Файл: Заар Жаа жылды таы неткен арайлы А мамыа блеп алды маайды Жаа жылмен ттытаймын деген н анаттана ке алапа тарайды. Келді таы жаа жыл уантумен біздерді тты болсын уаныш ттытаймыз сіздерді. Айслу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Заңғар:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді.

Айсұлу:

Армысыңдар халайық!

Бармысыңдар халайық!

Жаңа жылды жұп жазбай

Бірге қарсы алайық!

Өлеңде әзір әнде әзір

Ойында әзір бәрі әзір

Кел жаңа жыл біздерге

Кел жаңа жыл, жаңа жыл

Нұртай:

Ертегі әлемі, неткен әдемі!

Жасыл шырша жанында барлық достар жиналды

Қане балақай байқашы, мән беріп қарашы

Достардың барлығы, үлгердіме санашы.

Асыға басып, қол ұстасып

Келді әне барлығы!

Жаңа жыл” әні (барлығы айтады, шырша шамы жанады)

“Ертегілер” әнінің әуенімен ортаға Күлшеқыз кіреді.

(Өгей шешесі кіреді. )

Өгей шешесі: (аяғымен жерді ұрып) Күлшеқыз, бері кел!

(Әуен естіліп есіктен қолында қағазы бар ергежейлі кіреді.)

(Ергежейлілер кіріп патшаның жарлығын оқиды)

Ергежейлілер:

Біз сүйкімді ергежейлі,

Орманда біз тұрамыз,

Біз сүйкімді ергежейлі

Орманды біз қорғаймыз

Сыйқырлы біз әлемненбіз

Ертегіні айтамыз біз

Мейірімді патшамыз жар салады

Жар іздеуге ханзадаға

Ергежейлілер: Қайырлы күн! Ойын сауық кешіне шақырамыз. Жаңа жылдық кешімізге батыл Барыс жылы да, патшалығымыздың барлық қыздар қауымы ешбір жан қалмай түгел жиналсын. Патшамыз солай бұйырды.

(Ергежейлі хатты тапсырып, басын иіп, шығып кетеді)

Өгей шеше:

Рахмет, өте қуаныштымыз.

Міндетті түрде барамыз

Күлше қыз киім дайында

Ойын сауық кешіне

Үшеуміз бірге барамыз.

(Екі қызы ортаға шығып)

Күлше қыз: Ооо, мен де кешке барамын

1-қыз: Патшамыз сені күтіп отыр дейсің бе? !

2-қыз: Сендей кір қожалақтарды шақырған жоқ!

(Күлше қызды мазақтап Өгей шешемен залдан шығып кетеді)

Күлше қыз (қиялға беріліп):

Онда қандай көңілді

Шам шырықтар жағылған,

Барлық қыздар билейді

Ханзадамен қызықтап. (әндетіп айтады)

Өгей шеше (қолында шелегі бар ортаға шығады):

Тапсырма мен ойлап таптым,

Көңілді сен босатпа,

Тапқырлығыңды байқайын

Жауап беріп көр сұраққа!

(Еденге шелектегіні төгіп тастайды. )

Күлше қыз (басын ұстап):

Не істеймін енді мынаны

Қалай жауап беріп үлгерем?


Айсұлу:

Күлшеқызға көмекке ата-аналарды шақырсақ.

Ойын: «Қар кесектерін жинақтау»

Өгей шеше (ортаға шығады):

Қыздарым менің әдемі!

Сұлулықтың әлемі

Ойын сауық кешінде

Боласыңдар сендер әдемі

(Ортаға екі қыздары шығып шешелерінің қолынан ұстап шырша артына кетеді)

(Ортаға патша мен ханзада шығады)

Ханзада:_Ойын_сауық_кештеріңКөңілсіз_болды_мен_үшін_(есінеп)Патша'>Ханзада:

Ойын сауық кештерің

Көңілсіз болды мен үшін (есінеп)

Патша:

Ұлым жан – жағыңа қарашы,

Бәрі қандай тамаша.

Көңіл көтер жараса

Заңғар:

Кешіміздің көркін кіргізіп, салтанатын асыру үшін ортамызға қиыр қиыр жерлерді басып өтіп Аяз ата мен Қаршақыз келіп қалыпты.

Аяз ата:

Армысыңдар жарандар

Атқан таңға қараңдар

Шуағын шашып алтын күн

Жаңа жылмен құттықтап

Келіп жеттім алыстан

Ақша қар:

Айтқан тілек жаңа жылда,

Орындалар әрқашан

Тілек тілеп әрқайсымыз

Жаңа жылды тойлайық

Нұртай:

Аяз ата мен Ақшақарға арнап қыздарымыз бен ұлдарымыз “Орыс биін” билеп берсін.

Ханзада:

Шаршатты бұл адамдар,

Қызықты нәрсе табыңдар!

Айсұлу:

Елжанның орындауында “Халқым ай” әнін қабыл алыңыздар

Патша:

Алыс аймақ жерлерден

Келді әдемі сұлулар

Қарашы оның өнерін.

Сұлулыққа көз тоймас

Заңғар:

Биші қыздарымыздың “Үнді биі”.

Өгей шеше (ортаға қыздарын ертіп шығады):

Мәртебелі патшамыз,

Қонақтарды қарсы алып,

Ортаға бері шығыңыз

Би билейік, ән салып. (барлығы билейді)

(Күлше қыз ортаға шығып жылайды) Ертегілер әуені ойнап тұрады.

(Ортаға Перизат шығады қолында сыйқырлы таяғы бар)

Күлше қыз:

Сәлем бердім сізге мен

Келгеніңе қуанып

Перизат:

Жылама қызым, жылама

Жақсылықтың бәрі алда

Орындалып арманың


Сенде кешке барарсың.

Күлше қыз:

Бәрінде сіз білесіз.

Перизат:

Қолымнан келері де көп!

Күлше қыз:

Қандай ғажап адамсыз,

Ризамын мен өмірге,

Ойын сауық кешіне,

Кір көйлекпен қалай барамын.

Перизат:

Ай мен жұлдыз жарығы

Жол көрсетер сендерге

Құпия сиқыр таяғы

Көмекке келер біздерге (сиқырлы таяғымен сермейді, Күлшеқыз әдемі киініп шығады келеді.)

Патша:

Бұл не деген бейбастық

Тағы қонақ келген бе?

Танымайтын ханшайым

Қайдан келдің, қай жақтан?

Ханзада:

Келгеніңе қуанып

Көтерілді көңілім.

Бейтаныс қыз қолыңды бер

Кел бейлейік танысып.

Нұртай:

Уа халайық, тұрмайық, кешімізді жалғайық, бәріміз ырғалып “ Вальс” биін билейік.

Айсұлу:

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

Заңғар:

Ескі жылмен жаңа жылдың орын ауыстырар шағында біз өткенге көз жіберіп биыл қандай табысқа жеттік, өтіп бара жатқан Барыс жылы бізге қандай із қалдырды деген сауалдарға жауап іздейтініміз хақ. Барыс жылы еліміздің құлаш жайып көркейіп, өркендеп келе жатқанын паш етті.

Барыс:

Барыс жылмын, баршаға бақыт әкелдім.

Берекеге, молшылыққа кенелдің

Озат болып оқуда да еңбекте

Ұл қыздарға айтар тілегім.
Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2023 жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер Қазақстан.
Келесі жыл бастауын қоянға беремін

Айсұлу:

Балалар, біз бір жасқа есейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз! Қош, қош, Ескі жыл, Барыс жылы
!

Нұртай:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Тауық жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық

Заңғар:

Өмір деген тоқтаусыз аға берер
Бұл күнге келер ұрпақ баға берер,
Егеменді елімнің ертеңі үшін
Жыл болғай тыныштығын ала келер.

Айсұлу:

Қатарымызға жаңа қосылған Қоян жылының құрметіне ойын ойнасақ.

Ойын: «Көршіңді тап» (қар жауды , шырша, жылан, көршіңді тап)

Шарты: Ойынға аяз ата мен ақша қар шығады. Ойын жүргізуші «Қар жауды» деген кезде орындарында тұрып билейді. «Шырша» деген кезде екеуі бір-бірлерінің қолдарын ұстап айналады, «Жылан» деген кезде бір-бірлерінің артында тұрып шыршаны айналып келеді, «Көршіңді тап» деген кезде Аяз ата ересек адам алып шығу керек (ол ата-ана немесе мұғалім болуы мүмкін), ал ақша қар оқушыны алып шығады. Сөйтіп ойын ортаға барлық кешке қытысып отырған адамдар шыққанша қайталанып, жалғаса береді.

Елжанның орындауында ән “Мен сіздерді жақсы көремін

Әзіл сықақ қойылымы

Мирастың шырқа йтын әні

Флешмоб