Файл: Дарынды балалара талантты стаз атты мектепішілік педагогикалы олимпиадасын йымдастыру жне ткізу ережесі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.05.2024
Просмотров: 6
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты мектепішілік
педагогикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу
ЕРЕЖЕСІ
-
ОЛИМПИАДАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Олимпиаданың мақсаты: жас педагогтардың өзін-өзі жетілдіруге және әлеуеттік шығармашылығының дамуына жағдай жасау, білім беру жүйесін дамытуға кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Педагогикалық олимпиаданың бағыттары:
-
педагогтардың педагогикалық қызметте өзін-өзі анықтау бағдары; -
педагогтардың білім беру мекемелерінің болашақтағы дамуына бағдары; -
білім беру мекемелерінде жаңаша өзгерістер кезінде педагогикалық қызметтің дамыту процесіне мұғалімдерді енгізу; -
шынайы білім беру процесінде жас педагогтардың педагогикалық бастамаларын жинақтау және тарату; -
педагогика саласындағы шығармашыл жастарды қолдау.
Педагогикалық олимпиаданың негізгі міндеттері:
-
педагогикалық мамандықтың мәртебесі мен беделін өсіру; -
жас педагогтердің әдістемелік деңгейін жетілдіру; -
жас педагогтердің оқу-тәрбие процесіне инновациялар енгізуде және ізденуде мотивацияларын арттыру; -
инновациялық және эксперименталдық жұмыстарда дербестігін және кәсібилігін арттыру; -
жас мамандардың педагогикалық қызметте өзін-өзі жетілуіне және талдау жасауына, олардың шығармашылық қабілеттері мен кәсіби ұстанымдарын дамыту; -
жас мамандардың кәсіби қоғамдастығында әріптестердің өз ойын білдіруге, кәсіби қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғызу.
-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР
Педагогикалық олимпиадаға білім беру ұйымдарының штаттағы педагог қызметкері болып табылатын, еңбек өтілі 1-5 жылды құрайтын педагогтер қатыса алады.
-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ӨТКІЗІЛУ БАРЫСЫ
1 - ТАПСЫРМА
Өзін-өзі таныстыру «Педагогикалық дебют» (регламент - 7 минут);
Формат: заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігі, өзінің кәсіби іс-тәжірибесін ауызша ұсыну.
Бағалау критерийі:
Педагогикалық шеберлік (1-10 балл)
- шығармашылық жұмысты ұсынуда дайындық деңгейі;
- өз кәсіби қызметінің жетістіктері мен сәтсіздіктеріне анализ жасай білу;
- ақпараттық компьютерлік технологияларды пайдалану;
- ауызша сөйлеу қабілеті (мәнерлілігі, ашықтығы, көркемділігі, сауаттылығы);
Әртістілігі (1-10 балл)
- импровизациялық қабілеті;
- аудиторияға ықпалының деңгейі.
Жалпы мәдениет (1-10 балл)
- эрудиция;
- қалыптан тыс ойлауы;
- коммуникативтілік мәдениеті.
2 - ТАПСЫРМА
«МЕКТЕП ҚҰНДЫЛЫҒЫ – МҰҒАЛІМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» педагогикалық идеясын қорғау.
Идея немесе жобаны ұсыну барысында мұғалімдер өздерінің жұмыс жүйесіндегі негізгі идеяны, кәсіби құзыреттілік деңгейін, технологиялық және коммуникативтік мәдениетті, сабақтың эстетикасын, оқу үрдісін талдай білуді тәжірибелік түрде жүзеге асырады.
-
Форматы: TED (TED - бұл «Таратуға лайықты иделарға» арналған жоба) -
Сөйлеу уақыты: 10 минут (7 минут сөйлеу, 3 минут қазылар алқасының сұрақтары) -
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының миссиясы: үздік педагогикалық идеяларды тарату.
БҰЛ ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫ ЖАҚСАРТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕ АЛАТЫН, ӨЗІНІҢ БІРЕГЕЙ ИДЕЯСЫН ТАРАТУҒА КӨПШІЛІККЕ МҮМКІНДІК БЕРЕТІН АЛАҢ!
-
Педагогикалық олимпиаданың ұйымдастырушылары, TED құрылтайшылары мен ізбасарлары секілді, өмірді, білім беруді және жалпы әлемді өзгертуге қабілетті идеяның күшіне сенеді.
TED – бұл әлемдегі ең жақсы ойшылдардан тегін білім мен Шабыт ұсынатын алаң.
TED-бұл идеяға құмар, ізденімпаз жандар қауымдастығы.
-
Ұсыныстар:
Сіздің сөйлеген сөзіңіз сәтті болуы үшін www.TED.com сайтында TED конференциялары мен серіктестік конференцияларының 1000-нан астам үздік баяндамаларының жинағы бар, оларды кез келген адам еркін көре алады.
Апта сайын сайтта жаңа қойылымдар пайда болады. Олардың барлығы ағылшын тіліндегі субтитрлермен бірге жүреді, олардың көпшілігі әлемнің 20-дан астам тіліне аударылған.
Сіздің сөйлеген сөзіңіз сәтті болуы үшін біз келесі ҰСЫНЫСТАРДЫ ұсынамыз:
-
Шынайы болыңыз – TED сахнасы алдау және манипуляция орыны емес, шындықпен бөлісіңіз. -
Ұлылықты армандаңыз – әрине, TED сахнасында екі-үш, ал кейбіреулері тіпті бес рет сөйлеген спикерлер бар, бірақ көпшілігі үшін бұл мүмкіндік өмірде бір рет болады, сондықтан идеяны өте байыппен таңдау керек -
Тарихпен бөлісіңіз – фигуралар, фактілер, логикалық аргументтер, мұның бәрі кез-келген лайықты сөйлеудің маңызды атрибуттары, бірақ сіз егерде оларды жанжалмен, қаһармандар және антиқаһармандармен әңгіме түрінде ұсынсаңыз, маған сеніңіз, аудитория әлдеқайда жеңіл болады. -
Сахнада саудаламаңыз – бұл үшін жиналыс бөлмелері бар, ал сахнадан шабыттандырған дұрыс. -
Әзілді қосыңыз -
Эмоцияны қосыңыз – бұл тек оң эмоцияларды қосуды білдірмейді! Аудитоияны жылатыңыз, күлдіріңіз, сезіндіріңіз. Эмоциямен берілген фактілер көпке дейін есте қалады. -
Басқалармен дауласыңыз – TED ұйымдастырушыларында барлық спикерлер бірігіп жұмыс жасау керек деген міндеттері ЖОҚ! Сахнада әр түрлі пікірді қорғаушылар болған керемет қой, өйткені дауда шындық туады. -
Өзіңіздің шынайы көрсетіңіз – Қазіргі әлем өтірік маскаларға толы: «жетістік маскасы», «әділетсіздік маскасы», «кінәсіздік маскасы» т.б. Сізден өтінеріміз, егер сіз TED-те презентация жасасаңыз, еркін болыңыз. -
Ешқашан баяндамаңызды қағаздан оқымаңыз – Ешқашан. Баяндамаңызды. Қағаздан оқымаңыз. -
Уақытында аяқтаңыз – дайындық үстінде және баяндама кезінде әрдайым кері санағы бар үлкен сағаттар болады. Сондықтан «көптеген дайындықтар саны» және «кері санағы бар үлкен сағаттар» бұр «уақытында аяқтауды жеңілдететі». Бұл маңызды, өйткені сізде тек 10 минут қана бар.
Ұсынылған идеяны бағалау критерийі:
Педагогикалық шеберлік (1-10 балл)
- шығармашылық жұмысты ұсынуға дайындық дәрежесі;
- өз қызметінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін адекватты түрде талдай білу;
- ауызша сөйлеу өнері (ашықтық, мәнерлілік, бейнелілік, сауаттылық);
- Әртістілігі (1-10 балл)
- импровизация қабілеті;
- аудиторияға әсер ету дәрежесі.
-Жалпы мәдениет (1-10 балл)
-эрудиция;
- стандартты емес ойлау;
- коммуникативті мәдениет.
Рефлексивтілік (1-10 балл)
- конкурсқа қатысушының жұмыс тақырыбы бойынша жеке ұстанымы, оның аргументі;
- педагогикалық құралдарды таңдау және білім беру процесін ұйымдастыру әдісі;
- өз деңгейін анықтау мүмкіндігі.
Нәтижелілігі (1-10 балл).
№1 форма
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты мектепішілік педагогикалық олимпиадасына қатысушының
Ақпараттық картасы
Жалпы мәліметтер | ||
| Аты-жөні, тегі (толық) | |
| Туған күні, айы, жылы | |
Байланыс | ||
| Мекен-жайы | |
| Телефоны: жұмыс, үй, ұялы | |
| Электронды поштасы (жұмыс, жеке) | |
| Интернеттегі жеке сайты | |
| Интернеттегі мектеп сайты | |
Білімі, біліктілігі | ||
| Бітірген оқу орны (толық атауы), факультеті, дипломы бойынша мамандығы, аяқтаған жылы | |
| Біліктілік арттыру курстары (база, курстардың атауы, сағат саны) | |
| Магистратура (оқу ұйымы, бағыты) | |
Жұмысы | ||
| Жұмыс орны (толық атауы, устав бойынша), қызметі | |
| Жалпы жұмыс өтілі | |
| Педагогикалық жұмыс өтілі | |
| Пәні | |
| Апталық жүктемесі | |
Ғылыми, әдістемелік жұмыс | ||
| Жеке әдістемелік тақырыбы | |
| Ғылыми жұмысы | |
| Басылымдар, мақалалар | |
| Авторлық педагогикалық әзірлемелер, бағдарламалар | |
| Әдістемелік бірлестік, кафедра мәжілісінде, педагогикалық кеңестерде, ғылыми-практикалық конференцияларда жасаған баяндамалары/күні, баяндама жасау форматы, тақырыбы/ | |
| Кәсіби конкурстарға қатысу | |
Қоғамдық жұмыс | ||
| Үкіметтік, салалық, қоғамдық және халықаралық марапаттары (атауын және марапатты алған жылын көрсету керек) | |
| Қоғамдық ұйымдарға мүшелілігі (атауы, ұйымға кірген жылы) | |
Әуестігі | ||
| Әуестігі | |
Отбасы | ||
| Отбасылық жағдайы | |
| Балалары (балалардың атын және жасын көрсету) | |
| ||
| Конкурсқа қатысу туралы шешім қабылдадым, өйткені… | |
| Күні Қатысушының қолы | «____» _______________ 2023 ж. ________________ толық АЖ |
| Дата Мекеме жетекшісінің қолы | «____» _______________ 2023 ж. ________________ толық АЖ М.П. |