ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.05.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1-күн, 3-сабақ 4-үлестірме материал
Оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны
Оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары белгілі бір пән және сынып аясында оқушылардыңнені оқып, нені үйрену қажет екендігін айқындау үшін қолданылады. Сонымен қатар, жекелеген пәнді оқыту мазмұнына қысқаша шолу ұсына отырып, бұл құжаттар мүдделі тараптарға оқушылардың белгілі сынып аясында білім беру бағдарламасы бойынша жалпы түсінік алуына, белгілі бір сыныпта оқушылардың қандай білім, білік, тәжірибе жинақтайтынын анықтауға мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламасы
Оқу бағдарламасы – бұл пәннің құрылымдастырылған сипаттамасын, сондай-ақ пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер туралы мәлімет ұсынатын құжат.
Оқу бағдарламасында пән бойынша оқушылар әр сынып аясында дамытады деп күтілетін білім, білік, дағдылар оқу мақсаттары түрінде бейнеленеді. Осы оқу мақсаттарында білім беру бағдарламасының әр сыныпқаарналған мазмұны анықталады. Оқу мақсаттары бөлімдермен бөлімшелерге бөлінеді, алайда оларды ұсынылған тәртіпте ғана оқыту міндетті емес. Оқу бағдарламасы спиральділік қағидатының негізінде оқушылар сыныптан сыныпқа ауысқан сайын қалай алға ілгерілейтінін көрсетеді.
Оқу бағдарламасында қамтылатын мәселелер:
-
пәннің мақсаты, міндеті және маңызы туралы тұжырым; -
дамытылатын білім, түсінік, дағдылар, көзқарастар мен құндылықтар туралы мәлімет; -
пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер; -
ақпараттық-коммуникациялық технологиялартуралы түсініктеме; -
бағалау тәсілдеріне қысқаша шолу; -
бағдарламаның мазмұны, ұйымдастырылуы және ондағы материалдардың күрделілігінің өсу реті.