Файл: Старый Колутон ауылыны жоббм кммні 5,9сынып жетекшісіні 20222023 оу жылындаы трбие жмысы бойынша жарты жылды есебі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.05.2024
Просмотров: 17
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Старый Колутон ауылының ЖОББМ» КММ-нің 5,9сынып жетекшісінің 2022-2023 оқу жылындағы тәрбие жұмысы бойынша жарты жылдық есебі.
Тәрбие жұмысының жоспары мектептің тәрбие жұмысының мақсаты мен міндетін тәрбиенің негізгі бағыттарын және оларды іске асыру шарттарын айқындайтын мектептің басты құжаттарының бірі болып табылады.
Оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары 9 бағытта топтастырылды. Олар:
-
Азаматтық – патриоттық, құқықтық тәрбие. -
Рухани – адамгершілік тәрбие. -
Отбасы тәрбиесі. -
Ұлттық тәрбие. -
Көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие. -
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі. -
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты. -
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие. -
Кәсіптік бағдар тәрбиесі
«Ұлттық сана – сезім мол, рухани деңгейі биік, іскер, еңбекқор, отансүйгіш, табиғи әдепті де ізетті ұрпақ тәрбиелеу» өзекті мәселесін басшылыққа ала отырып және ҚР «Білім туралы» Заңы , ҚР «Бала құқығы туралы» Заңы, «Бала құқығы туралы» Конвенция, ҚР «Тіл туралы» Заңы, ҚР «Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңы, т.б. нормативті – құқықтық құжаттардың негізінде 2021-2022 оқу жылына арналған жылдық жоспар жасалынып, бекітілді.
Тәрбие жұмысының мақсаты:
-
Оқушыларға сапалы білім беру мен сапалы тәрбие беру. -
Оқушылардың Отан алдында жауап беру, оны қорғау қабілетін қалыптастыру. Қоғам өміріндегі маңызды мәселелер жөнінде хабардар ету. -
Оқушылардың рухын көтеру. Сапалы білім насихаттау. -
Оқушыларды адамдар арасындағы ізгілікті қарым – қатынас орната білуге бағытталған рухты тәрбие беру. -
Табиғатты қорғау, денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы жауапкершілігін арттыру.
Міндеті:
-
Мектеп ережесін сақтау. -
Өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімі мен оған деген құрметті күшейту. -
Денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру. -
Табиғат пен қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. -
Мінез – құлық , қарым – қатынас мәдениеті мен өзін-өзі тәрбиелеудің дағдыларын қалыптастыру – болатын.
Жыл басында тәрбие жұмысының жоспарына сай жас ұрпақтың бойында азаматтық және патриотизмді қалыптастыру мақсатында іс – шаралар ұйымдастырылды. Бүкіл тәрбие жұмысы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдары бойынша оқушылардың сындарлы ойлау өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын иегеру бағытында. 9сыныпта барлығы 9оқушы бар. Оның ішінде ұлдар – 7, қыздар – 2, ал 5 сыныпта 8 оқушы. Оның ішінде қыз бала-4, ұл бала-4. Сынып оқушылары өте белсенді, өз беттерімен шешім қабылдай алады, барлық мектепішілік іс – шараларға белсене ат салыса білді. Бір-біріне деген қарым-қатынастары жақсы, бір-біріне қамқоршы. Әр уақытта сынып жетекшісіне қолқанат. Қоғамдық жұмыстардан мектепішілік, іс-шаралардан қалыспайды. Жарты жыл бойы 3 ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында оқушылардың үлгерімі, тәртібі, сабақтан себепсіз қалмауы туралы сөз қозғалды. Жыл басынан әр аптаның дүйсенбі күндері жоспар бойынша сынып сағаттарын өткізіледі. Сонымен қатар сынып белсенділері өздеріне берілген жұмысты атқарып отырды.
Азаматтық – патриоттыққұқықтық және көпмәдениеттік тәрбие
Сынып сағатында осындай тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді: «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»,«Жолда жүру қауіпсіздік ережелері», «Мектеп жарғысы, оқушының мінез-құлық ережелері», «Шындыққа жаны жақын-Төлеген Қажыбай», «Даналық, ізгілік және құрмет» , «Қайта оралды қазағыма, Республика күні», «Құқықтық сана, қауымға пана», «Теңге – өмірім мен үмітімнің символы», «Мен өз құқығымды білемін бе?», «Тәуелсіздіктің ұлы рухы – желтоқсан!», «Бала құқықтары».
Еңбек - адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейтіп, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік бере отырып, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында презентация, видеолар көрсетілді.
«Теңге – өмірім мен үмітімнің символы» тақырыбында Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызы. Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мәлімет берілді. Басқа елдер валюталарымен таныстырылды.
Тәуелсіз ел тарихы- отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз ауылынан, өз өлкесінен басталатындығы айтылды.
Ғасырлар бойы жүргізілген ұлт-азаттық көтерілісінің заңды жалғасындай болған ең шешуші әрі бүкіл Орта Азия мен Еуропадағы демократиялық қозғалыстардың көшбастаушысы ретінде тарихта қалған Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы баяндалды.Желтоқсан оқиғасының себеп –салдары оның құрбандары туралы тақырыптың тарихи маңызын, мәнін ашуға , оқушыларды Желтоқсан оқиғасының құрбандарын мәңгі есте сақтауға және олардың аңсап қол жеткізіп кеткен тәуелсіздік тұғырын биік ұстауға, Отанының адал азаматтары болуға тәрбиелік мәні зор.
«Бала құқықтары» тәрбие сағатында бала құқықтары,Конвенция-бала құқығының әлемдік Конституциясы, 2002 жылы тамызда қабылданғаны және 9 тарау,53 баптан тұратындығы оқушыларға жеткізілді.. 10 желтоқсан – адам құқығы күні екендігі айтылды.
«Даналық, ізгілік және құрмет» сынып сағатында тәрбие өнері дегеніміз – ең алдымен сөйлей білу, адам жүрегіне жол таба білу өнері. Жас ұрпақ бойына сіңіре білуі, баланың қоршаған ортаға қарым-қатынасы, дүние танымын кеңейту, бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру мақсатында өткізілді.
Рухани адамгершілік тәрбие
«Отбасы -бақыт мекені», «Адамгершілік-асыл қасиет»,Мұхтар Әуезовтің 125жылдығына орай «М. Әуезов және Абай», «Ұстазым, ұлағатым-үлгі өнегем!», «Қарттарым-асыл қазынам» , Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуының тарихы» атты сынып сағаттары рухани-адамгершілік бағытта өткізілді.
Отбасы тәрбиесіне байланысты, бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше екені, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - туған ұясы. Өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және ата-ана баланың бас ұстазы екені туралы айтылып, презентация, видео көрсетіліп, ойын түрлері жүргізілді.
Абай мен М.Әуезов мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі. Абай мен М.Әуезовті қазақ әдебиетіндегі екі дәуірдің, екі ғасырдың аса ірі өкілдері ретінде алып, ұлттық сөз өнеріміздегі дәстүр жалғастығы тұрғысынан қарап, олардың үндестігі мен өзгешелігі қандай екенін байыптаудың өзі осы екі сөз шеберінің өнерпаздық тұлғасын айқынырақ түсінуімізге себін тигізді. Абай мен М.Әуезовтің екі заманның перзенті екені рас. Алайда Мұхтар Әуезов өмір сүрген, әдебиетке араласып, шығармашылық ғұмыр кешкен дәуірі Абай заманынан тым қашық емес, сипаты, мазмұны мүлде өзгеше заман болса да, мерзімдік жағынан жалғас, өзектес. Әуезов жасы ұлғайған Абайды бес жастағы кезінде бір ғана көріп, ол кезде оның кім екендігін, ұлы екендігін біліп, түсіне алмаса да, ол кейінірек сол ортада, Абайды көрген, білген, өлеңдерін естіген, сөздеріне әбден қанық адамдардың ортасында өсіп, ержетті. Мұхтар Әуезовтің Абайдың өлеңдерін, қалдырған өнегесін осындай ортада жүріп қабылдап, жасынан көңіліне құйып өскені, олардың арасында рухани жалғастық тууына жағдай жасағанын толық ескеру қажет. Жалпы тарихи-әдеби заңдылық шеңберінде осылай бола тура, Мұхтар Әуезовтің Абаймен рухани жақындығының сыры мен сипаты бөлек.
"...Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті" деп жазған екен Сәкен Сейфуллин.
Аталған іс-шараның мақсаты қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, ой-өрісін кеңейту, Қазақстанның көрнекті тұлғаларына деген қызығушылықты дамыту болып табылады. Оқушылармен Ұлы ағартушы, қазақ Лингвистика және әдебиеттанудың негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгіме өтіп, презентация мен бейнеролик көрсетілді. Балалар А.Байтұрсыновтың өмірі мен қызметінің тарихын қызығушылықпен біліп, фотоларды қарап, талқылауға қатысып, өз пікірлерін білдірді.
«Адам бойындағы асыл қасиеттері» сынып сағатында адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді. Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді. Шығыстың ұлы ғалымы әл-Фараби: Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін деген екен.
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
«Экология-өмірімнің соғып тұрған жүрегі», «Экоәлем»,«Қоқыссыз әлем»тәрбие сағатында адамзат баласының алдында тұрған экологиялық проблемалар, оны қорлау деген сұмдық-әсем табиғаттың ажары мен тепе-теңдігін сақтау, байыптау өз қолымызда екені жайлы әңгіме жүргізілді. Қазіргі таңда экология өзекті мәселеге айналып отырғаны, сондықтан, қоршаған ортаны қорғау- әрбір адамның төл міндеті. Әртүрлі әдістермен өткізілді
Оқу жылының басынан жоспарға сәйкес экологиялық сынып сағаттары өткізіледі. Сыныптарда қоғамдық пайдалы еңбек ету шаралары жүргізіліп келеді. Әр дүйсенбі сайын гүлдерге су құйылады.Сонымен қатар мектеп сенбіліктерге де белсене қатысты.Көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына, «Пирохимиялық өнім-қауіпті», «Қош келдің, Жаңа жыл!»,сынып сағаттарында жаңа жыл мерекесі өткізілді. Жаңа жыл- ең қуанышты,қызықты, ерекше мереке. Жаңа жыл - әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.
Сонымен қатар жаңа оқу жылы басталған кезде мектеп ішінде, қоңырау арасындағы, жыл мезгілдері ауысуына байланысты, пирохимиялық өнім қауіпсіздігін сақтау ережесіне қол қойғызылды.
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Сынып оқушыларының тәрбие деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.Сыныпта дарынды оқушыларының тізімін анықтау, Дарынды оқушылармен жан – жақты іс – шаралар жүргізілді
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
«Оқуға құштар мектеп»,«Зиянды заттардан аулақ бол!»,«Салауатты ұрпақ-нұрлы болашақ!», «Жыныстық қатынастың алдын алу жолдары»,«ЖИТС-ғасыр дерті» сынып сағаттары салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулық күні, денсаулықты нығайту, зиянды заттарды алдын алу мақсатында өткізілді. Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулық адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Жағымды және жағымсыз әсерлердің дұрыс таңдау салауатты өмір сүруге болатындығы туралы айтылып, видео көрсетіліп, оқушылардың ойлары айтылып, пайдалы кеңестер интернет желісінен, күнделікті өмірден алынды.
Отбасы тәрбиесі
Осы бағыт бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді. Отбасы - бала тәрбиесінің алғашқы діңгегі , ата – ана мен бала арасындағы қарым- қатынас , баланың бас -ұстазы ата-анасы тақырыбында баяндама оқылды.
«Мен кітап оқығанды жақсы көремін»жоба онлайн түрде өтті. Балалардың бойына білімнің кілті кітапта, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы туралы айтылып, кітапқа деген құрмет сезімдерін ұялату.
Кәсіптік бағдар, ұлттық тәрбие
Сынып оқушыларының тәрбие деңгейі мақсатында сауалнама алынып, тәрбие деңгейі анықталды.
«Шын дос-асыл қазына», «Теңге-Қазақстанның үміті мен өмірінің символы» сынып сағаттары және «Менің тілім-менің досым» атты жылда өткізетін жоспар бойынша тілдер мерекесіне орай сынып сағаты өткізілді.
Әр тоқсанда кәсіби бағдар беру мақсатында оқушылармен жұмыс түрлері жүргізіледі.Оқытушы Ж. Аймауытов «Мамандықтын жаман жоқ, бірақ мұнын кез – келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудын ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе».
Мамандық таңдау – бұл өте маңызды іс. Өткені із өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Мамандықтың саны әр алуан: дәрігер, мұғалім, ұшқыш, есепші, аспаз, емші, қаржыгер, архитектор, миханик, көлік жүргізуші, сазгер, сатушы, ғарышкер. Бірақ бұларды байланыстыратын маңызды факт – бұлар бәрі халық үшін қызмет атқарады. Ал халық үшін қызмет көрсету маңызды мәселе. Түркі тілдес халқының «жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген нақыл сөзін ұран етіп, мамандықты дұрыс таңдауылық керек.