Файл: Аяулы алтын кЗ! атысушылар 511 сынып оушылары. Армысыздар, ардаты онатар! Бгінгі Алтын кз.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.05.2024
Просмотров: 8
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
АЯУЛЫ АЛТЫН КҮЗ!
Қатысушылар: 5-11 сынып оқушылары.
1. Армысыздар, ардақты қонақтар! Бүгінгі «Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер!
2. Бүгін мейрам, бүгін той, Қуанышты күн біліп қой! Күзгі бақтай сыңғырлап, Алақанды соғып қой!
1.Табиғаттың қандай да бір мезгілін алып қарасаң, әрбір мезгілінде таңқаларлық өзіндік ғажайыптары мен сұлулықтары, адам тілі жеткізбес кереметтілігі бар екені даусыз. Әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктері, өзіндік адамзатты сиқырлап алатын тылсым кезеңдері әрқашан да адам баласын таңғалдырып келеді. Міне, сол мезгілдердің ішінде сап-сары алтындай болып, ағаштардың жапырағын, жер-ананың өзін керемет бір түске бояп алтын күз де келіп жетті.
2.Күз – адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл, сондықтан да адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға берген. Алтын, себебі біріншіден айналаның бәрі сап-сары бояуға малынған, екіншіден, алтын – байлықтың белгісі, екеуін астастырып, «Аяулы күз , алтын күз» деп атаған. Күзде егінді жинап болған ата-бабаларымыз «Сабан той» деп күз берекесін тойлаған. Алтын күз кештерін өткізу дәстүрге айналған. Міне, сол дәстүрдің жалғасы ретінде «Аяулы алтын күз» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
1.Бүгінгі кеште 5-11 сынып оқушылары сайысқа түспекші. Ал енді ортаға қатысушы топтарды шақырайық.
5-сыныбының намысын қорғағалы келген жұп: Исатаев Адай-Мухпел Ақнұр
2.5ә-сыныбының үмітіп арқалап келген жұп: Таскен Хамза-Ахметова Жадыра
1.6 -сыныбы үшін қолынан келгеннің бәрін жасайтын жұп:Жаксыбаев Ерасыл-Бейсенбай Азиада
2.7-сыныбының намысын қорғағалы кеп тұрған жұп: Айдархан Ерасыл-Садвакасова Жансель
1.8-сыныбының үмітін арқалап келген жұп: Қайырбек Ален-Серикболат Дарина
2. 8-орыс сыныбының намысын қорғайтын жұп: Сапожник Максим-Фукс Ирина
1. 9-10 сыныптарының атынан келген қос жұп: Әкім Жалғас-Байзолла Гүлімай
2. 11 сыныптың намысын қорғаймыз деп келген жұп: Қайролла Баянғали-Есжанова Асылайым
Олай болса, түсіндіріп өтейік, бағдарламамыз 5 бөлімнен тұрады:
1. Таныстыру.
2. «Өнерлі өрге жүзеді» (әр жұп өз өнерлерін немесе сыныппен көрсетеді).
3. «Арулар фантазиясы» (қыздар жасаған салаттарын әділқазылар алқасына таныстырады.)
4. «Кім мерген?» (ұлдар сынға түседі)
5. Күздік сән үлгісі.
6. Кешіміздің қорытындысы.
1.Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
Янцен Ольга Ивановна
Момынғазы Сания Канатовна
________________________________________
2.Сайысқа қай жұп нешінші ретпен шығатынын анықтау үшін ортадан сандар жазылған парақты таңдауларыңыз сұралады. (жұптар ортадан сандарды
алып, көрермендерге көрсетеді, реттері анықталған жұптар сахна сыртына шығарылады.)
1.Рет санымызды анықтап алсақ құрметті қатысушыларды сахна сыртына құрмет-қошеметпен шығарып салайық.
2.Құрметті көпшілік көрерменім,
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.
Ақ жол тілеп үкілі үміттерге,
Таныстыру шартына кезек бердім.
Ендеше бірінші шартымыз – үміткерлеріміз өздерін таныстыруы. Бірінші болып ортаға ____________ шақырамыз, қарсы алыңыздар!
1.Сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға ____________ шақырамыз!
2.Келесі кезекте тұрған ____________ сахна төріне шақырамыз!
1.Өздерін таныстыру үшін ортаға ____________ шақырамыз, қарсы алыңыздар!
2. Өздерін таныстыру үшін ортаға ____________ шақырамыз, қарсы алыңыздар!
1. Өздерін таныстыру үшін ортаға ____________ шақырамыз, қарсы алыңыздар!
2. Өздерін таныстыру үшін ортаға ____________ шақырамыз, қарсы алыңыздар!
1. Өздерін таныстыру үшін ортаға ____________ шақырамыз, қарсы алыңыздар!
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Үміткерлер аянбай жан салыпты.
Құрметті көрермендер, ендігі кезекте үміткерлеріміздің дайындап келген өнерлерінің куәсі болуға шақырамыз.
2.(музыкалық номер).
1. Қазақ қызы сөзі сыпайы, өзі әдепті, терең ойлы болумен қатар, он саусағынан өнер тамған шебер болуы тиіс. Олай болса, «Арулар фантазиясын» байқап көрейік. Шарт – қыздарымыз күзгі көкөніс, жеміс-жидектерден дәмді, жасалған салаттарын әділқазылар алқасына таныстырсын. Құрметті әділ қазылар, аруларымыздың ептілігін, ұқыптылығын, әзірлеген салаттарының әдемілігін, уақытты ескере отырып баға бересіздер.
2.Арулар фантазиясы дайын болғанша, оларға жанкүйер болып келген залда отырған көрермендермен «5түс» ойын ойнасақ. Залдан әр жұпқа жанкүйер болып келген бір-бір көрерменін шақырамыз. (5 жұптың 5 көрермені ортаға келеді. Оларға ойынның шарты түсіндіріледі.) Алдарыңызда күз мезгіліне қатысты 5 түс жасырылған, соны таңдау арқылы өздеріңізге тиесілі түсті анықтап алыңыздар (түрлі түсті қағаздар ұсынылады). Ал енді түстеріңізді анықтап алдыңыздар, шарт – залдан өз түстеріңіздегі заттар жинау. Кім көп зат жинаса - сол жеңімпаз. Жеңімпаз өз жеңісі арқылы жанкүйерлік етіп отырған жұбына 5 балл сыйға тарта алады. Олай болса, 1 минут уақыттарыңыз кетті, бастаймыз! (уақытты қадағалай отырып, жеңімпазды анықтап, тиесілі жұпқа 5 балл сыйға тартып, ойынды қорытындылаймыз, ойынға қатысушыларға шағын сыйлықтарын ұсынамыз.)
1.Аруларымыздың қолынан шыққан фантазияларын бағалау үшін сөз әділқазылар алқасының бір мүшесіне беріледі.
2.Келесі кезекте «Кім мерген?» деп қатысушы ұлдарымызды сынға алып көрейік. Олай болса, құрметті көрермендер, сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға қатысушы ұлдарды шақырамыз!
1.Сіздермен «Кім мерген?» ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты – себетте 3 түрлі көкөніс жатыр – бұрыш, баклажан, картоп, әр көкөністен байлаулы қолдарыңызбен белгіленген ара қашықтықта орналасқан өз себеттеріңізге түсірулеріңіз керек. Әр көкөністі өз себеттеріңізге түсіруге жалғыз ғана мүмкіндік беріледі, әр көкөніс үшін 5 балл беріледі. Ойынның шарты түсінікті болса, бастайық! Көрермендер қошеметтеп отырыңыздар! (себетке түскен көкөністерді санап, қорытынды шығару ).
1..Сәнімен күздің көркін көрікті етіп,
Бір қыз өтіп барады желіп кетіп.
Иығына төгіліп қара шашы,
Жан біткенді өзіңе еліктетіп.
2.Аруларымыз өзінің ұстамдылығымен, жарқын күзді сыпайылығымен, сергек сезімталдығымен бірге сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы қарамаған. Ендігі кезекте жұптарымыздың сән үлгісін тамашалаңыздар.
№1 жұпты қарсы алыңыздар!
№2 жұпты ортаға шақырайық!
№3 жұпты сахна төріне шақырамыз!
№4 жұпты ортаға шақырайық!
№5 жұпты шақырамыз,қарсы алыңыздар!
№6 жұпты ортаға шақырайық!
№7 жұпты ортаға шақырайық!
№8 жұпты ортаға шақырайық!
1.Құрметті әділ қазылар алқасы, сіздерге ойынның қорытындысын шығара берулеріңіз сұралады.
2.Сөз кезегі әділ қазылар алқасында. (кешімізге қатысушы жұптар, жеңімпаздар марапатталады).
1.Құрметті көрермен, осымен күз мерекесіне арналған кешімізді.
Дискотека.