Файл: ШЖ Талдыоран жоары медициналы колледжі мкк тжірибелік сабаТЫ дістемелік деуі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.05.2024
Просмотров: 7
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУІ
Пән: «Анатомия және физиология»_______________________
(модуль немесе пән атауы және коды)
Мамандық_______ 09130100 «Мейіргер ісі» ______________________________
(шифрмен атауы)
Біліктілік__4S09130103«Жалпы тәжірибедегі мейіргер ісі»____________________
(шифрменатауы)
Құрастырушы:____Акжигитов Дастан Берикканович_________________________
(фамилиясы, аты-жөні)
Курс | Семестр | Тақырыбы: | |
3 | 5 | Қол-аяқ сүйектерінің құрылысы,олардың қосылуы. |
№ 4 ЦӘК отырысында қаралды
Хаттама №____________2022 Ж
ЦӘК төрайымы: Сағындықова Ж.А.
Тақырыбы: Қол-аяқ сүйектерінің құрылысы,олардың қосылуы
білімділік: теориялық білімдерін тәжірибелік дағдылармен ұштастыруға,жүйелендіру және топтастыру.Ойларын тұжырымдауға уйрету.
тәрбиелік:білімгерлерді салауатты өмір сүруге,жақсы маман иесі болуға тәрбиелеу.
дамытушылық: Студенттердің деонтология ережелерін сақтауға үйрету;Студенттердің тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру; өз ойларын тиянақты айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды меңгеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;Адамгершілікке, кішіпейілділікке, мейірімділікке, шеберлікке, сабырлыққа тәрбиелеу;Студенттердің мамандығына деген қызығушылығын арттыру;Студенттер өз ойларын тиянақты түрде айту; Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту;Алынған мәліметтерді талдай алуға және тәжірибеде қолдана білуге;Интернет сайттарымен және қосымша білім көздерімен жұмыс істеуге баулу.
Мақсаты: Қол және аяқ сүйектерінің құрылысын қаңқада, алдынан және жанынан қараған суреттерге танып, дәл таба білу арқылы еркін меңгеруді үйрету. Сүйектердің құрылысы жөніндегі теориялық білім мен дағдыны жеке сүйектерді зерттеу арқылы бекіту.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Оқыту әдістері: қаңқа, муляждар, плакаттар, планшеттер, кестелер,
тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
-
Қол-аяқ сүйектерi. -
Иық белдеуi сүйектерiнiң құрылысы: бұғана, жауырын. -
Қол сүйектерiнiң еркiн бөлiгiнiң құрылысы: тоқпан жiлiк, бiлек сүйектерi мен қол ұшы /басы/ сүйектерi. -
Аяқ сүйектерiнiң құрылысы: жамбас сүйек, ортан жiлiк, сирақ, аяқ ұшы /басы/ сүйектерiнiң құрылысы
Әдебиет: ...
Негізгі:
-
Рақышев А.Р. Адам анатомиясы І,ІІ том. 2004. -
Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006. -
Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М., Жұмабаев У., ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. I,II,III,IV том. Астана: «Фолиант», 2005 -
Әубәкіров Ә.Б., Сүлейменова Ф.М. Адам анатомиясы, атлас. I,II том. Астана: «Сарыарқа», 2011. -
Досаев Т.М. редакциясымен. Адам анатомиясы. Алматы, «Ақнұр», 2013.
Қосымша:
1. Тебенов М.Е.Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы.Қарағанды,»1993
2. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы,2007
Сабақ барысы
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі (5минут):студенттердің сырт көрінісіне, аудитория тазалығына көңіл бөліп, журнал толтыру.
Сабақтың мақсаты: Қол және аяқ сүйектерінің құрылысын қаңқада, алдынан және жанынан қараған суреттерге танып, дәл таба білу арқылы еркін меңгеруді үйрету. Сүйектердің құрылысы жөніндегі теориялық білім мен дағдыны жеке сүйектерді зерттеу арқылы бекіту.
Сабақтың хронокартасы
№ | Сабақ бөлімінің атаулары | Тәжірибелік сабақ |
1 | Ұйымдастыру кезеңі | 5 мин |
2 | Сабақ тақырыбы бойынша негізгі білімді жаңарту | 45 мин |
3 | Практикалық жұмыстарды орындау техникасын түсіндіру және көрсету | 15 мин |
4 | Тәжірибелік іс-әрекетке арналған әдістемелік нұсқаулар | 10 мин |
5 | Тәжірибелік жұмысты орындау және нәтижелерін көрсету | 180 мин |
6 | Сабақты қорытындылау, рефлексия | 10 мин |
7 | Үй тапсырмасы | 5 мин |
| Қорытынды |
|
2.Сабақ тақырыбы бойынша негізгі білімді жаңарту(45мин):
Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ-жауап күйінде тексеру.
Тексеру сұрақтары:
1.Қол-аяқ сүйектерi.
2.Иық белдеуi сүйектерiнiң құрылысы: бұғана, жауырын.
3.Қол сүйектерiнiң еркiн бөлiгiнiң құрылысы: тоқпан жiлiк, бiлек сүйектерi мен қол ұшы /басы/ сүйектерi.
4.Аяқ сүйектерiнiң құрылысы: жамбас сүйек, ортан жiлiк, сирақ, аяқ ұшы /басы/ сүйектерiнiң құрылысы
3.Практикалық жұмыстарды орындау техникасын түсіндіру және көрсету(15мин).
Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбының өзектілігімен таныстыру. Тақырыптың практикалық медицинадағы орнын: ауруларға диагностика жасауда, емдеу және асқынулардың алдын-алуға қажет екендігін түсіндіру, мысалдар келтіру.
4.тәжірибелік іс-әрекетке арналған әдістемелік нұсқаулар(10мин).
а) Қол және аяқ сүйектерінің құрылысын қаңқада, алдынан және жанынан қараған құрылысын, айырмашылықтарын тауып, көрсету.
б) тапсырмаларды орындауда жіберген қателіктері бойынша жұмыс істеу
5.Тәжірибелік жұмысты орындау және нәтижелерін көрсету(180мин).
6.Сабақты қорытындылау, рефлексия(10мин).
Оқытушы бағасы мен әр студенттің өзін өзі бағалау бағаларын салыстыра отырып бір қорытынды баға қояды, артық-кемшіліктеріне тоқтайды. Белсенді студент өзінің жинаған қосымша мәліметімен бөліседі.
7.Үй тапсырмасы (5мин).
Оқушыларды келесі тақырыпқа өз бетінше дайындалуға ынталандыру, бағыт - бағдар беру.
Студенттердің білімін бағалау
Өз білімдеріңізді келесідей бағалаңыз:
1.Мен бәрін түсіндім және осы материалды басқаларға түсіндіре аламын
2.Мен материалды түсіндім, бірақ басқалардың көмегімен түсіндіре аламын.
3.Мен матреилады ішінара түсіндім.
4.Мен ештеңе түсінбедім.
Рефлексия
1.Сабақтың қандай сәті қызықты болды:
2.Сабақтың қиын болған тұстары?
3. Сабақтың оңай болған тұстары?
Чек-лист
Аты-жөні .
Тобы:
Критерийлер | |||||
| Толық жауап | Жартылай | Дұрыс жауап бермеді | Мүлдем жауап бермеді | |
Үй тапсырмасы | 20 | 10 | 5 | 0 | |
Тәжірибелік дағдыларды көрсету | 20 | 10 | 5 | 0 | |
Кестемен жұмыс | 40 | 20 | 10 | 0 | |
Ситуациялық есеп | 10 | 5 | 2 | 0 | |
тесттік тапсырма | 10 | 5 | 2 | 0 | |
Жалпы: | 100 | | | | |
Бағалау критерийлары:
90-100 –үй тапсырмасын толығымен айтты,сұрақтарға нақты толығымен жауап берді,анатомиялық құрылысын муляждан толығымен көрсете алды ,ситуациялық есепті дұрыс шеше алды, ,тесттік тапсырмаға толығымен жауап берді.
80-85- үй тапсырмасын толығымен айтты,сұрақтарға жартылай жауап берді,кейбір сұрақтарға жауап бере алмады, анатомиялық құрылысын муляждан жартылай көрсете алды ,ситуациялық есепті дұрыс диагноз қойып ,тесттік тапсырмаға қателерімен жауап берді.
70-80- үй тапсырмасын талдыды ,сұрақтарға жауап беруде қиналды ,кейбір сұрақтарға жауап бере алмады, анатомиялық құрылысын муляждан толығымен көрсете алды ,ситуациялық есепті дұрыс шеше алмады ,тесттік тапсырмаға қателерімен жауап берді.
55-65- үй тапсырмасын қате талды ,сұрақтарға жауап беруде қиналды ,кейбір сұрақтарға жауап бере алмады, анатомиялық құрылысын муляждан толығымен көрсете алмады ,ситуациялық есепті дұрыс шеше алмады ,тесттік тапсырмаға қателерімен жауап берді.