Файл: М. Бегалиева атындаы жалпы орта білім беретін мектебіні 9 сынып оушыларыны 20212022 оу жылынындаы жылды трбие жмысы туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

М.Бегалиева атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9- сынып оқушыларының 2021-2022 оқу жылынындағы жылдық тәрбие жұмысы туралы

Х а б а р л а м а

2021-2022 оқу жылында стандартқа сай еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие процесі білім алушылардың интеллектуалдық, патриоттық, рухани-адамгершілік пен дене дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай идеологиялық тәсілдер мен құндылықтарға негізделіп жүзеге асырылады.

2021-2022 оқу жылында 9 сыныпта жалпы 13 оқушы қабылданды. Оның ішінде 7 - ұл, 6- қыз бала. Бекітілген жоспар бойынша тәрбие жұмысы ата-аналар, ұлдар, қыздар жұмысымен басталды. Ата-аналар комитеі құрылып, сынып белсенділері сайланды. Елдегі ахуалдан хабардар етіліп мектеппен бірге жұмыстану тапсырылды.

Бірінші қыркүйекте бірыңғай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында тәрбие сағаттары оздырылды.



Отбасы күніне байланысты « Отбасым- бақыт мекенім» әңгіме сағаты оздырылды. Тілдер мерекесіне орай «Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі» атты тәрбие сағаты оздырылды. Қарияларды қорғау күні мерекесі қарсаңында «Қарияға құрмет- мұсылмандық асыл қасиет» тақырыбында тәрбие сағаты оздырылды. Ұстаздар мерекесіне орай «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Қазан айында 8-11 сынып оқушылары арасында «Күзгі бал-2021» кеші оздырылып, сынып оқушылары I орынды иеленген болатын.





Қыздар онкүндігіне арналған сыныптың қыздарына «Қыз қылығымен көрікті» атты психологиялық тренинг өтті. «Демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтаймыз» тақырыбында баяндама сынды тәрбиелік іс-шаралармен бірінші тоқсан жұмысы тәмамдалды. Тоқсанға қорытынды жасалып, келесі тоқсанға жоспарлар құрылды.


ІІ оқу тоқсанында жоспарға сәйкес апталық тәрбие сағаттары оздырылды. Солардың бірі 15 қараша-Ұлттық валюта күні «Теңге- Тәуелсіздік келбеті», «Ұлттық валютамыз –тәуелсіздігіміздің көрсеткіші», «Ж.Жабаевтың өмірінен 10 дерек» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. 1 желтоқсан Тұңғыш елбасы күніне арналған «Тәуелсіздіктің нұры-тұңғыш ЕЛБАСЫ» атты тәрбие сағаты өтті.

«Мәңгілік елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»атты танымдық сабағы өтті.

Мектебімізде 14 желтоқсан күні 8-10 сыныптар арасында «Үздік сынып 2021» байқауы оздырылды. Байқау қорытындысы бойынша сыныбымыз «Үздік сынып 2021» аталымына ие болды



«Демалыс кезінде қысқы қауіпсіздік ережелерді сақтаймыз» тақырыбында баяндама оқылды және 24 желтоқсан «Іскерлік қарым-қатынас этикасы»тақырыбында тәрбие сағаты оздырылды.Жаңа жылға арналған «Қош келдің , Жаңа жыл!»атты жаңа жылдық іс-шаралармен екінші тоқсан жұмысы тәмамдалды.Тоқсанға қорытынды жасалып, келесі тоқсанға жоспарлар құрылды.





III-тоқсанын 9-сынып 13 оқушымен жалғады. Оның ішінде 7 ұл, 6 қыз. 3-ші оқу тоқсанында тәрбие жоспарына сай сынып сағаттары өткізілді. Рухани адамгершілік тәрбие бағытында «Ғасырдың дара перзенті»

/Д.А.Қонаев-110 жаста/, Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие бағытында «Жемқорлықтың дамуына әсер ететін факторлар мен себептер», «Құқықтық сауаттылық - заман талабы», «Қазақтың ардақты аналары» тақырыбында таным сабағы, ұлттық тәрбие бағытында «Қазіргі жастардың өмірлік басымдықтары», «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» , тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

1-наурыз алғыс айту күніне орай «Алғыс айту-парызым» атты тәрбие сағаты оздырылды. Шара барысында оқушыларға алғыс айту күнінің пайда болуының тарихы, қашаннан бастап аталып өтетіндігі туралы мәліметтер берілді, интербелсенді тақтадан түрлі видеороликтер көрсетілді. Оқушылар «Алғыс айтам......» тақырыбында шағын эссе жазды. Сыныпта жақсы атмосфера қалыптастыру мақсатында шаттық шеңбері құрылып бір біріне жақсы тілектері мен алғыстарын білдірді.




8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана-өмір шуағы» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысынды Ана туралы жырлар орындалды, сыныптағы қыз балаларды мерекелерімен құттықтап тілектерін білдірді.




14-наурыз « Көрісу айт» күніне орай мектеп дәлізінде мектеп оқушыларына арналған «Бауырсақ PARTY» шарасы ұйымдастырылды. Мектеп дәлізіне бауырсақ түрлері қойылған дастархан дайындалды. Шараға сыныптың ата-аналары бауырсақ түрлері мен көже дайындады. Шараның негізгі мақсаты ата-балаларымыздан келе жатқан «Көрісу айт» мерекесін жаңғырту. Оқушылар бір-бірімен төс қағыстырып көрісіп, дәмнен ауыз тиді, шараға келген үлкен әжелеріміздің ақ батасын алды.


Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай сыныпта «Армысын Әз-Наурыз!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында сынып оқушылары қазақ халқының Жыл басы –Наурыз мерекесін қалай тойлайтыны, оның ерекшеліктері туралы айты. Қазақтың салт дәстүрлері, ұлттық ойындары туралы бір бірімен пікір алмасты. Шара барысында ұл балалар арасында ұлттық ойын «Арқан тартыс», «Қол күресі» ұйымдастырылды. Қыздар жағы ұлттық тағамдар жөнінде айтып берді.




ІV оқу тоқсанында жоспарға сәйкес апталық тәрбие сағаттары оздырылды. Солардың бірі рухани-адамгершілік тәрбиесі бағытында «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие бағытында «Ғарышқа түрен салған қыран қазақ!» , 1 мамырда «Татулықты сақтаған – тектіліктің белгісі!» 
(Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жылдығына арналған)  атты тәрбие сағаты өтті.



6 мамырда Жеңістің 77 жылдық мерейтойына арналған «Ешкімде, ештеңе де ұмытылмайды» атты тәрбие сағаты өтті. Мектеп мұражайы жетекшісі Сағадат Саржанқызымен оқушылар мектеп мұражайын аралады.



Сонымен бірге 15мамыр Отбасы күніне орай «Отбасы-бақыт мекені» атты тәрбие сағаты оздырылып, оқушылармен әңгімелесу, сұрақ-жауап, мақал-мәтел жалғасын табу әдістері қолданылды. Сонымен қатар отабсы құңдылықтары отбасындағы әке рөлі туралы түсінік беріліп, сөз қозғалып, шағын бейнеролик көрсетілді.

1 сәуірде «Балалар мен жасөспірімдердің теріс діни ағымдарға тартылуының алдын алу шараларын ұйымдастырудың жолдары» атты жалпы ата-аналар жиналысы оздырылды. Жиналыста «Балалар мен жасөспірімдердің теріс діни ағымдарға тартылуының алдын алу шараларын ұйымдастырудың жолдары» баяндаманы Байболова Сағадат Саржанқызы оқыды, сонымен мектеп медбикесі Шапенова Света «Ерте жүктілік, жыныстық қолсұғушылықтың алдын-алу» тақырыбында түсінік берді.

Жыл бойы оқушылар жалпы тәрбие саласы мен қатар қосымша мектепшілік, аудандық, облықтық шараларға қатысып жақсы нәтежелер көрсете білді.



Сынып 2021-2022 оқу жылын 13 оқушымен аяқтады. Оның ішінде 6 қыз 7 ұл. Білім сапасына келетін болсақ 2 оқу озаты 4 оқу екпіндісі. Оқу озаттары және олардың ата-аналары «Озаттар шеруінде» мақтау қағаздарымен марапатталды.






Сынып жетекші: Талипова А.Н.