Файл: Сыныбы 4д кні Таырыбы лтты теге ел туелсіздігіні символы Трбие саатыны масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сыныбы:

Күні:

Тақырыбы: «Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің символы»

Тәрбие сағатының мақсаты:

  • Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен таныстыру,төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру.

  • Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы іс- әрекеттерді реттеуге үйрету; экономикалық терминдермен таныстыру,өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

  • Оқушылардың бойына елімізге ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту, үнемділікке, барды қадірлеуге баулу, ақпараттық жүйелерді пайдалануды үйрету, тілді құрметтеуге баулу.

Көрнекілігі: Компьютер, сөзжұмбақ, күннің көзі, теңгелер, доллорлар, рубльдер, буклеттер, шарлар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Түні нұрлы, ақ таңы,

Жері гүлдей бақтағы

Ел ырысы- тайқазан,

Төл теңгеміз қақпағы.

Қазанымыз толығып,

Болсын дәйім жолы құт!

«Ел тірегі - төл теңге!»

Деп құрметтер оны жұрт.
I. Оқушыларды 3 топқа бөлу (теңге, доллор, рубль)

ІІ. Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу, мақсатымен таныстыру.

III. Оқушыларға бейне- баян көрсетіледі. (Теңгенің шығу тарихы бойынша)

Теңгенің айналымға келу тарихымен танысайық. Олай болса, келесі «бейне-баянға» назар аударыңыздар. 

https://youtube.com/watch?v=6CqCDrp6gnY&feature=share

Сұрақтары:

1.Валютаны енгізу жайлы жарлық қашан жарық көрген?

2. 15 қараша валюта күнімен бірге тағы қандай мереке болып белгіленді?

3. Ең алғаш валютаға қандай аттар ұсынылды?

4.Ең алғаш теңге қай елде басылып шықты?
IV. Әр топ постер құрап, топтан бір адам ортаға шығып қорғайды.

1- топ: Теңге дегеніміз не?

2- топ: Ұлттық валютаның қызметі?

3- топ: Теңге не үшін қажет?***

 

Сергіту сәті: https://youtu.be/8LEN8i9uiZY

V. Логикалық есептер

Әр топқа карточкалар таратылады, олар карточкада берілген есептерді шығарады.

Ақшаң көп болсын десең...

      Әрбір топ  өзінің қоржынына дұрыс жауап  үшін берілген ақшаны жинайды.Кімнің ақшасы көп болса, сол топтың жеңгені.

1.Менің ақшама осы ақшамның жартысын қосса, менде 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған
?

2.Қыздар үш - қара, сары және ақ мысықтарды қолдарына ұстап көтеріп тұр. Қыздардың есімдері мынандай: Қарақыз, Сарықыз, Аққыз. Бірақ бірде бір қыз өзімен аттас мысықты ұстап тұрған жоқ. Аққыз қасындағы құрбысы ұстап тұрған қара мысыққа қарап тұр. Кім қандай мысықты ұстап тұр?

3.Үш дос жүгіруден жарысты. Біріншісі 15 сек. келсе, екіншісі 20 сек. келді, ал үшіншісі 13 сек. жүгірді. Темірлан Асанәліден тез келді, ал Асанәлі Рүстемнен бірінші келді. Кім неше секунд жүгіргенін тап.

4.Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш - үштен, ұлдарына екі - екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу екенін тап.

5.Баспадан кітап басылып шықты. Әрбір бетте 32 жол болса, 90 беттік кітаптың неше жолы бар?

6.Әлиасқар бір санды 127 - ге бөлді, ал Нұржан 72 - ге бөлді. Нұржанның жауабы 508 шықты, ал Әлиасқардың жауабы қанша?

      

VI. Блиц- сұрақтар.

Әр жұпқа сұрақтар қойылады, олар бұл сұрақтарға ойланбастан тез жауап беруі керек.


  • Ақша сақтайтын мекеме. (Банк)

  • 1000 теңгеде неше 100 тиын бар? (10 тиын)

  • Жеке есепшоты бар төлем-қағаз. (карточка)

  • Әлемнің неше кереметі бар?(7)

  • Ақша беретін құрылғы. (Банкомат)

  • Н. Назарбаев ҚР- ның нешінші президенті?

  • Төлемді растайтын қағаз. (Чек)

  • Қазіргі теңгеде қандай суреттер салынған?(


VII.Әр топқа мақал- мәтелден үзінді жазылған қағаз беріледі, оқушылар жалғасын тауып жазады.

1. Бес саусақ бірдей емес.

2.Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

3.Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.

4.Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.

5.100 теңген болғанша,жүз досын болсын.

6.7 рет өлшеп,біррет кес.

Қорытынды бөлім:

Банкоматтан ақша алу арқылы оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

1.Ұлттық валюта қай жылы шығарылды? (1993ж 15 қараша)

2.Қазақ теңгесі қайда басылды? (Ұлыбританияда Харрисон және оның ұлдары атты банкноталық фабрикада)

3. Жезден жасалынған тиындар қай жылы шықты?(1994 жылы)

4. Алғашқы теңгелерде кімдер бейнеленген?(Тарихи тұлғалар портреттері)

5. Теңгеге байланысты қандай мақал-мәтелдерді білесіздер

?

6. Банкнота мен монета ҚР қай қалаларында шығарылады? (банкнота Алматы қаласында, монета Өскемен қаласында)

Қорытынды сөз:
- Қазіргі  кезеңде Мемлекетіміз   көтеріліп келеді,  болашақта  білімді,  саналы  азамат   болып  өсуімізге  борлық  жағдай  жасалуда.  Осы   мүмкіндікті   дұрыс  пайдаланып  еліміздің  ертеңі  жарқын  болуына   сіздер  де ертең  еңбек   етесіңдер, соған  лайықты  ұлан  болып   өсіңіздер!

Сіздерге  қатысқандарыңыз үшін рахмет.