Файл: за мерзімді жоспар блімі іі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.05.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: ІІ

Мектеп: 173




Мұғалімнің аты-жөні: Байданова Ботагоз Уразалиевна

Сынып: 11 А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:




Сабақ тақырыбы

Виртуалды шындықтағы адам




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.3.3.1 таңдау және қайталау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасыныңда қолдану

Сабақ мақсаты

  • «Тармақталу» түсінігін білу

  • Тармақталу түрлерін білу

  • Тармақталуға блок-схема құру және талдау;

  • Есепті шешуде тармақталу қолданып алгоритм жазу.

Бағалау критерийлері

  • «Тармақталу» түсінігін түсіндіре алады

  • Тармақталу түрлерін ажырата біледі

  • Тармақталуға блок-схема құрады және талдайды;

  • Есепті шешуде тармақталу қолданып алгоритм жаза алады.


Сабақ барысы




Сабақ кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер


Оқу ресурстары

Сабақтың басы


  1. Ұйымдастыру сәті


Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстырады


Презентация

Сабақтың ортасы


  1. Сыныппен жұмыс: тірек сызбамен жұмыс

Оқушыларға тірек сөздер берілген: тармақталу операторы, егер, онда, әйтпесе

Оқушылар тірек сөздерді пайдалана отырып, тармақталу операторының анықтамасын құрастырады.



  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Тармақталу түрлері – толық және толық емес

Толық және толық емес тармақталу операторларының блок-схемаларының үлгілерін көрсету.

Оқушылар 2 блок-схеманы талдап, 1 суретте толық тармақты деп көрсетуі керек, ал 2 суретте толық емес тармақталған конструкция екенін анықтаулары қажет.
(?) Сыныпқа сұрақ: Кейбір конструкциялар қашан пайдаланылады?
Толық тармақ, егер шарт ақиқат болған жағдайда бір командалар сериясын орындау қажет, егер шарт жалған болса келесі командалар сериясы орындалады
Толық емес тармақ, егер шарт ақиқат болған жағдайда команданы орындайды және жалған жағдайда ештеңе орындалмайды
 

  1. Жұппен жұмыс істеу (қалыптастырушы бағалау)

Оқушылар есептің шартын анықтайды және бок-схеманың соңғы нәтижесін анықтайды. Сонан соң программа кодын талдайды
(а) (в)



  1. Сыныппен жұмыс. Оқушылардытармақталу операторларымен таныстыру: if, then, else




  1. Жеке жұмыс

Оқушылар таратпа материалдағы әртүрлі қиындықтағы деңгейлік тапсырмаларды орындайды

1) Блок-схемада көрсетілген есептің шартын анықтаңыз:


Жауап: Үй тапсырмасын орындау алгоритмі
2) Есепті шығару блок-схемасын сал және компьютерде программалық кодын жаз
А) Сан енгізу. Егер ол сан теріс емес болса оған 10 санын қосу, басқаша жағдайда 10 санын алып тастау.
В) Қолданушының жасын сұрайтын, жасына сай кәмелеттік жасқа толғанын немесе толмағанын анықтайтын программа жаз.

Презентация


Программалық код

Программалау тілдері

Деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың соңы


  1. Рефлексия.

«Бес минуттық эссе». Оқушылар «Бүгінгі сабақта алынған білімді қайда пайдалана аламын?» тақырыбына эссе жазады. Тармақталу операторын пайдалануы жайлы


Презентация