ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.05.2024
Просмотров: 6
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Сіз тез тіл тапқышсызба»
Кейбір адам ашуын өзге біреуден алуға дайын тұрса, енді бірі, керісінше, сабырлы болады. Ал үшінші бір адамдар іштей қатты ашуланса да, сырттай жайдары көрінуге тырысады. Ал, сіз ше? Тез ашуланасыз ба? Бұл сұрақтың жауабын білмесеңіз, төмендегі тестінің көмегіне жүгініңіз.
1. Жарыста жеңіске жеттіңіз. Қуанышыңызды қалай көрсетесіз?
а) Дастархан жайып, барлық танысымды шақырамын;
ә) Іштей масаттанып қаламын;
б) Алақайлап секіруге дейін барамын.
2. Сүйіктіңіз сабағы немесе жұмысына бола сізге назар аудармайды.
Оның бұл қылығын қалай қабылдайсыз?
а) Ұрыс шығарамын;
ә) Оған үндемеймін, бірақ ренішімді көрсетемін;
б) Өзіме назар аудартуға тырысамын.
3. Көлік жууда көлігіңіздің сырты сырылып қалды. Мұндайда не істейсіз?
а) Ешнәрсе;
ә) Сыртын боятуға ақша талап етемін;
б) Өз ақшама боятамын.
4. Кішкентай кезіңізде үй тапсырмасын қалай орындайтын едіңіз?
а) Көбінесе аулада ойнап жүретінмін;
ә) Берген тапсырманы мұқият орындаймын;
б) Көңіл-күйіме байланысты орындаймын.
5. Супермаркет кассасында бір адам кезектен тыс өтіп бара жатқанын көрдіңіз.
Не істейсіз?
а) Егер қолындағы заты аз болса, үндемеймін;
ә) Кезекке тұруы керек екенін айтамын;
б) Басқа кассаға өтемін.
6. Серуендеп жүрген кезіңізде жаңбыр жауып кетті.
Сіз не істейсіз?
а) Ары қарай серуендей беремін;
ә) Қалқаға тығыламын;
б) Үйге қайтып ораламын.
7. Қандай жануармен бірге тұра алар едіңіз?
а) Мысықпен;
ә) Сенбернармен (ит);
б) Тотықұспен.
Әр «а» жауабына – 1 ұпай, «ә» жауабына – 2 ұпай, «б» жауабына – 3 ұпай беріңіз.
Тест жауабы:
7-11 ұпай. Кейде болмашы дүниелерге бола ашуланатын кездеріңіз болады. Артынша бұл әрекетіңізге бола ұяласыз. Кеңес: ашуланбас бұрын барлығын таразылап алыңыз.
12-16 ұпай. Ашуыңызға тисе, дауыс көтеруге дайынсыз. Алайда жағдайды дұрыс бағалайсыз. Ашуландыратын адамдарға да ақырын сөйлеуге дайынсыз.
17-21 ұпай. Сізді ашуландыру қиын. Үнемі кешірім сұрап жүресіз. Біреу ренжітсе, үнсіз қаласыз. Ішіңіздегіні сыртқа шығармайсыз.
-
Сіз іскерлік кездесуге бармақсыз. Мұндай кездесу сізді қобалжыта ма? -
Дәрігерге баруды ауруыңыз асқынғанша кейінге қалдырасыз ба? -
Баяндама, хабарлама дайындау тапсырылса, наразылық білдіресіз бе? -
Бұрын болмаған жерлерге іс сапарға баруды ұсынып жатса, бармау үшін қолдан келген шаралардың бәрін істейсіз бе? -
Өз уайымыңызбен кез-келген адаммен бөліскенді ұнатасыз ба? -
бюейтаныс адамның «жол көрсетіңіз, уақыт айтыңыз және т.б» деген сұрақтарына ашуланасыз ба? -
Әке мен бала арасындағы келіспеушіліктер болады және түрлі буын адамдарына бір- бірін түсінісу қиын дегенге сенесіз бе? -
Сіздің танысыңыз бірнеше ай бұрын қарызға алған 10 теңгені қайтарыңыз деуге ұяласыз ба? -
Мейрамханада немесе асханада дәмсіз тамақ берсе сіз үндемей ашуланып ыдысыңызды итересіз бе? -
бейтаныс адамен бөлек қалсаңыз, сіз сөйлесе кетпейсіз және ол сөйлесе ыңғайсызданып қаласыз, солай ма? -
Дүкендегі немесе кинотеатр кассасындағы ұзақ кезекті күтуге шыдайсыз ба? -
Жанжал шешу комиссиясына қатысуға қорқасыз ба? -
Сіз әдебиет, өнер, мәдениет шығармалар туралы өз пікіріңізден басқаны қабылдамайсыз ба? -
Сізге жақсы таныс мәселеге қатысты қате пікірді естігеніңіз айтасыз ба? -
Сізді қызмет немесе оқу мәселесіне байланысты ұдайы өтініштер ренжіте ме? -
Сізге өз пікіріңізді ауызшадан гөрі жазбаша білдірген ұнамдырақ па?
«Иә»- 2 ұпай; «кейде» -1 ұпай; «жоқ» - 0 ұпай
30-32 ұпай. Сіз тіл табыса алмайтындығызыңдан азап шегесіз. Жақын адамдарыңызға да оңай емес, сізге көпшіліктің күш біріктіруін талап ететін істі сеніп тапсыру қиын. Көпшіл болуға ұмтылыңыз.
19-24 ұпай. Сіз біршама тіл табысқышсыз және таныс ортада өзіңізді сенімді ұстайсыз. Туындаған мәселелерден қорықпайсыз. Бірақ, бейтаныс адамдарға жатырқап қарайсыз, пікір таластыруға енжарсыз. Өзгені негізсіз кекететін кездеріңіз жиі кездеседі. Дегенмен, бұл кемшіліктерді түзетуге болады.
18-14 ұпай. Сіздің адамдармен қарым-қатынасыңыз бір қалыпты, сіз білуге құмарсыз, қызықты әңгіме айтқандарды ынтамен тыңдайсыз, өзгелермен қарым-қатынаста шыдамдылық көрсетесіз, өз көзқарасыңызда қалатындыңды байыппен жеткізе білесіз. Таныс емес адамдармен кездескенде қобалжымайсыз. Алайда, шулы ортаны ұнатпайсыз, көпсөзділік пен шектен шыққан қылықтар сізді ашуландырады.
9-13 ұпай. Сіз көпшілсіз, кейде шектен тыс. Қызыққұмарсыз, көп сөйлейсіз, әр түрлі мәселеде өз ойыңызды айтып, өзгелердің ығырын шығарасыз, жаңа адамдармен тез танысасыз, басты назарда болғанды ұратасыз, әрқашан орындай бермесеңіз де кісінің өтінішін жерде қалдырмайсыз. Ашуыңыз тез тарқайды. Сізге жетіспейтіні төзімділік, шыдамдылық және қажет болған жағдайда шешім қабылдай білу
4-8 ұпай. Тіл табысуға келгенде алдыңызға жан салмайсыз. Барлығынан хабардарсыз. Пікірталастарда сөйлегенді ұнатасыз, бірақ даулы мәселелерді шешуде бас ауыртқыңыз келмейді. Үстіртін білетін болсаңыз да көп сұрақтарға жауап табасыз. Істі аяғына дейін апармасаңыз да ынтамен сұрақтарға жауап табасыз. Істі аяғына дейін апармасаңыз да ынтамен кірісесіз.
3-0 ұпай. Сіздің ортамен тіл табысуыңыз қиын. Сіз көп сөйлейтін мылжыңсыз, еш қатысы жоқ істерге кірісіп кетесіз.Өзіңіз айналаңыздағы түрлі жанжалдардың ерікті, еріксіз себепкері болып жүресіз. Қызуқанды, өкпелегішсіз, кейде әділетсіз де боласыз. Маңызды іс сізге қол емес. Сіз өз мінезіңізді тәрбиелеуіңіз керек. Әуелі өзіңізді шыдамдылыққа тәрбиелеңіз. Адамдарды сыйлай біліңіз, денсаулығызыңды да ойлаңыз.