Файл: Piza тапсырмалары 1тапсырма. К емпіроса.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.05.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

PIZA тапсырмалары
1-тапсырма. К емпірқосақ

Сұрақ 1: 

Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің нәтижесінде пайда болады. Күннің жарық шоғының түрлі түстерге жіктелуі- әр түрлі түстегі шоқтар әр түрлі сынатынымен түсіндіріледі. Бұл жарықтың таралу жылдамдығы, оның түсіне тәуелді екенін білдіреді.

Кемпірқосақ пайда болғанда қандай құбылыс жүреді?

Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз


Кемпірқосақ үшін келесі пайымдаулар дұрыс па?

Иә немесе Жоқ

Күлгінге қарағанда қызыл жарық көп сынады

Иә/ Жоқ

Кемпірқосақтың үстіңгі жолағы қызыл, төменгі жолағы күлгін

Иә /Жоқ

Қызыл жарықтың таралу жылдамдығы ондағы күлгін жарықтың таралу жылдамдығынан артық

Иә / Жоқ

2-тапсырма. Ньютон заңдары

Бұл заңда барлық материалдық обьектілерге ортақ қасиет – тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтау туралы айтылады. Яғни, кез келген дене өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты және түзу сызықты қозғалысын басқа денелер әсер еткенге дейін сақтайды. Егер қозғалысты санақ жүйесімен байланыстыратын болсақ, онда қозғалушы дене әсер етуші күштен бөлек және санақ жүйесімен байланысты бірқалыпты және түзу сызықты қозғалыста болады.



Сұрақ 1:

Жүгі бар арбаны аққу аспанға, шортан суға, шаян алға тартады. Арба орнынан қозғала ма? Тең әсерлі күш неге тең?

А) Қозғалмайды, ҒR=0

В)Қозғалады, ҒR=F1+F2+F3

C) Қозғалмайды, ҒR=F1+F2-F3

3-тапсырма. Жұмыртқа


Оқушылар тауықтың жұмыртқасымен келесі тәжірибелерді жасап, қорытынды жазды. Тауықтың шикі жұмыртқасын суы бар жарты литрлік шыны ыдысқа салды. Жұмыртқа шыны ыдыстың түбіне түсті. Жұмыртқаны алып шығып, сол суға 2 ас қасық тұз салып жақсылап араластырды және жұмыртқаны тұз араласқан суға қайтадан салды. Жұмыртқа батпайды, судың бетінде қалықтап жүреді.



Сұрақ 1.

Себебін түсіндіріңіздер.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жаратылыстану бағытында берілетін мәнмәтіндік тапсырмалар 12 балдық жүйе бойынша бағаланып, үш блоктан тұруын ұсынуға болады:

Базалық деңгей - ол бір ғана жауапты көрсететін нұсқаудан тұрады.

Бағалауы 7-8 балл, «3» деген бағаға сәйкес келеді.

7-8 балл қойылады:

- толық жауап берілсе де мағыналы қателіктерінің болуы;

- жауап толық емес, бір-бірімен байланыссыз болған жағдайда;

- тапсырма жартылай орындалса да, логикалық түсінігінде қателердің болмай, тек есептеуде ғана мағыналы қателіктердің болуы.

Дамытушылық деңгей -  химиялық теңдеулер  мен есептерді шығарудан тұрады.

Бағалауы 9-10 балл, «4» деген бағаға сәйкес келеді.

9-10 балл қойылады:

- жауаптың толықболуыжәне оқытылған теориялық мәліметтерге сәйкес дұрыс тұжырымдалуы;

- материал логикалық тұрғыда көзқарасы берілсе де, аз-кем қателіктер болған жағдайда;

Шығармашылық деңгей -  ашық жауап талап етіледі, логикалық ойлауға, өзінің жауабын дәлелдеуден тұрады.

Бағалауы 11-12 балл, «5» деген бағаға сәйкес келеді.

11-12 балл қойылады:

- өтілген тақырыптарғасәйкес жауаптың толық және дұрыс болуы;

- материал арнайы бір жүйелілікпен логикалық тұрғыда қарастырылған жағдайда;

- жауап әдеби тілде өзіндік ойлауы арқылы берілуі, қарапайым қателіктер болған жағдайда.

Оқушы неғұрлым көбірек тапсырма орындауға тырысса және максималды балл жинаса, онда PISA бойынша берілген тапсырманы толық орындай алғандығы анықталады.