ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.05.2024
Просмотров: 13
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мұғалімнің аты-жөні: | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пән/Сынып: | Биология, 10 сынып, ЖМБ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қай аптаның нешінші сабағы | 4 сабақ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тарау немесе бөлім атауы: | 1-тарау. Молекулалық биология және биохимия | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Көмірсулардың химиялық құрылымы. Көмірсулардың қасиеті және қызметтері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 10.4.1.2 - көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктеу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критериі: | Көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктейді | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралап оқыту тапсырмалары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі | Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету | Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Уақыты | Кезеңдері | Тапсырма | Тапсырманың мақсаты | Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не? | Бағалау | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||
1 минут 1 мин | Ұйымдастыру | Сәлеметсіздер ме, оқушылар. Бүгін біз сіздермен биология сабағының өткен сабағында бастаған «Молекулалық биология және биохимия» тарауын жалғастырамыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер. Химиялық құрылымы. Көмірсулардың қасиеті және қызметтері Сіздің білетініңіз: • көмірсулардың химиялық құрылысын оқып білесіздер; Сіздің меңгеретініңіз: •көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметі бойынша жіктейсіздер. | | | | Презентация Слайд 1 Слайд 2 | |||||||||||||||||||||||||||||||||
7-8 минут | Жаңа сабақ | Көмірсулар –барлық тірі ағзада энергия беретін органикалық зат және көміртек көзі.
Моносахаридтер деп молекуласында бір карбонил (альдегид немесе кетон) және бірнеше гидроксил топтары бар қосылыстарды атайды. Моносахаридтер - қатты заттар, суда жақсы ериді, дәмі тәтті, реакция ортасы бейтарап. Моносахаридтердің химиялық қасиеттері оның құрамындағы гидроксо- және альдегид (немесе фруктозадағы кето) топтарына байланысты. Альдегид тобы бар моносахаридтер альдоздар, ал кетон тобы бар моносахаридтер кетоздар деп аталады. Дисахаридтер деп гидролиздегенде екі молекула моносахаридтерге ыдырайтын көмірсуларды атайды. Олардың жалпы формуласы С12Н22О11. Дисахаридтер гидролизденгенде моносахаридтер түзіледі С12Н22О11 + Н2О → С6Н12О6 + С6Н12О6 Сахароза глюкоза фруктоза Полисахаридтер деп гидролизденгенде n - молекула моносахаридтерге ыдырайтын жоғары молекулалық көмірсуларды атайды. Жалпы формуласы (С6Н10О5)n. Полисахаридтер үлкен молекулалы қосылыстар, суда ерімейді. | Жаңа тақырыпты меңгеру | | | Слайд 3 Слайд 4 Слайд 5 Слайд 6 | |||||||||||||||||||||||||||||||||
8 минут | Тәжірибе | Тапсырма №1. Көмірсулар түрлерінің атауларын оның қасиетімен сәйкестендіріңіз
Дұрыс жауап:
№ 2 Дисахаридтер гидролизденгенде түзілетін моносахаридтерді жазыңыз . Сахароза+Н2О → _____________+_______________ Лактоза +Н2О → ______________+______________ Мальтоза+ Н2О → ______________+______________ Дұрыс жауап: Сахароза +Н2О → глюкоза + фруктоза Лактоза +Н2О → глюкоза + галактоза Мальтоза+ Н2О → глюкоза + глюкоза | Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру | | Дескриптор: Көмірсуларды қасиеті бойынша біріктіріп, топтарға жіктейді Дескрипторлар: Дисахаридтерді моносахаридтерге жіктейді | Слайд 7 Слайд 8 Слайд 9 Слайд 10 | |||||||||||||||||||||||||||||||||
3 минут | Бекіту | https://youtu.be/vgqNuV38QKI бейнебаянды пайдаланып төмендегі сұраққа жауап беріңіз Крахмалға бай нан, печенье және басқа да тәттілердің құрғақ жемістер, дәнді дақылдарға қарағанда ағзаға өте тез сіңірілуінің себебі неде? Тұжырымдаңыз. Дұрыс жауап: Крахмалға бай нан, печенье және басқа да тәттілердің құрғақ жемістер, дәнді дақылдарға қарағанда ағзаға өте тез сіңірілуінің себебі сахаридтердің өзара байланыстарың айырмашылығында. Целлюлозада моносахаридтер бета- байланыстар арқылы байланысқан. Олар глюкозаға қарағанда тез бұзылмайды жене қанға жылдам енуіне жол бермейді. Ал кәмпитте глюкоза молекулалары альфа байланыстар арқылы байланысады, олар біздің денемізде өте оңай бұзылады. Сол себептен ағзаға тез сіңеді | Тақырыпты меңгергенін анықтау | | Дескриптор:
| Слайд 11 | |||||||||||||||||||||||||||||||||
1 мин | | Бүгінгі сабақта:
| | | | Слайд 11 |