Файл: Туелсіздіктырым таырыбында ткізілген дгелек стелді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелдің

АНЫҚТАМАСЫ

Күні: 15.12.2022 ж

Ұйымдастырушы: Бесбаева А.

Қатысқандар: 10-11 сынып оқушылары
Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың бойында Отансүйгіштіктілік сезімдерін қалыптастыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, шынайы патриоттар тәрбиелеу.

Дөңгелек үстел Тәуелсіздіктің 31 жылдығына орай ұйымдастырылды.  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. 10-11 сынып оқушылар арасында өткізілген іс-шарада Абылхан Динана, Кенжебек Толғанай, Есенбаева әр онжылдықта жеткен жетістіктер туралы «Тәуелсіздік  жетістіктері» атты баяндамаларын оқып берді.  «Желтоқсан ызғары» атты слайд арқылы өлкемізден сол кездегі көтеріліске қатысқан және куәгерлері болған жастар туралы  тарих пәнінің мұғалімі А.Бесбаева таныстырым жасады.   Оқушылар арасында «Тәуелсіздік-тірегім» тақырыбында өлеңдер оқылып, домбырамен күй тартылды.