Файл: 1тапсырмада css файлындаы (си эс эс) аріп пен мтінні стилін баптау тегтерін дптерге жазды.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.05.2024
Просмотров: 14
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Информатика сабағында заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың тиімді жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру» бақылау мақсатында информатика пәнінің мұғалімдерінің сабақтарына қатыстым.
07.02.2022 информатика пәнінің мұғалімі Бекманова Эльмира 10 «В» сыныбында өткен ««Стильдердің каскадты кестесін қолдану (CSS)» (CASCADING STYLE SHEETS)» тақырыбындағы сабағына қатыстым. Мұғалім оқушылармен амандасып, үй тапсырмасын жұп арқылы талдау жасалып, оқушылардың жұмыстарын ауызша мадақтау, қолдау көрсетілді. Миға шабуыл сұрақтары: Компьютерде HTML веб (аш ти эм эл веб)-бетін қалай құруға болады? Есіңе түсір! Арқылы сұрақ қойылып, мұғалім берілген сұраққа жауабын тыңдады. Оқулықпен жұмыс.
Жаңа ақпаратпен таныстырылды. Әдістемелік берілген сұрақтарға жеке, топта, ұжымда жауап берілді. Мұғалімнің түсіндірмесі: Notepad+++ (нотпад) бағдарламасында веб(веб)-беттерді құру, деректерді жазу, қолдану тәсілімен таныстырады.
1-тапсырмада CSS файлындағы (СИ ЭС ЭС) қаріп пен мәтіннің стилін баптау тегтерін дәптерге жазды.
2-тапсырмада Практикалық жұмыс орындалды. TrebEdit (тредэтид) бағдарламасымен жұмыс жасалды.
3-тапсырмада Жұптық жұмыс. LearningApps (Лининг Эпс) платформасы арқылы тапсырмалар берілді. Оқушылар осы тапсырмаларды компьютермен жеке және топпен орындау арқылы блокнот бағдарламасына тегтерді теріп, файлды html тілінде сақтап, гугл хромның көмегімен жасалған жұмыстар ашылды. Сабақтың соңында «Жетістік жолы» әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған жақсы әсерімен, түсінбеген сұрағымен бөлісті. Оқушылар өзін-өзі бағалады. Әрбір берілген тапсырмаларды 2 баллмен бағаланып, нәтижесінде оқушылардың басым көпшілігі 10 балмен бағаланды. Үйге тапсырма берілді оқулықтағы берілген тапсырмаларды орындап келу.
10.02.2022 жылы 9 «Г» сыныбындағы «Екі өлшеді массив» тақырыбындағы сабағына қатыстым. Мұғалім оқушылармен амандасып, сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстырды.
Жаңа тақырыпқа шолу жасады. Программалау тілінде де математикадағыдай өрнектерді орындаудың өз ережесі бар екенін түсіндірді. Миға шабуыл әдісі арқылы сұрақ-жауап қойылды. Яғни 1. Матрица ұғымын қалай түсінесің? 2. Техникада қай салаларда кездеседі? 3. Күнделікті өмірде кесте түрінде берілген деректермен жұмыс жасауға қандай мысалдар келтіре аласың?
Оқулықпен жұмыс Жаңа ақпаратпен таныстылды. Әдістемелік берілген сұрақтарға жеке, топта, ұжымда жауап берілді. Мұғалім толықтырып отырды. Компьютермен жұмыс жүргізілді. Пайтон программалау тілінде есептер шығарылды.
1-тапсырма
Екіөлшемді массивтің бас және жанама диагональдарының айырмашылықтарын салыстырыңдар.
Дескриптор:
Екіөлшемді массивті анықтайды;
Диагональдарын салыстырады. Компьютерді 3 есеп шығарылды. Топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізілді. Топтық жұмыста екіөлшемді массивтердің қызметіне талдау жасалды. Массив элементтерін цикл көмегімен енгізу қалай жүзеге асады? Түсіндіріп берілді.Оқушылардың жұмыстарын бағалау кестесіне балл қою арқылы бағалау. Сабақтың соңында Өздеріңе таныс күнделікті қолданып жүрген екіөлшемді кестелерге массив құрап, ұсыныңдар.
Мысалы, көбейту кестесін алуға болады. «БББ кестесі».Оқушылар сабақ туралы не білетінін, сабақта не білгенін, не білгісі келетінін кестеге жазады..Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырды. Кері байланыс: Білем Білдім Білгім келеді. Үйге тапсырма берілді: оқулықтағы есептерді шығарып келу.
Информатика пәнінің мұғалімі Бекманова Эльмираның сабақтары жүйелі түрде өтті. Оқушыларының оқу платформаларымен жұмыс жасап үйренгендігі көрініп тұрды. Мұғалім сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана білді. Оқушылар программалау тілдерін меңгергені көрініп тұрды.