Файл: Таырыбы Ой жне ойын Сыныбы 6 А, , Б Пн малімі Мухаметнур Аружан Сенурызы 2022 2023 оу жылы Сыныптан тыс шара таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 24

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«№12 орта мектеп-гимназиясы» КММ

Сыныптан тыс шара

Тақырыбы: Ой және ойын

Сыныбы: 6 «А, Ә, Б»

Пән мұғалімі: Мухаметнур Аружан Сенурқызы

2022 – 2023 оқу жылы


Сыныптан тыс шара тақырыбы: «Ой және» (интеллектуалдық ойын)

Сайыстың ұраны: 2030- дың біз барысымыз.

Болашаққа бастайды әр ісіміз

Егемен елімізді көркейтетін,

білім шыңына шығу парызымыз!

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың ауызша есептей білуін, логикалық есептерді, сұрақтарға тез жауап беруіне дағдыландыру.Алған білімдерін пайдалана білуге жаттықтыру. Математика пәніне қызығушылығын арттыру. Ойлау қаблеттерін дамыта отырып, шапшаңдыққа, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірме қағаздар

Сайыстың жүру барысы:

Бүгінгі күн сайыста

Ешкінен сен қалыспа,

Білімі кімнің көп болса,

Сол озады сайыста- деп

«Ой және ойын» атты сайысымызды бастаймыз!
Сайысқа қатысушылар: 6 «А, Ә, Б» сынып оқушылары.

Сайысқа қатысу үшін өздеріне сәйкес нөмірлерін таңдап алады
Сайыстағы оқушылардың жұмысын бағалау үшін әділ қазылар алқасын сайлап алу.

Шын жүйрік шабысынан танылады

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Әділ қазылар алқасы:

1. Оспанова Мөлдір Жумабаевна

Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады:

І бөлім – «Кім жүйрік»

ІІ бөлім – «Тіл өнер»

ІІІ бөлім –«Дода»

ІV бөлім –«Логикалық есептер»

V бөлім – «Қорытынды»
І бөлім – «Кім жүйрік»

Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)

6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)

Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)

11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)

Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (60 алма)

Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)


100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70 асық)

ІІ бөлім – «Тіл өнер» Мақал-мәтелдерсайысы.

Ал, балалар, балалар

Мақал –мәтел айтайық.

Қиындыққа қайыспай

Асулардан өтейік –деп, берілген мақалдағы нүктенің орнына сан қойып, мақалды оқу.

* Білгенің бір тоғыз,

...................................(Білмегенің тоқсан тоғыз)

* Батыр бір рет өледі,

...................................(Қорқақ мың рет өледі)

* Екі аяқтыда құрдас тату,

.....................................(Төрт аяқтыда бота тату)

* Жалғыз ағаш үй болмас,

.........................................(Жалғыз жігіт би болмас)

* Ақылсыз достан мың сақтан.

................................................(Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан)

* Елуінде – ер дана,

...............................................(Елуінде – ел жаңа)

* Қалтаңда жүз теңгең болғанша,

...................................................(Өмірде жүз досың болсын)

ІІІ бөлім –«Дода» Сайыскерлер ұяшықтарды таңдап, жасырылған тапсырмаларды,

сұрақтарға жауап береді.




ІV бөлім –«Логикалық есептер»

Сайыскерлер кезектесіп сұрақтарға жауап береді.

І топқа: 1)«Үй иесі мен ұрылар»    

Бір күні Қожаның үйіне ұрылар түспек болады.

Үй иесі мұны сезіп:

-Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер
Өзің іш те маған бер деген екен.
Мұны естіген ұрылар – «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»- деп кетіп қалыпты. Үй иесі тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты.
-Сонда  үйде неше адам , ұры қанша? 

2) «Күлшеқыз»            

Күлшеқызға өгей шешесі «45 бұршақты үш ыдысқа бөліп, екеуіне бірдей, үшіншісіне 2 есе аз сал» деп тапсырма берді. Күлшеқызға бұршақтарды дұрыс бөлуге көмектесіңдер. 

ІІ топқа:  «Шаштараз »   

1) Таныс емес қалаға келген математик шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса солай алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, математик бірінші шаштаразға барды. -Неге? 

2) « Алдар көсе мен қыз» 

Алдар көсе байдың қызына үйленбекші болыпты, ал қыз оған мынындай жұмбақ айтыпты: «Бөшкеге суды толтырғанда 3170кг болды, ал суға жартылай толтырса 1870 кг болады. Сонда бөшкенің өз салмағы қанша?»



ІІІ топқа: «Екі ауыл»   

1) Тас жолдың бойындағы көрсеткіш тақта екі ауылға –Балталы мен Бағаналы ауылдарына баратын жолдың қашықтықтарын көрсетіп тұр. Бір жолаушы дұрыстап қарап екі жақтағы да сандардың қосындысы 13 екенін байқады. Енді Балталы ауылы мен Бағаналы ауылының арқашықтығы қанша екенің тап. 

2) «Бір мая шөп»           

Бір мая шөпті жылқы 1 айдың ішінде жейді, ал ешкі 2 ай, қой 2 ай жейді. Үшеуі қосылып бір мая шөпті қашан бітіреді? 

V бөлім – «Қорытынды»

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды

Ал, қазір әділқазылар сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпазын анықтап,

Мадақтап, мақтау қағазын тапсырады.

Жеңімпаздарды марапаттайды.