Файл: Жаратылыстану апталыыны ашылуы(крініс).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 25

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

 Жаратылыстану апталығының ашылуы(көрініс)

Жүргізуші:Ерте-ерте ертеде жаратылыстану патшалығы өмір сүріпті. Патшаның үш ұлы, ай десе ауызы,күн десе көзі бар асқансұлу қызы болыпты. Ұлдарының біреуі биолог, екіншісі геогроф, үшіншісі химик екен. Бір күні патшаның қызы қатты сырқаттанып қалыпты.

Ханшайым:Хан ием қызымыз ауырып қалды, оның ауыруы күннен күнге ушығып барады. Не істейміз? Бір амалын табыңыз.

Патша:шақырыңдар тәуіпті.

Емші:Хан ием қызыңыздың хәлі өте нашар. Оның жүрегі ауырады, сондықтан жүрек талма ауруына шалдыққан.

Патша:Ұлдарым  арттарыңнан ерген жалғыз қарындастарыңның жағдайын естіп отырсыңдар. Ендеше емін таппайынша елге оралмаңдар.

Биолог: Жүрек талма ауруна дермене – асыл шөбі қажет. Оның бойы 50см-ге дейін өсетін жартылай бұталы, көпжылдық өсімдік. Өте улы өсімдік. Әсіресе, гүл жармай тұрғанда жинап алу керек.Дермене жусанның бір түрі. Халық медицинасында оны жүрек талмасы бар науқастарға пайдалану керек.

Геогроф:Мен дермене өсімдігінің географиялық орнын анықтадым. Ол Оңт. Қазақстанда,  Арыс, Түркістан аймағында жиі өседі. Сол сияқты Азияда, Тәжікстанда көп кездеседі. Тапсақ сол жерден табамыз.

Химик:Ия дермене  өсімдігінің жапырағында 7% жуық сантонин, 1,5-3%  эфир майы болады. Мен бұл өсімдіктен тұнба жасап қарындасымызды емдеп аламыз.

Патша:Ұлдарым міне біреуін дермене өсімдігін дәріге жарайтының, екіншін  географиялық орның, оның химиялық құрамын анықтап дәрі жасап емдедіңдер. Енді жаратылыстану ғылымының салаларын дамытатын сендерсіңдер. Өздеріңнің білімдеріңді осы аптада көрсете біліңдер және мына барша тұрған балаларды білімге шақырыңдар.

Математика

Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
Жас достар,
Мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы
Құрметтеуге лайық

География пәні:
Табиғаттың құпиясы тұңғиық.
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып

Табиғаттың қадірлейік қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орында өсиетін

Биология пәні:

Ей замандас ең алдымен досыңды ұқ,
Досың жер,су, таза ауа, өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?
Жер ешкімге жазбайды деп арызды,
Барын сарқып сала беру парыз ба?
Жоқ замандас әр ұрпаққа туған жер.
Не берсе де беретіні қарызға.

Химия пәні:
Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде,әр тілде
Химияныоқыңдар әр бөлімін.
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.

Химияны оқиық біз көңілмен,
Кездесер ол күнделікті өмірден.
Ақылымыз-химияны біліңдер!
Тап болар ол әр жерден,әр өңірден.

Физика

Физиканы меңгеріп

Біліп алсаң алдымен

Өмірде бар құбылыс

Ретіменен өлшенген

Физиканың заңымен

Алма өсіп піскенде

Шекеге келіп түскенде

Ньютон атам шығарған

Бүкіләлемдік заңына

Бас иеміз табына.

Жүргізуші:

Жанды жансыз денелер табиғатта кәдімгі,

Қайдан пайда болды деп ойландырған әркімді.

Бұл сауалдың жауабын зерттеп тапқан данышпан,

Біз білеміз кітаптан ғалым Чарльз Дарвинді.

 

Жаратылыс ғылымы жұмбағы көп әлі де,

Білуге оны құштарлық жетелейді әріден.

Жаратылыстану саласы: география, химия,

Биология ілімі қамтиды соның бәрін де.

 

Басталмақшы онкүндік жаратылыстану пәнінен,

Қолөнер, сайыс, көрмесітағы басқа сәнімен.

Қатысыңдар балалар құлшыныспен ниет қып,

Талаптыға нұр жауар оза шапқан бәрінен.