Файл: Ахмет Байтрсынлы дуірді дара тласы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы»

тақырыбымен өтетін

жалпықазақстандық ашық диктанттың

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2022 жылғы ___ қыркүйекте қазақтың біртуар тұлғасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант (бұдан әрі – диктант) өтеді. Диктанттың тақырыбы – «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы».

Өтетін күні: 2022 жылғы ___ қыркүйек.

Өтетін орны: ҚР кітапханалары, Достық үйлері, ЖОО-лар және мектептер.

Ұйымдастырушылар:

  • Қазақстан халқы Ассамблеясы;

  • Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі;

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы;

  • Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент ққ. және облыстардың «Қоғамдық келісім» КММ және Достық үйлері;

  • ҚР облыстық, қалалық және аудандық кітапханалар, білім ордалары;


Мақсаты: этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.
Міндеттері:

- Қазақстан халқын топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту;

- қатысушыларға қазақ тілін білу және сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру;

- сауатты қоғам болудың маңыздылығына назар аударту.
Диктантқа қатысушылар:

  • этномәдени бірлестіктердің өкілдері;

  • азаматтық қоғам өкілдері;

  • жастар ұйымдарының өкілдері;

  • мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер;

  • қоғам қайраткерлері;

  • студенттер;

  • барлық ниет білдірушілер.


Өткізу тәртібі:

Диктантты Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардағы «Қоғамдық келісім» КММ мен Достық үйлері ұйымдастырады. Ұйымдастыру бойынша әріптес ұйымдар – ҚР облыстық, қалалық және аудандық кітапханалары.

Диктант еліміздің барлық облыстарында 2022 жылғы ___ қыркүйекте Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 11:00-де (синхронды түрде) басталады.

Нұр-Сұлтан қаласында өтетін диктант Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесе ұйымдастырылады.

Жалпықазақстандық ашық диктантты өткізу ережесіне сәйкес өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ басты ұйымдастырушы ретінде келесі жұмыстарды жүргізеді:


  • облыстық, қалалық, аудандық кітапханалармен бірлесе отырып, ашық диктантты өткізудің орнын белгілейді және ауқымды түрде өткізуге шақыру хабарламаларын дайындауды ұйымдастырады;

  • диктантқа қатысушылардың сауатты жазуын тексеру бойынша комиссия құрамын бекітеді;

  • диктантты оқитын адамды анықтайды (ашық диктантты оқитын адамның дикциясы анық болуы тиіс, мүмкіндігінше жергілікті театрлардың әртістерін немесе филологтарды тартуды қарастыру қажет);

  • диктанттың нәтижесін (қоса берілетін кестеге сәйкес) бағалайды;

  • ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ-не а.ж. 13 қыркүйекте сағат 18:00-ге дейін ашық диктанттың нәтижесі бойынша ақпарат жолдайды (ақпараттың мазмұны: қатысушылардың сапалық құрамы, оның ішінде этномәдени бірлестіктер өкілдерінің саны және диктант жазушылардың деңгейі).

Диктант қазақ тілінде өтеді, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығымен келісілген мәтін 7 қыркүйекте сағат 18:00-де жіберіледі.
БАҚ беттерінде:

Республикалық және жергілікті ақпарат құралдарында, www.assembly.kz сайтында, әлеуметтік желілерде сұхбаттар мен ақпараттар орналастырады.
Күтілетін нәтижелер:

  • Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру;

  • мемлекеттік тілді меңгеру  біртұтас ұлт болу жолындағы айрықша маңызды қадам екенін жастардың санасында орнықтыру;
    - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның қоғамдық маңызын арттыру;

  • мемлекеттік тілді меңгеру арқылы жастарға қазақстандық қоғамда өз орнын табу мүмкіндігін көрсету;

  • жалпы сауаттылықты арттыру.

Жалпықазақстандық ашық диктант туралы ақпарат

2022 жылғы ____ қыркүйек

өңірдің атауы



Диктант өткізген мекеме

Қатысушылар саны

Сапалық құрамы


1










2










3










4










5