Файл: Интеллектуалды сайыс ткізген мірхан С. Е. Сабаты таырыбы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.05.2024
Просмотров: 14
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бекітемін:
Мектеп директоры: Д.Е.Самбетова
(интеллектуалдық сайыс)
Өткізген: Өмірхан С.Е.
Сабақтың тақырыбы: «XXI – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы
Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Әдісі: баяндау, ой қозғау, сұрақ – жауап
Түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, интерактивті тақта, балдық жүйе
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Құрметті оқушылар, әріптестер бүгінгі «XXI – ғасыр көшбасшысы» атты білім сайысына қош келіпсіздер! Бұл білім сайысының мақсаты 7-9 сынып оқушыларының білім деңгейін жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру кезеңі
– Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Үлгі алайық даналардан!
-Құрметті ұстаздар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 7-9 сынып оқушыларының арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысты өткізгелі отырмыз.
Қатысушы оқушылармен, әділ-қазылар алқасымен таныстыру.
7-сынып-Алдибек Алинұр
7-сынып-Ибрагимова Дина
7-сынып-Марат Руслан
7-сынып-Сейтжан Тахмина
8-сынып-Болатхан Ақнұр
8-сынып-Сейтжан Заманбек
8-сынып-Ибрагимов Төленді
9-сынып-Ерсаин Альбина
9-сынып-Жұмағожаев Асылжан
9-сынып-Марат Жұлдыз
9-сынып-Рахым Балнұр
9-сынып-Халық Мақсат
– Сайыс 6 бөлімнен тұрады.
- Бүгінгі сайысымыз алты кезеңнен тұрады. Әр екі кезеңнен кейін ұпайы аз екі оқушы шығып отырады.
«Таныстыру»
1 - кезең: «Бәйге»
2 - кезең: «Полиглот»
3- кезең: «Кім жүйрік»
4- кезең: «Жекпе-жек»
5 - кезең: «Білімпаз»
6-кезең: «Көшбасшы»
– Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 10 ұпайдан беріледі. Әр турдан кейін ұпайы төмен оқушылар шығып отырады. Ең соңында бір оқушы, яғни көшбасшысы қалу керек.Сонымен, қатысушыларға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.
«Таныстыру»
- Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп бірінші сайысымыз «Таныстыру» кезеңін бастауға рұқсат етіңіздер.
1 - кезең: «Бәйге». Бұл кезеңде сіздер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап бере алады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға мүмкіншілік бар. Сонымен, бәрлеріңе сәттілік тілеймін!
- Ал, бастайық!
Қарап тұрмай бәйгеге кеп еніңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.
1. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)
3. Қ. Р. рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран)
4. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
5. «Оян қазақ» кітабын жазған жазушы?(М. Дулатов)
6. Екі тәулікте неше сағат бар?(48 сағат)
7. Қазақтың ұлы ақыны?(Абай)
8. Азиада ойындарының бойтұмары не? (Барыс күшігі Ирби)
9. Өсімдік мүшелерін ата? (Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)
10. Қ. Р. мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)
11. Теңдеу құр және оны шеш: х пен 50 - дің қосындысы 60 - қа тең.(х+50=60 х=10)
12. 28 сағатта неше тәулік, неше сағат бар?(1 тәулік 4 сағат)
13. Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған, адам басына құрылған әңгімені аңыз дейміз)
14. Топырақтың құрамы? (Су, ауа, шірінді, құм, саз)
15. Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?((Қосымша)
16. 2 минут 30 секундта неше секунд бар?(150 секунд)
17. Мақалды жалғастыр: Оқусыз білім жоқ,....................(Білімсіз күнің жоқ)
18. Абылайдың шын аты кім? ( Әбілмансұр)
19. Ең кіші планета? (Меркурий)
20. а+35қандай өрнек түріне жатады? (санды өрнек)
3 - кезең: «Кім жүйрік»
Химия
1. 10-ұпай. Сілтілік металл (натрий)
2. 20-ұпай. Периодтық кестенің авторы (Д.И.Менделеев)
3. 30-ұпай. Аспен келетін тамаққа дәм беретін зат (ас тұзы, NaCl
4.40-ұпай. Ауаның құрамындағы ең көп элементтер (азот, оттек)
5. 50-ұпай. Мыстың латынша аты? (купрум
Математика
1. 10-ұпай.5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут ұстайды? (5 минут)
2. 20-ұпай.Үшбұрыштың 3 қабырғасы берілген 10,15,7, оның периметрін тап? (32)
3. 30-ұпай.“Миллион” деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы?(Ы.Алтынсарин)
4. 40-ұпай.Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем?(аксиома)
5. 50-ұпай.Геометрияның жазықтағы заңдылықтарын зерттейтін бөлімі?(Планиметрия)
Физика
1. 10-ұпай. Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі /Рекс/
2. 20-ұпай. Заттың ең кішкентай бөлігі? /атом/
3. 30-ұпай. Физика не туралы ғылым? /табиғат/
4. 40-ұпай. Электр тогы дегеніміз не? / зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы/
5. 50-ұпай. Ауаның қысымын анықтайтын құрал /Барометр
География
1.10-ұпай.Әмудария мен Сырдария аралығындағы шөл?(Қызылқұм)
2. 20-ұпай.Экватордың жалпы ұзындығы?(40000 км)
3. 30-ұпай. Барлық жағынан мұхиттармен және теңіздермен қоршалған құрлықтың үлкен көлемі. / Материк /
4. 40-ұпай. Ең терең көл? (Байкал)
5. 50-ұпай. Әлемдегі ең үлкен шөл. / Сахара /
Информатика
1. 10-ұпай.Компьютердің негізгі бөліктерін ата?(Жүйелік блок, Монитор, Пернетақта)
2. 20-ұпай.Принтердің неше түрі бар?(3 түрі бар)
3. 30-ұпай.Вирустың кері әсерін жоятын программа ?(Антивирус)
4. 40-ұпай.“Компьютердің атасы” деп кімді атаған?(Ч. Беббидж)
5. 50-ұпай. Тасымал компьютер. /Ноутбук /
Биология
1) 10-ұпай.Таныстыру және зерттеу үшін кептірілген өсімдіктер жиынтығы.
/ Гербарий /
2) 20-ұпай.Адамзат тарихындағы бірінші антибиотик. / Пенициллин /
3) 30-ұпай.Бұл вегетативтік органның арқасында өсімдік коректенеді.
/ тамыр /
4) 40-ұпай.Асқабақ тұқымдастарға қандай өсімдіктер жатады.
/ Қауын, қарбыз, қияр /
5. 50-ұпай.Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктердің тізімі жазылатын орын. /«қызыл кітап» /
3- кезең: «Полиглот»
Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Барлық ұпай, шәкірт саған несібе. Мұнда сіздерге жұмбақтар жасырылады, ал сиздер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
1. Қабат – қабат қаттама
Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book)
2. Футболшының алаңдағы ойын заты? (доп – мяч - ball)
3. Жүз теңгең болғанша,
Жүз....... болсын. (дос – друг - friend)
4. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)
5. Жеті қазынаның бірі –
Адамды қорып жүретін досы.(ит – собака - dog)
6.Мен – ақ қалам, ақ қалам,
Жазған сайын жоқ болам. ( бор – мел- )
7.Қарап тұрсаң өзіне,
сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Дәл қазіргі кезіңе. ( айна – зеркало- )
8.Күндіз бәрі қашады,
түнде аспанды басады. ( жұлдыз – звезда- )
9.Қыста ғана болады,
ұстасаң қолың тоңады. ( қар – снег- )
10.Үй ішін аралап,
түнде көп жортады.
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады. ( тышқан – мышь- mous)
11.көкпеңбек еді көктемде,
қызарды күзге жеткенде. ( алма – яблоко-apple)
12.күндіз де жүреді,
түнде де жүреді.
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Не жүрген жолы жоқ. ( сағат – часы-clock)
3- кезең: «Жекпе-жек»
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.
- Сендер бұл кезеңде дайындалған 20 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңе қарай ұпай жинауға болады. 1 сұраққа 1 минут уақыт беріледі. 1 сұрақ 1 ұпай болып есептеледі. Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!
1-ойыншы:
1. Реніш сөзінің антонимі? (Қуаныш)
2. Жерге ең жақын планета? (Шолпан)
3. Жердің табиғи серігі? (Ай)
4. Еліміздің мұнай өндіретін облысы? (Маңғыстау, Атырау)
5. Ресейдің Астанасы? (Мәскеу)
6. Дүние жүзінің чемпионы, балуан атамыз? (Қажымұқан)
7. Ең кішкентай жай сан? (2)
8. Құмырсқа өз илеуін ағаштың қай жағына салады? (оңтүстігіне)
9. Қозы-Көрпеш ғашығы? (Баян Сұлу)
10. Массаның өлшем бірлігі? (килограмм)
11. Ең ірі сүт қоректі? (кит)
12. Қазақстан жер өлшемі бойынша дүние жүзінде нешінші орында? (9-шы орында)
13. Ненің шұңқырын көрмейміз? (желкенің)
14. «Қырық өтірік» өлеңінде өтірік өлеңді кім айтты? (Тазша бала)
15. Дүние жүзінде ең халқы көп мемлекет? (Қытай)
2-ойыншы:
1. Қуаныш сөзінің антонимі? (Реніш)
2. Термометрге қандай металды пайдаланады? (Сынап)
3. Англия астанасы? (Лондон)
4. Қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы? (Жақсылық Үшкемпіров)
5. Қаттқан су? (мұз)
6. Кебек ғашығы? (Еңлік)
7. Килограмм қай шаманың өлшем бірлігі? (масса)
8. Ең кішкене құс? (Калибрий)
9. Ненің сүті тілінде? (сиыр)
10. Атмосфераның температурасын өлшейтін прибор? (Термометр)
11. Африкадағы құмды шөл? (Сахара)
12. Натурал санға жатпайтын сан? (0)
13. Қаймақ қандай сүттен жиналады? (пысқан)
14. Тура айтқан кімге жақпайды? (Тумасына)
15. Ауырмайтын жыртқыш? (Акула)
3-ойыншы:
1. Төмен сөзінің антонимі? (жоғары)
2. Мұздың еріген түрі? (Су)
3. Адам немен дем алады? (оттегі)
4.Франция астанасы? (Париж)
5.Абайдың неше қара сөзі бар? (45)
6. «Ақ маржан» аталатын дәнді дақыл? (Күріш)
7..Баян Сұлу ғашығы? (Қозы Көрпеш)
8. «Балбырауын» күйінің авторы? (Құрманғазы)
9.Қазақстандағы ең ұзын өзен? (Ертіс)
10. Өз заманында «Қарлығаш әулие» атанған кім? (Қазыбек би)
11.Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (1)
12.Қыз ұзатудағы қыздың әні? (Сыңсу)
13.Қан беруші адам? (Донор)
14. Сүйінбай қай ақынның пірі болған? (Жамбыл)
15.Операның халықаралық тілі? (Италия)
5 - кезең: «Білімпаз» «ҚЫЗЫҚТЫ ЖАҒДАЯТТАР»
Топбасшыларының сайысы.
Ойлану уақыты 5 секунд.
1) Бес жұмыртқа 12 минутта піседі, ал он жұмыртқа неше минутта піседі?
/12 минут/
2) Бір жанұяда 5 ұлдың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? /6 бала/
3) Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшылар біреуін атып алды. Қаншасы қалды? /Түйеқұс ұшпайды/
4) Ұшақ Шымкенттен Астанаға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұны қалай түсіндіресің? /Тең/
5) 1 т мақта ауыр ма? әлде 1 т темір ауыр ма? /Тең/
6) Көп үйрек ұшып келеді, екеуі артында, біреуі алдында, екеуі екі жағында, біреуі ортасында, екеуі алдында, біреуі артында. Барлығы қанша үйрек? /3 үйрек/
6-кезең: «Көшбасшы» 1-ойыншыға:
1) Берген сауа-садақа, қасиетті… (Жұмада, пятница, Friday)
1) «… жылда ел жаңа» (елу, пятьдесят, fifty)
1)Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. (Кітап, книга, book)
Қорытынды. Осымен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысымыз аяқталды. Көшбасшы атанған оқушыны шын жүректен құттықтаймыз біліміңіз шыңдала берсін депекпіз.
6-кезең: «Көшбасшы» 1-ойыншыға:
1) Берген сауа-садақа, қасиетті…
2) «… жылда ел жаңа»
3) Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.