Файл: Саба Тарау Табиат былыстары Таырыбы Табиат былыстары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.05.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

САБАҚ: Тарау:Табиғат құбылыстары

Тақырыбы: Табиғат құбылыстары

Күні:18.01.2023

Мұғалімнің аты-жөні: Сейдахметов Х

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

4.3.2.1 бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

4.5.1.5* сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады:

Бейтаныс сөздер кездесетін мәтіндегі негізгі ойды түсінеді.

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, құрмалас сөйлем құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтіндегі негізгі ойды бейтаныс сөздер арқылы әңгімелейді(жеткізеді).

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, құрмалас сөйлемді дұрыс құрастырады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәтіндегі негізгі ойды өмірмен байланыстыра отырып, өз қөзқарасын білдіреді.

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, құрмалас сөйлемді еркін қолданады.

Бағалау критерийлері



Мәтіндегі негізгі ойды бейтаныс сөздер арқылы түсініп әңгімелейді, өмірмен байланыстыра отырып, өз көзқарасын білдіреді. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, құрмалас сөйлем құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді. Бейтаныс сөздердің мағынасын аша алады. Сұрақтарға жауап береді. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрмалас сөйлем құрастыра алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Өзгеріс, өзгеріске ұшырайды,қараңғылық, су тасиды.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Табиғатта қандай өзгерістер болуы мүмкін?

2.Табиғатта неліктен өзгерістер болады?

3.Қандай өзгерістер болады?

4.Қай мезгілде су тасиды?

5.Неліктен найзағай ойнайды?

Құндылықтарға баулу


Оқушыларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Қоршаған ортаға деген жауапкершіліктерін сезіну.

Ойлау деңгейлері

Түсіну, қолдану, талдау.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Алдыңғы оқу

Жыл мезгілдері туралы білімдері бар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы


Жағымды психологиялық ахуал:

Шаттық шеңбері. Жеке жұмыс.

Оқушыларға қағаз таратылады,олар өз есімдерін, өздеріне ұнайтын жыл мезгілін сурет арқылы бейнелейді.

Шарты: оқушылар шеңбер ішінде бір-біріне қарап, қасындағы балалармен танысып, ұнайтын жыл мезгілі туралы айтады.

Оқушылар өздеріне ұнайтын жыл мезгіліне байланысты топқа бөлінеді.

«Артығын алып таста» әдісі.

Оқушыларға суреттер көрсетіп,суреттердің ішінен қай суреттің басқаларға қатысы жоқ екенін анықтау.

ҚБ «Бағдаршам»



Найзағай ойнайды Қар ериді


Күн шығады Дәрігер



Үй тапсырмасын қайталау:



Мемлекеттік ту Абай ескерткіші

Сөздікпен жұмыс:

Өзгеріс-изменение-зат есім;

өзгеріске ұшырайды-подвергается к изменению-етістік;

қараңғылық-темнота-зат есім; су тасиды-наводнение- зат есім

Мәтіналды тапсырма:

«Ой шақыру» стратегиясы. Жеке жұмыс.

ҚБ «Мүмкін»

Сұрақ қоя отырып, оқушыларға болжалды жауаптарды ойлануға және зерделеуге мүмкіндік беру үшін, арасында «мүмкін» деген сөз орамын қолдану.

1.Табиғатта қандай өзгерістер болуы мүмкін?

2.Табиғатта неліктен өзгерістер болады?

3.Қандай өзгерістер болады?

4.Қай мезгілде су тасиды?

5.Неліктен найзағай ойнайды?


https://yandex.kz/images/search?pos=0&img_url=https%3A%2F%2Farhivurokov.ru%2Fkopilka%2Fuploads%2Fuser_file_567b5e6b34f9c%2Fmiemliekiettik-r-mizdier-t-uielsizdik-s

Ортасы


Мәтінмен жұмыс: «Мәнмәтіннен табу» стратегиясы. Жұптық жұмыс.

  • Мәтінді түсініп оқы;

  • Бейтаныс сөздердің мағынасын аш;

  • Мәтін бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, сұрақтар құрастыр;

  • Сұрақтарға жауап бере отырып, жіктік жалғауының 3 жағын қайталайды.

Мәтін: Табиғат үнемі өзгеріске ұшырайды. Ертеңгісін күн шығып, жарық болады. Кешке күн батады,қараңғылық болады. Аспанды бұлт торлайды, жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, күн күркірейді. Жел соғады, қа ериді, су тасиды.

Табиғаттағы өзгерістер «табиғат құбылыстары» деп аталады.

Дескриптор:

-Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқиды.

-бейтаныс сөздердің мағынасын біледі.

-Мәтін бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, сұрақтар құрастырады.

-Жіктік жалғауының 3-жағын дұрыс қолданып, сұрақтарға жауап береді.

ҚБ «Күту уақыты»

Күту уақыты оқушыларға ойлануға және жауап беруге мүмкіндік береді. Сыныптағы барлық балалар бір бағытта және бірдей ойлай бермейді – күту оқушыларға өз ойын жинақтауға және берілген сұраққа жауапты ойластыруға мүмкіндік береді.




Соңы

Мәтіннен кейінгі тапсырма. «Ақпараттық жазылым» Табиғи әдіс. Жеке жұмыс.

Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты Қарағанды облысы бойынша 112 нөмерінен хабарлама жаз. Хабарлама мазмұнында құрмалас сөйлемді пайдалан.

Мысалы: 2019 жылы 8 маусымда Қарағанды облысы бойынша күн күркірейді және 20 метр/секундына дейін қатты жел соғады.

Дескриптор:

-Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты хабарлама жазады.

-Хабарлама мазмұнында құрмалас сөйлемді қолданады.

ҚБ «Оқушылардың шолуы»

Оқушылар өзінің топтағы оқуына шолу жасайды. Бұл топқа арналған тапсырма, шағын тапсырма нысанында қайталауды жоспарлауға көмек көрсетуге арналған жаттығу ретінде жасалуы мүмкін.

Үйге тапсырма:

Жаңа сөздер, мәтінді әңгімелеу

Тапсырманың шарты, қалай орындалу қажеттігі түсіндіріледі.




Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?