Файл: Оушылар алгебралы трлендірулерді кмегімен тесіздіктерді тріндегі тесіздіктерге келтіреді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Қысқа мерзімді жоспар





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

6.3 B Бөлім: «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер»

Мектеп: Ә.Бүркітбаев атындағы ЖББ №12 орта мектеп КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Нурмаганбетова Шынар Жумабековна

Сынып: 6-сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.11 алгебралық түрлендірулердің көмегімен теңсіздіктерді түріндегі теңсіздіктерге келтіру

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Оқушылар алгебралық түрлендірулердің көмегімен теңсіздіктерді түріндегі теңсіздіктерге келтіреді.

Басым бөлігі: өрнектің мәнін бір айнымалысы бар теңсіздік құру арқылы анықтайды.

Кейбірі: есептің бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік түріндегі математикалық моделін құрастырады.

Бағалау критерийі

  • теңсіздіктерді қарапайым түрге келтіреді.

  • қарапайым теңсіздіктерді шешеді.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар

  • Бір айнымалы бар теңсіздіктерді мәндес теңсіздіктерге түрлендіруді түсіндіреді;

  • Бір айнымалы бар сызықтық теңсіздікті шешу жолын айтады;

  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешудің әртүрлі жағдайын қарастырып, өз ойларын негіздейді.

Лексика және терминология:

Теңсіздікті шешу, мәндес теңсіздіктер, ұқсас мүшелер, коэффициент, сан аралығы, теңсіздіктің шешімдер жиыны,

тура теңсіздік,теңбе-тең түрлендіру, минус/плюс шексіздік, үлкен/кіші немесе тең.

Диалогқа/ жазылымға қажетті тіркестер:

«Теңсіздік құрамындағы қосылғыш теңсіздіктің бір жақ бөлігінен екінші жақ бөлігіне көшкенде...», «Теңсіздіктің екі жақ бөлігі бірдей оң санға көбейтілсе/бөлінсе, онда...»,

«Теңсіздік белгісі қай уақытта қарама-қарсыға өзгертіледі?»,

«Шешімдері болмайтын теңсіздіктер мәндес теңсіздіктер бола ма?», « болғандағы теңсіздіктің шешімі?», « болғандағы теңсіздіктің шешімі?».

Құндылықтарға баулу



«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарына негізделген Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана, тұлға аралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану пәні бойынша «Зерттеу сұрағы» тақырыбының «тәуелді, тәуелсіз және бақыланатын айнымалыларды бақылау» оқу мақсатымен байланыстыруға болады.

Алдыңғы білім


Арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережесі негізінде теңдеулерді шешу; теңдеудің шығарылуының дұрыстығын тексеру тәсілдерін қолдану.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу және оларды «Социометрия» әдісі арқылы топқа бөлу.

Өткен сабақпен байланыс «Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болады?» ширату жаттығуымен іске асырылады.

  1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер деп аталады. ( түріндегі теңсіздіктер қалай аталады?)

  2. Теңсіздіктің сол және оң жақ бөлігіндегі қосылғыш. (Теңсіздіктің мүшесі деген не?)

  3. Айнымалысы бар теңсіздікке қойғанда тура санды теңсіздік беретін сан. (Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің шешімі деген не?

  4. Теңсіздіктің барлық шешімдерін табу немесе шешемі болмайтындығын дәлелдеу. (Теңсіздікті шешу дегеніміз не?)

  5. Мәндес теңсіздіктер деп аталады. (Шешімдері бірдей болатын немесе шешімдері болмайтын теңсіздіктер дегеніміз не?)

Үй тапсырмасын тексеру арқылы бүгінгі сабақтың оқу мақсаттарын анықтау үшін «Миға шабуыл» белсенді әдісін қолданамыз.

  1. Алдын ала даярлық тапсырмасын орындауда қандай түрлендірулер қолдандыңдар?

  2. Түрлендірілген өрнек қандай түрге келді?

«Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу» тақырыбындағы презентация

Слайд «Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болады?»

Слайд «Миға шабуыл» сұрақтары


Сабақтың ортасы


Жаңа сабақты меңгерту.

«IDEAL» белсенді әдісі.

Оқушылар оқулықтың 61-бетіндегі мәтінді оқиды.

I – мәтін мазмұнындағы проблеманы анықтау

D – проблеманы сипаттау

E – проблеманы шешу жолдарын анықтау

A – проблеманы шешу үшін әрекет жасау (мәселені шешу жолын көрсету)

L – қорытынды жасау, атқарылған жұмысқа рефлексия жасау.

( Ө) 1-тапсырма. «Математикалық мозаика» әдісін қолданамын. Себебі оқушылар ойын түрінде тиімді әрекет жасауға, уақытты үнемдеуге, ортақ мақсатқа жетуге үйренеді.

Теңсіздіктерді түріндегі теңсіздіктерге келтіріп, мозаиканы құрастырсаң, алғашқы ұлттық жоғары математика оқулығының авторын білетін боласың.



















Бағалау критерийі: Теңсіздіктерді қарапайым түрге келтіреді.

Дескриптор:

  • Теңсіздікті тепе-тең түрлендіріп, ықшамдайды;

  • Теңсіздіктің мүшелерін екі жағына жинақтайды;

  • Теңсіздіктің ұқсас мүшелерін біріктіреді;

  • теңсіздікті түріндегі теңсіздікке келтіреді.

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар өз-өздерін бағалайды.

(Ө, Ж, Т) 2-тапсырма. «Ойлан, жұптас, бөліс» белсенді әдісі. Бұл әдіс арқылы оқушылар идеялары мен ойларын дамытады.

  1. х-тің қандай мәндерінде

өрнегінің мәні оң сан болады?

  1. у-тің қандай мәндерінде

өрнегінің мәні теріс сан болады?

Бағалау критерийі: Қарапайым теңсіздіктерді шешеді.

Дескриптор:

  • есептің шарты бойынша теңсіздік құрайды;

  • теңсіздіктерді түріндегі теңсіздіктерге келтіреді;

  • теңсіздікті шешеді;

  • жауабын түсіндіреді.

ҚБ: «Смайликтер» әдісі арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.

(Ж) 3-тапсырма. «Шиыршық» белсенді әдісі өткен материалдарды өзара байланыстыра еске түсіре отырып, жаңа материалды меңгертуге, сабақ материалының сабақтастығы мен негізгі пікірлерді есте сақтауда тиімді әдіс.

Автобус 70 км/сағ жылдамдықпен Петропавл қаласынан Астана қаласына шықты. Екі сағаттан соң осы бағытта жеңіл машина шықты. Екі қаланың аралығы 630 км. Автобус Астана қаласына жеткенше қуып жету үшін жеңіл машина қандай жылдамдықпен қозғалуы керек?

Бағалау критерийі: Қарапайым теңсіздіктерді шешеді.

Дескриптор:

  • есептің математикалық моделін құрады;

  • теңсіздікті түріндегі теңсіздіктерге келтіреді;

  • теңсіздікті шешеді;

  • жауабын негіздейді.

ҚБ: «Табыс ағашы» әдісі арқылы оқушыларды бағалаймын.


Слайд «IDEAL»

Т.А.Алдамұратова Математика оқулығы, 6-сынып, 61-бет

Слайд «Математикалық мозаика»


Слайд «Ойлан, жұптас, бөліс»


Слайд

«3-тапсырма»

Сабақтың соңы

Дебрифинг. «Математикалық матрица» әдісін қолданып сабақты қорытындылаймын.
Рефлексия. «Блоб ағашы» стратегиясы.

Үлестірме материалдар
Слайд «Блоб ағашы»

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




1-тапсырма. «Қолдау және диалог» тәсілі.

Бұл тапсырманы орындау барысында кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады. Осы оқушыларға қолдау көрсете отырып, диалогқа тартамын.

2-тапсырма. «Қарқын» тәсілі.

Берілген тапсырманы кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам орындайды. Сол себепті оларға қосымша тапсырма беруге болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

3-тапсырма. «Нәтиже» тәсілі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткіземін. Осы тапсырманы орындауда оқушылардан жеке нәтиже күтемін.

1-тапсырма. «Бас бармақ» әдісі.

2-тапсырма. «Смайликтер» әдісі.

3-тапсырма. «Табыс ағашы» әдісі.

Интерактивті тақтамен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?