Файл: ыса мерзімді жоспар Таырыбы Баскетбол йірмесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Тақырыбы: «Баскетбол үйірмесі»

Мектеп: №28 ЖОББМ

Мұғалімнің есімі: Есембаева Бақтылы Иланбековна

Күні:

Сынып :6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

мәтіннің мазмұнын түсінеді, ақпаратты қабылдайды,

қорытынды жасап, бағалайды.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Мұғаліммен, сыныптастарының көмегімен шағын мәтінді талқылайды, түсінеді, әңгімелейді.

Оқушылардың басым бөлігі: мәтін бойынша өздігінен жұмыс жасайды, өз әңгімесін құрады







Кейбір оқушылар: жинақтап қорытынды жасайды, бағалайды.




Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

ресурстар

Ой қозғау
2 минут

1 минут
5 минут

Сынып оқушыларына жағымды психологиялық ахуал туғызу

«Спорт шеңбері» (бір –біріне доп лақтыру арқылы спортқа байланысты сөздер айту)

«Мозайка» әдісі: доптың сурет қиындылары арқылы үш топқа бөлу.

Бейнеталдау әдісі: «Баскетбол ойыны» туралы бейнежазба көру арқылы жаңа тақырыпқа шығады.

-Мына суреттен нені байқадыңдар?

-Сенің ойынша бұл қай спорттың түрі?

-Сен баскетбол үйірмесіне қатысасың ба?


Доп,
доптың қималары,
АКТ: интербелсенді тақта, видеокөрініс

Мағынаны ашу Түсіну

5 минут


Қолдану

10 минут
Жинақтау
13минут

«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі: мәтінмен жұмыс:

1.Мәтінді түсініп оқиды.

2.Мәтіннен таныс емес сөздерді теріп, сөздікпен жұмыс жасайды;

3. Мәтінді толық аударады.

Баскетбол– доппен ойналатын командалық спорттық ойын.
Баскетболды әрқайсысы бес ойыншыдан тұратын екі команда ойнайды (әр командада барлығы 12 адамнан, ауыстыруға шектеу қойылмайды). Әр команданың мақсаты – қарсыластың торлы шеңберіне (себетіне) қолмен допты лақтыру және басқа команданың допқа иелік етулеріне және өздерінің себеттеріне лақтыруға кедергі келтіру. Себет еденнен 3,05 м биіктікте орналасады. Жақын және орташа қашықтықтан лақтырылған допқа екі ұпайдан, алыс қашықтықтан (3 ұпайлық сызықтың сыртынан) – үш ұпай есептеледі, айыптық лақтыру бір ұпаймен бағаланады. Баскетбол алаңының стандартты өлшемі – ұзындығы 28 м және ені 15 м. Баскетбол әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі.

«Тұжырымдамалық карта» толтырады.

1-топ: «Мектеп үйірмесі» туралы әңгімеле;

2-топ: Кластер жасау арқылы спорт туралы әртүрлі суреттерді топтап жабыстыру.

3- топ: Спорт түрлері туралы мәліметтерді жинақта

Қорғау: «Аквариум» әдісі бойынша

Қазақ тілі 6-сынып

Т.М. Артықова, М.Б.Боранбай. Алматы «Атамұра» 2015


Үйге тапсырма 2 минут

Қосымша мәлімет жинау




Рефлексия

2 минут

«Бағдаршам» арқылы бағалау