сахналауға үйрету.

театр, сахна, ертегілер сахнасы , түсіндіру, сұрақ - жауап, ой бөлісу,ойын технологиясы, ертегілерді сахналау

1

16

«Қожанасырдың май сатып алуы» ертегілерді сахналау

Адамның киіміне қарап емес адамгершілігіне қарап баға беруге үйрету

театр, ертегілер сахна,

1

17

«Өлген қазан» ертегілерді сахналау

Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге,ертегі туралы түсініктерін, сөйлеу мәдениетін еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жекізуге үйрету.Адамның теріс қылықтарын көре білуді қалыптастыру

театр, ертегілер сахнасы, арнайы костюмдер, қиял-ғажайып ертегілер

1

18

«Бір пұт мақта ауыр ма,темір ауыр ма?» ертегілерді сахналау

Қиял ғажайып ертегіні оқып беру арқылы түсініктерін

қалыптастыру.

ертегілер сахнасы, арнайы костюмдер

1

19

«Оқымысты қоян» ертегілерді сахналау

Балалардыңбойындаертегілертуралытүсініктерінкеңейту.

ертегілер сахнасы, арнайы костюмдер, жануар

1

20

«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» сахналау

(саусақ театры)

Балалардыңбойындаертегілертуралытүсініктерінкеңейту.

саусақ театры, жәндіктер, сахна

1

21

«Қарлығаш пен дәуіт» сахналау (бетпердешелер)

Кейпкерлердің дауыс ырғағын, мимикасын көрсетуге жаттықтыруды дамыту.

сахна, құстар, жәндік, бетпердешелер

1

22

«Қожанасырдың тойға баруы» ертегілерді сахналау

Қожанасыр туралы қысқаша мәлімет беру, түсініктерін қалыптастыру. Адамның киіміне қарап емес адамгершілігіне қарап баға беруге үйрету.Адамның бойындағы қасиетін танып, көре білуді меңгерту.

ертегілер сахнасы, арнайы костюмдер, күлдіргі ертегі

1

23

«Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай»ертегілерді сахналау

Ертегінің басты кейіпкерлерінің мінез-құлқына баға бере отырып, өз ойларын жеткізе білуді оқыту

ертегілерді сахналау, арнайы костюмдер, кейіпкерлер

1




Барлығы:

32



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы. – Астана, 2016. – 14б.

2. Мадиходжаев М.Т.. Қазақ ертегілері. - Шымкент. 1998. -128 б.

3. Мәзбаева Ж. Қазақ ертегілері. - Алматы. 2006.- 186 б

4. Из творчества педагогов.- Астана 2016.- Сборник материалов 14-часть.

5. ҚР Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.- Астана, 2016.-102 б

6. Қирабаев С.. Мырзалиев Қ.. Қазақ әдебиеті.- Алматы, - 2001.- 25 б

7. Алақай хрестоматиясы. - Алматы , Көркем сөз әлемі, 2016. 67 б

8. Мен және бәрі, бәрі, бәрі. - хрестоматиясы. - Алматы , - 2006.- 11 б

9. Әмірова Ә.. Дәстүрлі тәрбие. Алматы. - 2006. - 99 б

10. Қожахметова Х.. Мәнерлеп оқу. - Алматы, - 1982 . - 105 б

11. ҒабдуллинМ.. Қазақ халықының ауыз әдебиеті. - Алматы, - 1964.-48 б .

12. Нүсіпбекова М.И., Сейілгазинова С.А. Қарлығаш хрестоматиясы. - Астана, – 2007. - 10 б

13. Халық ауыз әдебиеті. - Алматы, - 1974.- 35 б

14. Алябьева. Е.А.. 4-7 жастағы балалардың тілдерін және қиялдарын дамыту. – М,2005.-125б.