Файл: Homosapiens(саналы адам) .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Адам. Қоғам. Құқық пәнінен

9 сынып оқушыларына тест
1. Ғалымдардың жорамалдауынша бұдан 40 мың жыл бұрын Жер бетінде пайда болған ежелгі адам атауы:

Homosapiens(саналы адам) +

Епті адам

Тік жүретін адам

Синантроп

неондерталь

2. Аталған бағытты ұстанатын зерттеушілер адамды өзге тіршілік иелерімен – жануарлармен (соның ішінде, маймылмен) генетикалық байланыста қарастырады:

Идеалистер

Материалистер+

Дінтанушылар

Әлеуметтанушылар 

Туристер

3. Ежелгі қытай, үнді, грек философиясында адам

эволюциялық дамудың шыңы

ең саналы жыртқыш

ғарыштың бір бөлігі (микрокосм) +

саналы сүтқоректі

жануар 

4. Адам өмірінің биологиялық және әлеуметтік элементтерден тұратын жағдайлардың тұтас жүйесімен айқындалатын себеп-салдарлығы:

эволюция

инициация

детерминация +

этнология 

метрология

5. Латынның individuum сөзінің қазақша баламасы:

бөлінбейтін +

тұлға

адам

қоғам 

бөлінетін

6. Адамның бірегей және әмбебап қасиеттерінің бірлігі, тұтас жүйе:

мінез

сана

даралық +

психология

абсолют

7. Қоғамда қатып қалған консерватизм мен таптаурындарға (стереотип) қарсы күресте маңызды рөл атқарады:

жарғы

жеке адамның даралануы мен жетілуі +

тұтас мемлекет азаматтарының жетілуі

заң

әдет-ғұрып, салт-дәстүр

8. Адамзаттың жеке өкілі, қоғам мүшесі:

мемлекет

қоғам

жеке адам +

егемен

партия

9. Латынның personalitas сөзінің қазақша мағынасы:

Тұлға +

қоғам

жеке адам

партия

халық

10. Әлеуметтік өмірде болып жатқанның барлығын жинақтап, өз бойына сіңіріп алып жүрген адам:

Топ

Тұлға +

қоғам

мемлекет

халық

11. Қоршаған дүниені мақсатты өзгертуге және жаңғыртуға бағытталған, онымен белсенді қатынас жасаудың тек адамға тән формасын қалай атаймыз?

экология

өмір сүру

қызмет+

оқу

шығармашылық

12. Қызметтің көздеген нәтижесін алдын ала барлау:

Міндет

Мақсат +

қызмет

көріпкелдік

мотив

13. Психология ғылымында адамды қызметтің белгілі бір түріне итермелейтін қозғаушы күшті қалай атайтынын көрсет:

мақтау, мадақтау


мақсат

қызмет

мотив+

сана

14. Француз тіліндегі motif (мотив) сөзінің қазақша баламасының мағынасын көрсетіңіз:

мақсат

себеп, себепке итермелеу+

қызмет

әрекет

мүдде

15. Тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен көрініс табатын, жемісті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара-психологиялық ерекшелік:

Қабілет+

ынта

мотив

сана

ес

16. Жаңалығымен, жоғары жетістігімен және қоғамдық маңыздылығымен ерекшеленетін қабілеттердің жиынтығын қалай атаймыз?

қабілет

интеллект

тәжірибе

эксперимент

дарын +

17. «Атом ядросында қаншалықты физикалық энергия болса, адамның миында соншалықты ойлау энергиясы бар» деген тұжырымға келген Канадалық патофизиолог:

Г.Селье +

Б. Рассел

А.Эйнштейн

В.Ленин

Э. Резерфорд

18. Қарапайым адамдар өз миында бар жүйке клеткаларының қанша пайызын қолданады?

68%

96 %

4 % +

10 %

20 % 

19. «Адамды қолөнердің кез келгеніне үйреткендей, шығармашылыққа да үйретуге де болады» деп есептеген ағылшын математигі, әрі философ:

Бертран Рассел+

Леонард Эйлер

Ч.Дарвин

Джон фон Нейман

Альберт Эйнштейн

20. Ұзақ мерзімдік, қысқа мерзімдік жүйешелерге және сенсорлық деп аталатын гипотекалық жүйешеге бөлінетін танымдық функция:

сана

жад +

түйсік

қабілет

ой

21. Латынның intellectus (интеллект) сөзінің мағынасы:

тану, түсіну, талқы +

ой, сана, сезім

дарын, қабілет

жад, түсінік

тәжірибе, түйсік

22. Адамның зияттылығын (интеллект) айқындайтын тест:

ICON

TOEFL

IQ +

психологиялық тест

IELTS

23. Жамбыл туралы бір естелігінде қай қайраткер ақынның миллион жол өлеңді жатқа айтатыны туралы жазған:

Ә.Тәжібаев+

М.Ғабдуллин

И.Байзақов

Ж.Молдағалиев

Ш.Калдаяков

24. Суицид дегеніміз:

ұрлық

үкім

қылмыс

адамның өзін-өзі өлтіру құбылысы +

жаза

25. Адамдардың бірлесіп өмір сүруі мен әрекет етуінің ең жиі кездесетін формасы:

отбасы+

қоғам

табиғат

тайпа

ру

26. Адамдардың табиғатпен және өзара байланыста бола отырып, бірлесу формасы:

Ру басы

ру

тайпа

мемлекет

қоғам +


27. Әлеуметтік топтасулар арасындағы немесе адамдар арасындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени қарым-қатынастар қалай аталады?

бірлестік

қауымдастық

қоғамдық қатынастар+

кәсіподақ

ұжым

28. Адамдардың бірігіп өмір сүруінің тарихи формаларын көрсетіңіз:

ұлтқа дейінгі және мемлекеттік

ұлтқа дейінгі және ұлттық+

рулық, тайпалық

тайпалық, ұлыстық

ұлыстық, ұлттық

29. Туыстық байланыстар арқылы топтасқан адамдар қауымдастығы:

Ру+

тайпа

ұлыс

ұлт

мемлекет

 30. Қоғамда ана рөлінің үстем болуы:

патриархат

демократия

матриархат+

монархия

анархия

31. Адамдар қауымдастығының рудан жоғарғы сатысы:

ұлыс

ру

қоғам

мемлекет

тайпа +

32. Адамдар қауымдастығының тайпадан кейінгі ұлттық түзілімінің алдындағы баспалдақта тұрған сатысы:

ұлт

ұлыс+

тайпа

ру

топ

33. Өзіндік мәдениеті, тілі, ұлттық психологиясы айшықтана көрініс беретін адамдар қауымдастығының орнықты формасы:

ұлыс

тайпа

ұлт+

мемлекет

тап

34. Белгілі бір географиялық ортада тұрып, белсенді, жүйелі әрекет ете алатын, азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығы:

халық+

ұлыс

ру

тайпа

мемлекет

35. «Мемлекет жалпыға бірдей игілік пен әділеттілік әкелуі керек» деп есептеген ежелгі грек философы:

Сократ

Демокрит+

Архимед

Аристотель

Платон

36. Қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт:

қоғам

халық

Мемлекет+

таптар

тайпа

37. Аумағы жағынан дүниежүзіндегі ең ірі мемлекет:

АҚШ

Ресей+

Канада

Үндістан

Франция 

38. Адамның мүмкіндігі мен қабілетін айқындауға және шыңдауға бағытталған адамзаттың шығармашылық қызметі болып табылатын:

өркениет

мемлекет

мәдениет+

қоғам

авторитарлық

39. Халықтардың тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі материалдық, рухани және әлеуметтік өмірінің өзіне тән сапалық ерекшеліктерін қалай атаймыз?

өркениет+

мемлекет

қоғам

мәдениет

коцерт

40. Б.з.д. VIII-VI ғ.ғ. Грекияда өзгеше ақша айналым жүйесі, нарық және саяси ұйымдасудың негізгі формасы:

мемлекет


полис+

жарғылар

провинциялар

заңдар

41. Номадизм дегеніміз:

отырықшы

жаппай қалаға көшу процесі

көшпелілік+

көпшілік

шаруашылық

42.  192 федерациялық және унитарлық мемлекеттердің біріктіретін халықаралық ұйым:

БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы)+

ЮНЕСКО

ЮНИСЕФ

ТМД

ОФСЕ

43. Ислам, буддизм, христиан діндері:

ұлттық діндер

дүниежүзілік діндер+

аумақтық діндер

философиялық мектептер

Дүниетаным

44. Тірі организмдердің өзара және табиғатпен ара байланысын зерттейтін ғылым:

биология

биосфера

экология+

зоология

геология

45. 1875 жылы неміс ғалымы Э.Зюс енгізген өмір жайлаған жер қыртысының атауы:

биология

экология

зоология

табиғат

биосфера +

46. Ресурстарды тауысу, ластау, істен шығару:

экологиялық апат

игеру

тұтыну+

өндіру

кен өндірісі

47. Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша БҰҰ құрған ұйым:

ЮНИСЕФ

ЮНЕСКО+

ҚР БҒМ

Қызыл крест және қызыл жарты ай

НАТО

48. Организмнің қалыпты өмірлік қызметін қамтамасыз ету ішін керекті талаптарының жиынтығы:

тұтыну

шаруашылық

қажеттілік+

кәсіпкерлік

өндіру

49. Адам қажеттіліктерінің пирамидасын құраған американдық ғалым:

Д.Кейнс

А.Маслоу+

Д.Смит

Б.Рассел

Г. Селье

50. Грек тілінен аударғанда «экономика» сөзінің мағынасы:

мемлекеттік іс туралы заң

сайлау

дауыс беру туралы заң

үй шаруашылығын жүргізу туралы заң+

еңбек туралы заң

51. Өндірісті ұйымдастыру үшін жасалған, адамның қолымен өндірілген материалдық игіліктер мен өндіріс құралдарының жиынтығы:

капитал+

кәсіпкерлік

өндіргіш күш

тауар

жер

52. Адам ресурсы, жұмысшылар мен қызметкерлер, олардың білімі және тәжірибесі:

кәсіпкерлік

еңбек+

капитал

нарық

тәжірибе

53. Кәсіпкерлік дегеніміз:

салық төлеуші

өндіргіш күш

адамның өндірісті ұйымдастыру қабілеті+

монополия

алыпсатарлық 

 54. Айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім:

қағаз

тауар+

ақша

нарық

акция

55. Батыстан келген әуел баста «сатушы мен сатып алушы кездесетін орын» ұғымын білдіретін сөз:


ақша

тауар

депозит

банк

нарық (рынок) +

56. Нақты тауарды сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм:

сауда

ақша

нарық+

тауар

базар

57. Тауарды баспа-бас түрінде айырбастау:

бартер+

брокер

банкир

банкрот

58. Жалпыға бірдей балам ретінде қолданылатын ерекше тауар:

банк

ақша+

нарық

тауар

құнда қағаз

59. Ақша, негізінен, қанша қызмет атқарады:

айналыс, құн өлшемі, қорлану қызметтерін атқарады+

қорлану, өсу, жинақталу

пайдаланылу, жұмсалу, сақтандыру

айналыс, сақтандыру

сақтандыру, құн өлшемі

60. Өндірушінің өндіріс факторлары үшін (еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік) шығарған шығындарының жиынтығы:

тауардың сапасы

заттың сапасы

тауардың саны

тауардың өзі

тауардың құны +

61. Өндірушінің бағасы мен сатып алушы бағасының арасындағы баланс:

тең салмақты баға теориясы+

сатушы баға теориясы

қосарлы баға теориясы

өндіруші баға теориясы

сатып алушы баға теориясы

62. Сатып алушылардың уақыттың сол мезетінде сол бағаға белгілі бір көлемде тауар сатып алу қабілеті:

ұсыныс

бәсеке

таңдау

өндіріс

сұраныс +

63. Тауар өндірушінің белгілі жерде, белгілі уақытта тұтынушыға сата алатын тауарларының көлемі қалай аталады?

ұсыныс+

сұраныс

таңдау

өндіріс

монополия

64. Ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекеттесуінің нәтижесінде не қалыптасады?

өндіріс құны

нарықтық баға+

бәсеке

нарық

капитал

65. Нарыққа қатысушылардың арасындағы өндіріс жағдайларын жақсарту және өнімді өткізу үшін талас:

тауар

нарық

бәсеке+

ақша

акция

66. Кәсіпорынның немесе кәсіпорындар тобының нарықта билік жүргізуге, бағаға бақылау жасай алатын және оны айқындайтын жағдайға ие болуы:

кәсіпкерлік

монополия+

меншік

акционер

ЖШС

67. Жеке адамдар мен фирмалардың жерді, капиталды және басқа активтерді алу, беру, пайдалану, сату және мұраға қалдыру құқығы:

Жекеменшік+

мұрагерлік құқық

акционерлік

ортақ меншік

Мемлекеттік меншік

68. Өнім өндіру үшін құрылған, өздігінен шаруашылық жүргізетін субъект:

кәсіподақ

жекеменшік

кәсіпорын+