Файл: Кокколарды трлері Дайындаан Млік Диас.pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Кокколардың түрлері

Дайындаған:Мәлік Диас


Коккалар (гр. Kokkos - дəн) — дөңгелек пішінді бактериялар.

Олар бөлінгеннен кейінгі клетка орналасуына байланысты өз ішінде топқа бөлінеді.Сол топтарға тоқтала кетсек:

1.Стрептококк;

2.Стафиллококк;

3.Пневмококк;

4.Менингококк.

5.Гонококк

Гонококк

Морфологиясы:Ірі бүршақ тәрізді,микрокапсуламен қоршалған,талшықтары жоқ,спора тұзбейді. Жасушалық қабырғасында сыртқы мембранасы бар,оның белоктары үш топқа бөлінеді функциональдық маңыздылығы боынша. Кірпікшілер бар, бір-біреунен антигендік белгілермен ажыратылады (16 варианттар).

Антигендік құрылысы:Өзгерісті,инфекция даму кезінде қалыптасатын кірпікшілердің көп антигендік варианттарымен байланысты.

Қоршаған орта факторларына әсері:Сұйық ортада 60*С-да қыздырғанда 15 минут ішінде өледі. Күйік қабыршақтарында көп сақталады. Ең қолайлы дезинфекция шаралары 2% карбол қышқылы.

Инфекция көзі,таралуы:Антропоноз(аурумен ауырған науқас және бактерия тасылмалдаушы)

Патогенділік және патогенез:Гонококктар уретраның цилиндрлық эпителийына, жатыр мойынның қынап бөлеміне ,тік ішекке ,және сперматозоидтар мен қарапайымдыларға ( трихомонада, амебаға ) бекітіледі. Адгезия жасуша қабырғасындағы сыртқы мембрананың кірпікшілердің және белоктардың қатысуымен өтеді. Гонококктардың ерекшелігі - лейкоциттерге кіріп, ішінде көбею. Жасуша қабырғасының липополисахаридтік бөлімі токсиндік әсер етеді. Капсулалық полисахаридтер фагоцитозды төмендетеді. Олар уретра кілегей қабатының цилиндрлық эпителий кірпікшелерімен қосылып , әйелдерде эндоцервикальдық канал кірпікшелермен,гонококктар жасуша ішіне жасуша қабырғаның сыртқы мембрана белоктардың қатысуымен енеді. Содан жедел уретрит,цервицит,әйелдерде-сальпингоофорит, эндометрит дамиды; еркектерде – ұрық көпіршілер зақымданады. Экстрагенитальды орналасса гонококктар тік ішекті, бадамша бездерді, және бленнореяны ( бленореяны ) нәрестелерде қоздырады. Жұғу тез инфекциямен ауру ананың туу жолдарынан өткенде болады.


Иммунитет:Тез сырқатында гуморальдық иммундық жауап орындалады. Бірақ түзілетін антибактериальдық антиденелердің протективтік белгілері болмайды. Ауру дамыған кезде уретра кілегей қабықтардың жасушаларына қоздырушылар кірпікшелерінің бекітілуін басып тастайтын IgА түзіледі. Бірақ олар кілегей қабаттарды гонококктармен қайтадан зақымдаудан қорғамайды, үйткені гонококктардың антигендік қүрылымы өзгереді. Сондықтан реинфекциялар және рецидивтер болады, ауру созылмалы формаға айналады.