Файл: Жас мамандара арналан зінзі ашу тренингіні орытынды Анытамасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.05.2024
Просмотров: 19
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жас мамандарға арналған «Өзін-өзі ашу» тренингінің қорытынды Анықтамасы
Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру,жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне,бейімделуіне ықпал жасау үшін және мамандардың ашылуына,өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу мақсатында тренинг жүргізілді.
Жас мамандармен бұл мен жаттығуында әр қатысушы өзін мінездейтін 5 сөз жазып,теңеу ойлап тауып,оны қағазға жазып бір-біріне сұрақ қою туралы мінездерін тапты. «Сөздік ойын» тапсырмасында сөздік қорларын тексеру арқылы ойын құрастырдық. «Күлбикеш»тестінде 4 көріністің суреті көрсетілді.
1.Өгей шешесі мен оның қыздары Күлбикешті қинаған көрініс.
2.Сағат 12 болғанда Күлбикештің патша сарайының баспалдағында өз бешпентін жоғалтып алғаны.
3.Мейірімді періштенің сиқырлы таяқшасының көмегімен әдемі де бақытты ханшайымға арналған Күлбикеш көрінісі.
4.Ханзада Күлбикешті тауып алып,аяғына бешпентін кигізіп жатқан көрініс
Көрсетілген көріністер бойынша таңдалған нұсқаға әркім өзіне тән мінездемемен танысты. Жалпы арналған тренинг жас мамандардың ашылуына, ұжымның бір маманы ретінде сезінуіне жақсы ықпал етті. Тренинг соңында қатысушылармен кері байланыс жасалынып,алған әсерлерімен бөлісті. Мамандар тарапынан осындай тренингтердің жиі өткізуін өтінді.
Педагог-психолог И.Н.Даирбекова
«Жас мұғалімнің бейімделу проблемасы» сауалнамасының қорытынды Анықтамасы
2020-2021 оқу жылындағы екі жас маманның бейімделуін анықтау үшін сауалнама алынып,төмендегідей сұрақтар қойылды.Сауалнамада төмендегідей сұрақтар қойылды.Жұмысты қалай ізденіп тапқаны туралы; тәлімгер мұғалімің барма; педагогикалық жұмысыңыздан кейін сіздің мұғалім жұмысына деген көзқарасыңыз қалай өзгерді;мектептегі жұмыстың сапасына қаншалықты көңіліңіз толады;қандай проблемалармен жиі кездесесіз;мамандықты ауыстыру туралы ойыңыз барма деген сұрақтар қойылды.
қалай жұмысты
Жас мамандарға қойылған сауалнама қорытындысы бойынша жұмысқа саналы түрде келгенін,тәлімгер мұғалімі бар және оның көмегі тиімді екенін,мектептегі жұмыстың сапасына көңілі толатынын,қанағаттанатын жеткізді. Мектеп тәжірибесінде проблемаларға біреуі ата-аналардың мұғалімге деген қарым-қатынасы деп жауап берсе,екіншісі балалардың оқуға ынтасы жоқтығын айтты.Мамандық ауыстыру туралы тек біреуі мақұлдады.
Педагог-психолог И.Н.Даирбекова