Файл: Кні 26. 12. 2022 Таырыбы Мен мірді сйемін.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Күні: 26.12.2022

Тақырыбы: «Мен өмірді сүйемін»

1-жүргізуші :Армысыздар, бүгінгі «Мен өмірді сүйемін» атты тренингімізді бастауға рұқсат етіңіздер. «Тіршіліктің әр күні ләззат, шаттық, оны кей пенде сезінеді, кей пенде сезінбейді. Тіршіліктің әр күнін бақыт деп сана» дегендей, өткенге өкінбей, керісінше одан сабақ алып, болашаққа деген нық қадамдар жасауға тырысуымыз керек. Барды бағалап, қолдағыны қанағат етуді де, алғыс білдіруді де ешқашан естен шығармаған абзал.

https://www.canva.com/design/DAFV2TTNd10/BjthDO3kYLJ1uQH_gvgZHg/edit?utm_content=DAFV2TTNd10&utm_campaign=designshare&utm_medium=link2&utm_source=sharebutto

2-жүргізуші: Келісемін, өмірде айтуға ұмытып кетіп жататын ең асыл үш сөзіміз: «рахмет, жарайсың және кешір». Соның ішінде «рахмет» сөзін ең керекті деп санаймын.

3-жүргізуші: Бізде ол сөзді алғыс сөзі ретінде қолдануының өзіндік мəні бар. Бір кісіге алғыс білдірерде «рақмет» деу арқылы біз оған: «Саған Алланың рақымы болсын» деп бата берген боламыз. «Рақмет» сөзінің астарында осындай дұға-тілек жатыр.

1-жүргізуші :Қазір, жанымыз да отырған адамға шын жүрегімізден алғыс айтатын боламыз. Кезек-кезек.

2-жүргізуші: Алғыс айтып, көңілімізді бір көтеріп алсақ, келесі кезекті төрт минуттық мотивациялық бейнероликке берейік.

https://youtu.be/3Js_COAa0tQ 

3-жүргізуші: Көрсетілген видеороликтен түсінгендеріңді 1 сөйлеммен айтып беріңдер.(3 адам)

1-жүргізіуші: Студенттер ендігі кезекте өмірлік жағдаяттардың шешімін тауып көріңдер. Жағдаяттар Learningapps сайтымен жасалынады.

  1. Сіз ініңіз соңғы уақыттары көңіл күйсіз жургенін байқадыңыз. Кешкісі ас үстінде ата-аналарыңыз мектеп жайлы сұрай бастағанда ініңіздің қобалжып, сасқалақтағанын байқадыңыз. Астан кейін бөлмесіне барып, мән жайды білгіңіз келді .Ол"- мектепте бағаларым төмендеп кетті, соны ата анамыз біліп қойса маған ренжиді деп ойлап жүрмін. Қанша тырысып оқысам да бағамды көтере алмадым" дейді .Сіз ініңізге қандай ұсыныс немесе көмек берер едіңіз?


  2. Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді.Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?

  3. Мен 15 жастамын. Мен «жасөспірім ауытқуында» жүргенімді түсінемін. Менің бұл дипрессиялық жағдайда жүргеніме екі жылдай болды. Болмашы нәрселерге көңілім босап жылай беремін. Өзімді ұстай алмаймын. Ата-анамның бір-бірімен ұрыс, дау- жанжалдарынан шаршадым. Сатқындықтардан, шешілмеген махаббаттан, отбасы мәселелерінен қатты шаршадым. Шыдай алар емеспін, өзімді ұстамдылыққа қалай тәрбиелесем екен? Өз-өзімді алдап, достарыммен қыдыруға шықсам да жан дүнием жаман сезімде болады.

  4. Әкесінің жеке тікұшағы бар. Ол бизнесмен. Шалқыған бай. Ол жасөспірімде бәрі бар. Бірақ, өзін бақытсыз сезінеді. Достары да аз, ата-ананың жылулығы жоқ. Бұл байлықтан шаршаған. Қандай кеңес берер едіңіздер?


2-жүргізуші: Абай – реалист. Жасыратыны жоқ, бізде өмірдегі бүкіл қызықты тек балаға тіреп тастайтын кез аз емес. Жоқ, өмірде қызық көп. Бірақ соның ішінде аса маңыздысы – ұрпақ, бала. Абай әр нәрсенің шынайы, нақты бағасын береді. Сондықтан да, бар қызығы демейді, бір қызығы дейді. Сөйтеді де, "баланы оқытуды жек көрмедім" дейді.

3-жүргізуші: Студенттер қолдарыңызға берілген қағаздарға келесі сөздерді жазыңыз: жанель

1-жүргізіуші: Тренинг соңын керемет көңіл-күймен аяқтау үшін баршаңызды ортаға биге шақырамыз!

2-жүргізуші: Өмірде әрдайым күліп жүрейік! Тренингімізді аяқтаймын. Атсалысқандарыңызға алғысымызды білдіреміз!