Файл: Семинар сабатарында жасалан баяндамалар дріс материалдарын толытыра тсуге жне студенттерді оу жне ылыми материалдармен жмыс істеу абілеттерін баалауа ммкіндік береді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мемлекеттік стандарт 6.10.5-87 «Үлгі формуляр жасауға қойылатын талаптар» деп аталады.

Үлгі формулярында құжаттардың форматтары, жиектерді белгілеулер, деректемелерді жасауға қойылатын талаптар, орналастыру жағдайлары анықталады.

Бір ізге түсіру формасы- біріңғай графикалық үлгі құрылысына формуляр үлгіге негізделіп, сол арқылы іске асырылады.

Бір ізге түсірудің негізгі тапсырмалары:

- құжаттарды өңдеуге, бекітуге, тіркеуге, келісуге жалпы талаптарды орнату;

- ақпараттық ағымды реттеу,жинақтау, сақтау, түрлендіру;

- басқару қызметіне қажет емес құжаттарды жою, қысқарту т.б.

Құжаттарды стандарттау - бір ізге түсіруді заңдық тұрғыдан бекіту формасы болып табылады. Стандарттау іс-әрекеттің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы жалпыға ортақ ең жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуді көздейді. Мәселен, іс қағаздарын жүргізу саласындағы терминдер мен анықтамаларды стандарттау мамандар мен аудармашылар жұмысын тіл, лексика және стиль жағынан бір ізге түсіріп, олардың кәсіби салада бірін-бірі түсіну мүмніндігін арттырады.

Қазақстан Республикасында бірқатар стандарттар жасалып, қолданысқа ендірілген. Олардың ішінде іс қағаздарын жүргізуге байланысты мыналар:

1.СТ 1042-2001. «Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттама. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар»

2.СТ 1037-2001. «Іс жүргізу және мұрағат ісі. Терминдер мен анықтамалар».

3.СТ 1237-2004. «Қағаз жеткізгіштегі құжаттар. Мұрағаттық сақтау ісіне қойылатын жалпы техникалық талаптар».
3. ҚР СТ 1042-2001 «Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттама. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар»

Ұйымдық-өкімдік құжаттар неғұрлым кеңінен қолданылатын құжаттар тобы. Ұйымдық-өкімдік құжаттаманың бір ізге түсірілген құжаттар жүйесі нысандары Қазақстан Республикасының 1042-2001 стандарты негізінде жасалады.

Стандарт:

құжаттардың деректемелерінің құрамын;

құжаттардың деректемелерін ресімдеуге қойылатын талаптарды;

бланкілерге және құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды;

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген бланкілерді дайындау, есепке алу, пайдалану, сақтауға қойылатын талаптарды белгілейді.

Құжаттың жеке құрамды бөлігі деректеме (реквизит) деп аталады.Латын тілінен аударғанда «тиісті», «қажет» деген мағынаны білдіреді. Деректеменің екі түрі болады: тұрақты және өзгермелі. Тұрақты деректеме баспаханалық жолмен дайындалған біріңғай формаға немесе фирмалық бланкі деп аталатын қағазға түсіріледі. Ауыспалы деректеме құжатты жасау кезінде түсіріледі.


Құжаттардың деректемелерінің құрамы.

Құжаттарды дайындау мен ресімдеуде келесі деректемелер қолданылады:

01-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы;

02-ұйым нышаны немесе тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі):

03-жоғары тұрған органның ресми атауы;

04-ұйымның ресми атауы;

05-ұйым туралы анықтамалық деректер;

06-құжаттың түрінің атауы;

07-құжаттың күні;

08-құжаттың тіркеу нөмірі;

09-кіріс құжатының тіркеу нөмірі мен күніне сілтеме;

10-құжаттың құрылған немесе басылып шығарылған жері;

11-құжатқа қол жеткізуді шектеу белгісі;

12-хат алушы;

13-құжатты бекіту белгісі;

14-бұрыштама;

15-мәтіннің тақырыбы;

16-бақылау туралы белгі;

17-құжаттың мәтіні;

18-қосымшасы бары туралы белгі;

19-қойылған қол;

20-құжаттың келісілу белгісі;

21-құжаттың келісілу рұқсатнамасы;

22-мөр;

23-көшірменің куаландырылғаны туралы белгі;

24-орындаушы туралы белгі;

25-құжаттың орындалуы және іске бағытталуы туралы белгі;

26-құжаттың ұйымға келіп түскені туралы белгі;

27-құжаттың электронды көшірмесін сәйкестендіргіш.
4. Құжаттардың деректемелерін ресімдеу.

1.Хат алушы (12 деректеме).

Хат алушы ретінде ұйымдар, олардың құрылымдық бөлімдері, лауазымдық және жеке тұлғалар бола алады.Ұйымның, құрылымдық бөлімнің атауы атау септікте көрсетіледі. Құжатты бағыттауда «хат алушы» деректемесінің құрамында почта мекен-жайы көрсетіледі. Құжатты заңды тұлғаға бағыттауда мекен-жайы хат алушыдан кейін көрсетіледі.

Мысал:

Көкшетау электромеханика зауыты

Жабдықтау және өткізу бөлімі

«Ақсұңқар» зауытының директоры

А.Мырзахметұлына
Жеке тұлғаға жіберілген құжатқа мекен-жай міндетті түрде қойылады.

Мысал: 480060, Көкшетау қаласы

Сәкен даңғылы, 55, 54-пәтер

Қ. Дүйсенбекқызына

Егер құжат бірнеше бірдей ұйымдар мен бөлімшелерге жіберілсе, оларды жалпылап көрсетеді.

Мысал:

«Арай» фирмасы қызметтерінің

бастықтарына

2. Құжатты бекіту белгісі(13 деректеме)

Құжат лауазымды тұлғамен(лауазымды тұлғалармен) немесе арнаулы шығарылған құжатпен бекітіледі. Құжаттың бекітілу белгісі құжаттың оң жақ жоғарғы бұрышында орналасады. Құжатты лауазымды тұлға бекітуде бекіту белгісі БЕКІТЕМІН сөзінен (тырнақшасыз)құжатты бекітетін тұлғаның лауазымынан, оның қолынан, аты-жөнінен және бекіту күнінен тұруы қажет.


Мысал:

БЕКІТЕМІН

«Химия» АҚ бас инженері

____________О.Болатұлы

(жеке қолы)

21.09.2019
Құжатты лауазымдары тең екі тұлғамен бекітуде олардың қолдары бір деңгейде құжаттың сол және оң жақ жоғарғы бұрыштарында орналасады.

Мысал:

БЕКІТЕМІН БЕКІТЕМІН

«Батыр» банкі басқарма «Орал» банкі басқарма

сының төрағасы сының төрағасы

__________А.Жеңісұлы ________С.Лесұлы

(жеке қолы) (жеке қолы)

20.09.2019 20.09.2019
Құжатты қаулымен, шешіммен, бұйрықпен, хаттамамен бекітуде бекіту белгісі БЕКІТІЛДІ сөзінен, бекітетін құжаттың атау септіктегі атауынан, оның күні мен нөмірінен тұрады.

Мысалдар:

1. БЕКІТІЛДІ

Директорлар Кеңесінің

10.09.19 № 3 хаттамасы

2. БЕКІТІЛДІ

Академия ректорының

18.09.19 №85 бұйрығымен
3. Бұрыштама (14 деректеме)

Бұрыштама- мекемеге келіп түскен іс қағаздарының бұрышына жазылатын басшының қысқаша нұсқауы.

Бұрыштаманың түрлері:қаралсын,талқылансын, бекітілсін,тапсырылсын,баяндалсын т.б.

«Семей-су»фирмасының

Қарсы емеспін бас директоры

12.09.19 А.Т. Қали мырзаға

Тараз қаласы, Абай көшесіндегі

8-үйде тұратын азаматша

Баян Асанқызы Бақтиновадан
Өтініш
Мені фирманың маркетинг бөлімінің референт-хатшысы қызметіне қабылдауыңызды сұраймын.

12.09.19 қолы

II-кезең. Берілген тапсырма бойынша құжаттың деректемелерін ресімдеу.

1-тапсырма. Хат алушы (12 деректемесін) ресімдеңіз:

2-тапсырма. Құжаттың бекіту белгісін (13 деректемесін) ресімдеңіз;

3-тапсырма. Бұрыштама (14 деректемесін) ресімдеңіз.

5.Ұйымдық өкімдік құжаттарды бір ізге түсіру мен стандарттаудағы негізгі принцип.

Ұйым қызметінде есеп жүргізудің, қаржылық, есеп-статистикалық, ұйымдық-өкімдік құжаттардың көптеген формалары қалыптасады.

Соның ішінде ұйымның өкімдік және атқарушылық қызметін ресімдеуге арналған ұйымдық өкімдік құжаттама айрықша рөл атқарады.

Ұ.Ө.Қ-ды бір ізге түсіру мен стандарттаудағы негізгі принцип құжат бланкілеріндегі көрсеткіштерді(элементтерді) біріңғай үлгіде орналастыру және құжат форматын ықшамдау.

Құжаттар формасын бір ізге түсіруде оларды құрастырудың ортақ моделі принципі негізге алынады. Осылайша құжаттар үлгілерін құрастыру схемасы әзірленеді.

іҚұжаттың біріңғай пішімге түскен модельдік схемасы формуляр-үлгі деп аталады. Онда деректемелер жиынтығы орналасады. Деректемелер жиынтығы құжатта орналасса, оны құжат формуляры деп атайды.(Құжат үлгілері) Мұнда деректемелер белгілі бір ретпен орналасады, өйткені әр құжаттың өз мақсат, міндетін айқындайтын өз деректемелері болады.


Құжат заңды күшке ие болу үшін мына деректемелер міндетті түрде болуы керек-яғни оның түп нұсқалығын куаландыратын деректемелер қажет. Олар: қолтаңба, мөр, мерзімі, тіркеу нөмірі. Құжат мәтіні ҚР СТ 1042-2001 мемлекеттік стандартына сәйкес компьютерде жоларалық 1 интервалмен басылады. Ал тақырып пен мәтіннің арасы жоларалық 2 интервалды, қолтаңба мен мәтін арасы 2-3 интервалды құрайды.

Үлгі:_«Сенім»_АҚБҰЙРЫҚ'>Үлгі:

«Сенім» АҚ
БҰЙРЫҚ

15.02.19ж № 65 Алматы қаласы
Жұмыстан босату туралы

Кәсіпорынның жойылуына байланысты Әсет Әділұлы Байменов 2011 жылғы 15 ақпаннан бастап атқаратын қызметінен босатылсын.

Директоры қолы Ж.Н. Әлменов
Бұйрықпен

таныстым: қолы Ә.Ә. Баймено

Үлгі:
Тараз политехникалық

жоғары колледжі
ХАТТАМА

00.00.00. № 00

Тараз қаласы
Педагогикалық кеңес отырысы
Төраға: А.Ақылбайұлы

Хатшы: Б.Сарыбайқызы
Қатынасқандар: 15 адам
КҮН ТӘРТІБІ:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» талқылау.

2. Әр түрлі мәселелер.

ТЫҢДАЛДЫ:

1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша колледж директорының орынбасары Ж. Әбдірахманұлы баяндама жасады.

СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ұжым мүшелері: Б.Досболұлы, Ж.Дәулетбайұлы, Ғ.Айбергенұлы Т.Темірбекқызы және колледж директоры А.Ақылбайұлы сөз сөйледі.

ҚАУЛЫ:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» орындалуы міндеттелсін.

2. Бағдарламаны жүзеге асыруға ұжым мүшелерінің белсенді ат салысуы жөніндегі шаралар белгіленсін.

Төраға: қолы аты-жөні

Хатшы: қолы аты-жөні

6.Құжаттардың бланкілерін ресімдеу

Бланк-бетінде деректемесі көрсетілген, тұрақты ақпараты бар бір парақ қағаз.

ҚР СТ 1042-2001 мемлекеттік стандарты бойынша бір ізге түсірілген құжаттардың форматтары, ашық жиек өлшемдері, құжат бөліктерінің орналасу реттері белгіленген.Бланктер негізінен екі форматта жасалады. Олардың өлшемдері: А4(210х297) және А5(210х148мм) А6(105х148мм) форматты бланкілерін пайдалануға да рұқсат етіледі.

Құжат бланкілерінде ашық жиектер мына өлшемдерден кем болмауы тиіс:


сол жақ жиегі-20 мм;

оң жақ жиегі-10 мм;

жоғарғы жиек-10 мм;

төменгі жиек-10 мм.

Ұйымдық-өкімдік құжаттар, әдетте ұйым бланкілеріне жазылады.

Бланктің екі түрі бар: хат бланкісі және хаттан өзге нақты құжат бланкісі.
Ұйымның хат бланкісі

Қазақстан Республикасының

Жоғары тұрған органның Мемлекеттік Жоғары тұрған органның

ресми атауы елтаңбасы ресми атауы

Ұйымның ресми атауы Ұйымның ресми атауы

(мемлекеттік тілде) (орыс тілінде)
Ұйым туралы анықтамалық Ұйым туралы анықтамалық

деректер деректер

(мемлекеттік тілде) (орыс тілінде)
__________№_________

__________№_________ ге

Нақты құжат түрі бланкісі

Қазақстан Республикасының

Жоғары тұрған органның Мемлекеттік Жоғары тұрған органның

ресми атауы елтаңбасы ресми атауы

Ұйымның ресми атауы Ұйымның ресми атауы

(мемлекеттік тілде) (орыс тілінде)

Құжат түрінің атауы Құжат түрінің атауы

(мемлекеттік тілде) (орыс тілінде)

+ ,,іәцу,іәцу

Қазақстан Республикасында қай ведомствоға қарасты болмасын, мемлекеттік те, мемлекеттік емес те ұйымдардың бланкілеріндегі мына деректемелер мемлекеттік тілде және орыс тілінде қатар берілуі тиіс.

03-жоғары тұрған органның ресми атауы;

04-ұйымның ресми атауы;

05-ұйым туралы анықтамалық деректер;

10-құжаттың жасалған немесе баспадан шығарылған орны.
Бланкілерге деректемелерді орналастырудың екі түрлі нұсқасы белгіленген. Бұрыштай және бойлата қою.

3-кезең. «Жылдам жауап» (сұрақтар) интерактивті тақтадағы 6 сұрақ

1. Құжаттама жүйесі дегеніміз не?

2. Құжаттандырудың қандай негізгі бағыттары бар?

3. Бір ізге келтіру формасы қандай үлгіге негізделіп, сол арқылы іске асырылады?

4. Деректеме дегеніміз не? Ол қай тілден аударылған?

5. Құжаттар деректемелерінің құрамы қанша?

6. Құжаттар бланкілерінің неше түрі бар,ол қандай бланкілер?

4-кезең. «Сәйкестендіру» Әр сұраққа дұрыс жауапты орналастыру

IV. Жаңа сабақты бекіту

1. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

1. Бір ізге түсірілген жүйелерге қатысты қандай мемлекеттік стандарттар бар?

2. Құжаттарды стандарттау дегеніміз не?

3. Құжаттарды бекітудің қандай тәсілдері бар?

4. Құжатқа заңдық күш беретін деректемелер

5. Құжат формуляры дегеніміз не?

6. Бланк жиектері қандай өлшемдерден кем болмауы тиіс?

7. Қандай деректемелер мемлекеттік және орыс тілінде қатар берілуі тиіс?