Файл: за мерзімді жоспарды тарауы а тізбектер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.05.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 9.2.А Тізбектер

Күні:

Мұғалімнің аты жөні: Қуатхан Б

Сынып: 9

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мәтінді есептерді шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.3.9 – шексіз кемімелі геометриялық прогрессия формуласын есептер шығаруда қолдану;

9.4.2.2 - геометриялық және арифметикалық прогрессияларға байланысты мәтінді есептерді шығару;

Сабақтың мақсаты

Барлығы: арифметикалық, геометриялық және шексіз кемімелі геометриялық прогрессиялардың кез келген мүшесін табу, қосындысын есептеу.

Басым бөлігі: формулаларды мәтінді есептер шығару барысында қолданып, шешімін табу.

Кейбірі: шексіз кемімелі прогрессияға берілген теңдеудеуді шешу.

Бағалау критерийі

- шексіз кемімелі геометриялық прогрессия формуласын есептер шығаруда қолданады

- геометриялық және арифметикалық прогрессияларға байланысты мәтінді есептерді шығарады;

Тілдік мақсаттар

Ариметикалық прогрессия, геометриялық прогрессия, шексіз кемімелі геометриялық прогрессия, мәтінді есептер, прогрессияның кез келген мүшесін табу, қосындысын есептеу.

Құндылықтарды дарыту

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы. Оқушыларға өз сыныптастарымен диалогқа түскенде, топпен жұмыс істенде (ротация әдісі арқылы) коммуникативтік дағдыларын дамытып қатысады. Топпен жұмыста оқушылар кластарстарына қарап, идеялармен бөлісіп талқылауға, қатысып, жауапты болады

Пәнаралық байланыс

Геометрия. Сабақты актуальдау барысында үшбұрыштың орта сызығының анықтамасын еске түсіреді

Информатика пәнімен «Bilimland» ақпараттық білім беру порталы арқылы оқушылардың бойына ақпараттық коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру.

Алдыңғы білім

Арифметикалық прогрессия, геометриялық прогрессия, шексіз кемімелі геометриялық прогрессия.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
I.Ұйымдастыру

(3 мин)

I.Ұйымдастыру

1."Ыстық алақан".

Оқушылар бір-бірінің алақанын түйістіре тұрып есімдерінің бірінші әрпіне байланысты тілектерін білдіреді.



Шаттық шеңбері


II. Топқа бөлу

(3 мин)

IІІ. Актуальдау

(4 мин)

2. ПАЗЛ бойынша топқа бөліну.

Пазлдар бөлшектері бойынша оқушылар бір-бірін тауып топтарға бөлінеді. Пазлдарды құрастырып, сұрақтарға жауап береді (бірінші мүшесін, еселігін табады).

  1. 4, 8, 16, 32, 64, ... (Өспелі тізбек тобы)

  2. 1, 1, 1, 1, 1, ... (Тұрақты тізбек тобы)

  3. 1, 1/3, 1/9, ... (Кемімелі тізбек тобы)


«Миға шабуыл». Ал енді сабағымыздың негізгі бөлімін бастамас бұрын мынадай тапсырмаға назар аударайық



Саралау: диалог және қолдау көрсету (Демек, біз бүгінгі сабағымызда геометриялық және арифметикалық прогрессияларға байланысты есептерді шығарамыз)


ПАЗЛ



https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/algebra/sandar-tizbegi/geometriyalyq-progressiya/lesson/sheksiz-kemimeli-geometriyalyq-progressiyanyng-qosyndysy

Сабақтың ортасы


I. Топтық жұмыс (12 мин)


ІІ Жұптық жұмыс (3 мин)

Деңгейлік тапсырмалар орындау

(7 мин)


«Ротация» Оқушыларға есептер жазылған постерлер таратылады,топтар бір-бірімен алмаса отырып берілген есептерді шығарады.

1-тапсырма:

І топ

1. 1,(13) шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшек арқылы жаз.

2. 1- + +

3.

ІІ топ

1. 0,1(3) шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшек арқылы жаз.

2. 1- +

3.

ІІІ топ

1. 0,3(5) шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшек арқылы жаз.

2. 1- +…

3.

Дескриптор:

  • санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазады;

  • шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның қосындысының мәнін есептейді;

  • дұрыс жауабын анықтайды.

Саралау: қарқын бойынша

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Өзге топты бағалау арқылы өзінде жоқ 2 мәліметті табу және өзгенің жетістігі арқылы өзінің 1 кемшілігін тауып оны түзетуге бағыттау мақсатында білімдерін жетілдіреді.

«Әткеншек» әдісі. Жұптық жұмыс. Оқушыларға оқулықтан есептер беріледі,біреуі бастаған есепті екіншісі аяқтауы керек.

496 а) Егер велосипедші бірінші сағатта 20км, ал әрбір келесі сағатта 2 км кем жүріп отырған болса, ол 90км-ді неше сағатта жүріп өтеді?

ә) Цирк секторларының бірінде көрермендер үшін орындықтар әрбір келесі қатарда алдыңғыдан бір орынға артық болатындай етіп орнатылған. Егер сектордың бірінші қатарында 8 орын, ал қатар саны 22 болса, ол секторда қанша орын бар.

Дескриптор:

  • Есептің шартын толық жазады

  • Қажетті есептеу формуласын анықтайды.

  • Формуланы қолданып есептің дұрыс шешімін табады.

Саралау: тапсырма бойынша

Бағалау: «Стикер» әдісі. Тақтадағы эталонға қарап отырып, өзге жұпты бағалайды. Толық дұрыс жауапқа жеміс, жартылай жауапқа гүл, жауабы дұрыс емес болса жапырақ беріледі.

Деңгейлік тапсырмалар. Жеке жұмыс

А деңгейі. Дене бірінші минута 5м жылжыды, ал әрбір келесі минутта алдыңғысынан 0,5-ке артық жылжыды. Алтыншы минутта дене қандай қашықтыққа жетті?

В деңгейі.Орман шаруашылығы тәжірибелік учаскесіндегі ағаш көлемі 10000 м3. Оның жылдық өсімі 10 пайызды құрайтыны белгілі. Осы учаскедегі ағаш көлемі 6 жылдан соң қандай болады?

Дескриптор А-В:

  • Есептің шартын толық жазады

  • Қажетті есептеу формуласын анықтайды.

  • Формуланы қолданып есептің дұрыс шешімін табады.

С деңгейі. теңдеуін шеш.

Дескриптор С:

  • Қажетті есептеу формуласын анықтайды.

  • Формуланы қолданып теңдеудің дұрыс шешімін табады.


Саралау: деңгей бойынша саралау
Бағалау: «Жапондық бағалау» әдісі

Мұғалім оқушыларды арнайы белгілер арқылы бағалайды.

А деңгейінің тапсырмасын орындаса, белгісі арқылы;

В деңгейінің тапсырмасын орындаса, белгісі арқылы;

С деңгейінің тапсырмасын орындаса, белгісі арқылы.




Постер

Оқулық

Таратпа парақтар

Сабақтың соңы

(8 минут)
Үй жұмысын беру

Рефлексия


Қалыптастырушы бағалау

Элективтік тест

Әрбір оқушыға А, В, С, Д әріптері бар карточкалар таратылады.Оқушылар карточкаларды көтеру арқылы жауап береді.

1. Барлық екі таңбалы сандар қосындысы

A) 4805 B) 4850 C) 4905 Д) 4950

2. 6-ға қалдықсыз бөлінетін екі таңбалы сандар саны
A) 14 B) 13 C) 16 Д) 15
3. Ата-анасы баласына мұра қалдырған болатын. Баласы ата-анасы қалдырған мұраның бірінші айда 100$, ал келесі айларда алдыңғы айдан 50$-дан артық ақша жұмсаған. Сөйтіп, бала

10 айдан кейін қанша доллар жұмсаған?

A) 3250 B) 3130 C) 3150 Д) 3200

Бағалау: жауаптарды талқылай отырып өзара бағалайды.

Саралау: Нәтиже мен жауап арқылы

Үй жұмысы5 санын қандай да бір шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның қосындысы түрінде көрсетіңдер.

Кері байланыс: Блоб ағашы- оқушылар сабақта алған білімдері бойынша өз деңгейлерін белгілей отырып, бояйды.


Интербелсенді тақта
Блоб ағашы



Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасы

ның сақталуы
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)


Оқушыларды ойланту үшін және сабақтың мақсатын ашу үшін диалог және қолдау көрсету бойынша сараладым, жылдамдығын, мүмкіндігін арттыру мақсатында қарқын бойынша сараладым, оқушылардың қызығушылығын ескеріп тапсырманы сараладым,

Оқушылардың деңгейлерін ескеріп сараладым, күтілетін нәтижені ескере отырып нәтиже мен жауап бойынша сараладым.

Дескриптор, топтық жұмыс барысында «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі, яғни әр топ өзге топты бағалау арқылы өзінде жоқ 2 мәліметті табу және өзгенің жетістігі арқылы өзінің 1 кемшілігін тауып оны түзетуге бағыттау мақсатында білімдерін жетілдіреді. Жұптық жұмыс кезінде «Стикер» әдісіарқылы, яғни тақтадағы эталонға қарай отырып, өзге жұпты бағалайды. Толық дұрыс жауапқа жеміс, жартылай жауапқа гүл, жауабы дұрыс емес болса жапырақ беріледі.

Жеке жұмыс жасайда «Жапондық бағалау» әдісі қолданылады. Мұғалім оқушыларды арнайы белгілер арқылы бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау барысында жауаптарды талқылай отырып оқушылар өзара бағалайды.

Топтық жұмыс, АКТ қолдану барысында оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесін таныстырамын. Сабақ кезіндегі қарастырылатын әр түрлі жұмыс түрлері оқушылардың қимыл қозғалыс жасауына мүмкіндік береді.