Файл: Поэмадаы негізгі кейіпкерлерді тлалы болмысын тану. Кпшілік оушылар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



САБАҚ: № 3

Мектеп:

Күні: 12.01

Мұғалімнің аты-жөні: Төлеуіш Ж.

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:-

Сабақтың тақырыбы

М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы. «Баянның батырлығы Алашқа аян".

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау;


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Поэмадағы негізгі кейіпкерлердің тұлғалық болмысын тану.

Көпшілік оқушылар : Шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме беру арқылы салыстыра алу.

Кейбір оқушылар (қабілетті): шығармадағы кейіпкерлер типтерінің жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау.

Бағалау критерийлері

  • Кейіпкерлерге сипаттамалық мінездеме жаза алады;

  • Кейіпкерлердің адамгершілік қасиеттерін ашатын дәлел келтіре отырып, салыстыра алады;

  • Кейіпкерлер типтерінің жасалу тәсілдерін анықтайды.

Жоспар:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


1.Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Жағымды психологиялық ахуал тудыру.

«Мен үшін қымбат» сөзі арқылы

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Қызығушылықты ояту.«Батырлық дегеніміз – жан дүниенің ұлы қасиеті». «Батыр Баян» поэмасын құрылысына қарай талдау. Жалпы сұрақ. - Поэмада қазақ халқы тарихындағы қай кезең суреттеледі? - ХҮІІІ ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығы. І. Шығарманың басталуы (неден?) ІІ. Оқиғалар байланысы (Баян қайда, батырсыз соғысқа қалай барамыз?) ІІІ. Дамуы (Ноянның 14 - тегі қалмақ қызын алып қашуы) ІҮ. Шиеленісуі (Батыр Баян інісі Ноянды, қалмақ қызын атып өлтіреді). Ү. Шешуі: Батыр Абылайға қарсы өзінің көзқарасын білдірді. Баян қалмақтарға қарсы шықты. Оқушыларға жалпы сұрақтар берілді. - Поэма ұнады ма? - Поэманың таңғалдырған тұсы. - Қандай тарихи тұлғалар бар? - Абылай хан туралы не білеміз? - Поэмада Абылай қалай суреттеледі? Оқушылар жауап берді. Абылай саясаткер, дипломант, 1843 жылғы Жоңғария мемлекетінің әлсіреуіне күш салды.

Сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады.


Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылар шығарма мазмұны негізінде қызықты сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.


Қалыптастырушы бағалау.

ҚБ



7-сынып қазақ әдебиеті

Сабақтың ортасы


Мағынаны тану. 1-тапсырма Әр кейіпкердің бейнесін сипаттайтындай 3 сын есім не зат есім болатын сөз жазады. (Үштік) әдісі

Үлгі: Абылай хан: билеуші, қаһарлы,елші.

Батыр Баян: қолбасшы, ержүрек, ашулы

Ноян: Бөрінің бөлтірігі, жас, албырт.

Қалмақ қызы: сұм сұлу, тұтқын, ақылды.

Дескриптор:

  • Кейіпкерлер бейнесін сипаттай алады

  • Сипаттауда 3 сын есім немесе зат есім қолданады.

ҚБ

2-тапсырма. Кейіпкерлер бейнесіне байланысты концептуалдық кесте толтырыңдар.



Дескриптор:

  • Кейіпкерлердің өмірге қызығушылығын анықтайды;

  • Кейіпкерлердің адамгершілік қасиетін анықтайды;

  • Кейіпкерлерге өзінідік баға береді.

ҚБ

3-тапсырма.«Кейіпкерлердің типтерін сипаттау» кестені толтырыңыздар

Кейіпкер

Қасиеттерін сын есіммен сипаттайтын мінездеме беру

Кейіпкер іс-әрекетінен типтік тәсілді анықтаңыз

Кейіпкер бейнесін ашуда автор қолданысындағы бейнелі сөз (метафора,

эпитет, қайталау )

табыңыз












1-топ. Абылай хан - Батыр Баян;

2-топ.Баян-Ноян;

3-топ. Қалмақ қызы –Ноян

Дескриптор:

  • Кейіпкерлер қасиетін сын есімдерді қолданып сипаттай алады;

  • Кейіпкерлер іс-әркетінен типтік тәсілді анықтайды. Кейіпкер бейнесін ашуда бейнелі сөздерді таба алады.

ҚБ. Топ аралық бағалау.


Оқушылар шығарма сюжеті бойынша құрамдас бөлшектеріне талдау жасаңыз.


Кейіпкерлер бейнесіне байланысты концептуалдық кесте толтырыңдар.

Кейіпкерлер қасиетін сын есімдерді қолданып сипаттай алады

Кейіпкерлер іс-әркетінен типтік тәсілді анықтайды. Кейіпкер бейнесін ашуда бейнелі сөздерді таба алады.


Қалыптастырушы бағалау.

Өте жақсы



толықтыр
ойлан

Қалыптастырушы бағалау.

Өте жақсы



толықтыр
ойлан

ҚБ

Бағалау. «Микрофон» әдісі. Мұғалім жеке оқушыларға микрофон ұсынып, критерийі арқылы бағалатады және ұсыныстар айтқызады.



М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы

Сабақтың соңы

Кері байланыс


«Жарқын ойлар» әдісі арқылы алған білімдерін қорытындылау

1.Сіз үшін жаңа болып табылатын 2 мәселе

2.Сіздің назарыңызды аударған 1 мәселе.

3.Сіз сенімсіздік танытқан 1 мәселе