Файл: Бала миыны дамуы шін оны міріні алашы жылдары неліктен те маызды.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.05.2024
Просмотров: 908
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
89
Мен қөшбасшы мұғалім ретінде өз мектебімде желілік қоғамдастықты жүзеге асыру мақсатында аудандағы мектептермен байланысты нығайтуды жөн көрдiм. Ондағы мақсатым-мектепаралық ынтымақтастықты нығайту арқылы оқу мен оқыту барысында инновациялық идеялар алмасу үдерiсін жүзеге асыру, кездесетiн кедергілерді бiрлесіп анықтап, шешу жолдарын іздестіру, қатысушылардың жаңа идеяларды талқылап, ұсыныстар жасауына мүмкіндік тудыру, озық идеяларды насихаттау және тарату.
Мектепiшілікте құрылған қоғамдастық осы уақытқа дейін аймақтық «ЖАДА» аймақтық желілік қоғамдастық жоспары аясында бірлесе жұмыстар атқарғандықтан нақты жоспары жоқ болатын. Өз мектебіміздегі педагогикалық қоғамдастықтың жоспары нақты жүйелі еместігін болғаның мен осы Бағдарламаны оқу барысында ұқтым. Сондықтан мектептегі тәжірибе кезеңінде мектепішілік кәсіби педагогикалық қоғамдастық жұмысын жетілдіруге баса назар аудардым.
Мектеп әкімшілігін, тәжірибелі ұстаздарды, бірлестік жетекшілерін, деңгейлік курстан өткен мектеп мұғалімдерді қатыстыра отырып отырыс ұйымдастырдым. Отырыс барысында қоғамдастық мүшелері кімдер болады, олардың қызметері қандай деген сұрақтар төңірегінде және қоғамдастық атауын таңдап, өзім құрған жоспар үлгісін талқылауға ұсындым. Барлық топ мүшелерімен ақылдаса отырып желілік қоғамдастықтың жоспары, мақсаты, міндеті, күтілетін нәтижесі нақтыланды. Мектепішілік желілік қоғамдастық атауын «Шабыт» деп атайық деген ұсынысымды бірауыздан қолдады.
Кәсіби қоғамдастыққа мектеп әкімшілігі, тәжірибелі мұғалімдер, мектеп көшбасшылары, деңгейлік курстан өткен мектеп мұғалімдер, тәлім алушылар, өздері тілек білдірген ынталы топтарды мүшелікке қабылдап, мектепішілік команда жасақтап алдық. Сонымен қатар қоғамдастық мүшелерінің қызметтік міндеттері де таныстырылды.
Желілік қоғамдастық төрайымы: Көшбасшы мұғалім болды.
Басшылық етуші топқа: Мектеп басшысы, білім сапасына жауапты оқу ісінің меңгерушісі, ҰБТ мәселесіне жауапты бағдарлы орынбасар, І деңгейлі мұғалімдер кірді. Бұл топтағылар орындалатын жұмыстарды жоспарлап, мектептегі желілік қоғамдастық жұмысына жауапты болады.
Үйлестіруші топ мүшелеріне: ІІ және ІІІ деңгейлі мұғалімдер мен тәлім алушылар енді. Бұл топтың міндеті желілік қоғамдастық жоспарына сәйкес мектептер арасында бірлесіп өткізілетін семинар, дөңгелек үстел және коучингтер мен LessonStudy жұмыстарын ұйымдастырып, өткізеді.
Сонымен қатар мектебіміздегі зерттеуші топтын құрамында жас және компьютерлік сауаттылығы жоғары мамандар Ол топ мүшелері мектеп арасында және мектеп ішінде сауалнамалар жүргізіп, талдап, интернет желісі арқылы басқа мектептермен байланыс жасайды деп жоспарладық.
«Қоғамдастық қызметінің бағыттары- оқыту үдерісін жақсарту тақырыбында таныстырылым жасап, «Шабыт» желілік қауымдастығының жылдық жұмыс жоспарына байланысты ресми, бейресми кездесулер, идеялар себеті, кәсіби сұхбаттар, жәрменке идеясы, жаңа форматтағы сабақтар,
байқауларын да ұйымдастырылатыны хабарланды. Сондай-ақ, желілік қауымдастық зерттеу жинағын шығарсақ деген ойымды да айтып өттім. Ал LessonStudy үдерісін өткізін, бір-біріміздің коучингтеріге түрлі іс-шараларға қатысып, оқу сапасын арттыру жолдарын қарастырудағы басты жұмысымыз болатынын айттым.
Оқу үдерісінде өзгеріс туралы мәліметтерді онлайн, конференциялар ұйымдастырып, БАҚ құралдарына жариялау да көзделуде.
Осы жоспар бойынша ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, дамудың тұрақты болуын жүзеге асырамыз деп сенемін.
Тәжірибе барысында менің байқағаным-қоғaмдacтықтa тек үлгілі шешімдерді шығaрылып қaнa қоймaй, керіcінше педаготің жұмыcын ынтaлaндырaтын идеялaр туындaйды.
Біздің негізгі бағытымыз: қоғамдастық жұмысын тек интернет желіcі aрқылы ғaнa емеc, ынтымaқтacтық жобaлaр aрқылы, жеке кездеcу, өзара коучинг, cеминaрлaр өткізу aрқылы жүзеге асырамыз деп ойластық. Желілік қауымдастықта педагогтардың талқылауына қолайлы орта құрып, күнделікті кездесетін кәсіби мәселелермен бөлісу.
Осы міндеттерді алдымызға қойдық: идеялармен бөлісу, проблемаларды анықтау, шeшу, шынайы қарым-қатынас жасау, өзара сенімділік орнату, тәжірибе алмасу, кәсіби білімін жетілдіруге ықпал ету.
Ұсыныстар:
· кері байланыста міндетті түрде тәжірибе барысында ата-ананың пікіріне және оқушы үніне көңіл бөлу;
· диалогтық оқыту арқылы педагогтар сыныптардағы оқыту мен оқуды жақсарту үшін, оқушылардың оқу белсенділігін арттыру керек;
· Педагог мектеп психологымен байланыса отырып, оқушылардың шығармашылық қасиеттеріне назар аудару.
· оқыту тәжірибесінде LessonStudy үдерісін жүйелі жүргізу;
Ocы тәжірибе кезінде мынандай тұжырымдамаға келдім: Тәлімгерлік үдерісінде тәлім алушымен оқу қарым-қатынасын орнату арқылы, қолдау көрсету барысында сенімділікті, шынайылықты үйрендім, ал коучинг үдерісінде әріптестеріме қажетті дағдылар мен шығармашылық идеялар туғызуға мүмкіндік беретін үдеріс екендігін түсіндім. Мұғaлім көшбасшылығы ұжым болып бірге жұмыс жасау арқылы, мұғалімдерден қолдaу болған жағдайда ғана оң нәтижесін беретіндігіне көз жеткіздім. Ынталы топ мүшелерімен ынтымақтаса, сенімділікпен, өзара түсіністікпен жұмыс жасау барысында оң өзгерістерге қол жеткіземіз.
Қорыта келгенде мектебіме түбегейлі өзгерістер енгізілмегенімен, жасаған жұмыстар өз нәтижесін береді деген пікірдемін.
90
Қазіргі таңда кеңінен қолданылып жүрген «ұрпақтар теориясының» негізін қалаған Уильям Штраус пен Нейл Хоув. Олар ұрпақтардың ерекшелігі мен айырмашылығын зерттеп қана қоймай, түрлі ұрпақтар ұстанатын құндылықтардың өзгеше болатыны және оларды тудыратын себептерге, атап айтқанда, саяси-әлеуметтік жағдайларға, қоғамның техникалық даму деңгейіне және сол заманның маңызды оқиғаларына тоқталады. Олардың 1991 жылы «Ұрпақтар» («Generations») атты кітабы жарық көрген.
Бұл кітапта АҚШ тарихы 1584 жылдан бастап түрлі ұрпақтар өмірбаяны ретінде сипатталады. Ал 1997 жылы шыққан «Төртінші өзгеріс» («The Fourth Turning») кітабында аттары аталған авторлар ұрпақтар теориясын жалғастырып, АҚШ тарихындағы қайталанатын мінез-құлық моделдері туралы жазады.
Авторлар бір ұрпаққа шамамен 20 жыл аралығында дүниеге келген адамдарды топтастырады, сонда бір ұрпақты белгілі бір тарихи кезеңде өмір сүру, ортақ көзқарас, мінез-құлық, ұқсас қылықтар іспетті факторлар біріктіреді.
Тарихта әр 20 жыл аралығында дүниеге келген ұрпақтың өзіне тән атауы мен еркешеліктері бар екені айтылады.
1943-1963 жылдар аралығында дүниеге келген «Бэби-бум» ұрпағы.
1963-1983 жылдар аралығы – «Х ұрпағы».
1983-2003 жылдар аралығы – «Y ұрпағы».
2003 жылдан кейін дүниеге келгендер «Z ұрпағы».
Ал 2010 жылдан кейін туғандарды альфа (А) ұрпағы дейтіндер де бар. Яғни осыған дейінгі бөлінулердің бәрін жаңартып, яғни нөлге теңеп, қайтадан санай бастауға болады дегендей пікір.
Егер адамның орташа өмір сүру ұзақтығы 80 жыл десек, онда оның өмірі 20 жылдан тұратын 4 кезеңге бөлінеді: балалық шақ, жастық шақ, орта буын, кәрілік. Өмірінің әр кезеңінде адам басқа ұрпақтың өкілдерімен кездесіп, араласып жатады, кейбірінің арасында анық алшақтық болуы да, болмауы да мүмкін.
«Ұрпақтар теориясы» тек ағылшын-америкалық тарихқа негізделіп жасалса да, дүние жүзінде танымал болып отыр. Зерттеушілер әлем елдерінде ұрпақтардың ұстанатын құндылықтары бірдей деген қорытындыға келді. Дегенмен бұл теорияның қарсыластары да бар. Олардың басты келіспеушілігі бұл теория адамдар туралы жалпылама айтады, яғни олардың психологиялық ерекшелігін, темпераментін, жеке себептері мен сенімдерін, әлеуметтік басымдылықты ескермейді деп есептейді.
91
Қазіргі таңдағы үздіксіз көп деңгейлі кәсіби білім берудің басым бағыттарының бірі – тұлғаға бағытталған педагогикалық іс –әрекеттің сапасын қамтамасыз ету. Осы іс - әрекетке баса назар аударудың өзіндік себептері бар. Олар:
- еліміздің, қоғамның динамикалық дамуы, бүгінгі өзгермелі заманға лайық өмір сүре алатын тұлғаны қалыптастыруды талап етуде;
- бүгінгі мектеп оқушыларының іс - әрекетке бейімдігі, еркіндігі тәуелсіз болуы, педагогтарға білімденушілермен қарым – қатынаста жаңа тәсілдермен әдістерді қолдануды қажет етуде;
- бүгінгі мектептегі балалар мен үлкендер арасындағы қарым – қатынастың адамгершілік, демократиялық жағынан басым болу қажеттіліктерінен туындап отыр.
Білім беру үдерісінің субъектісін тұлға деп қаратырсақ, онда дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. Тұлғаның мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі өзімен - өзі болу қабілетінде ашылады. Табиғи таланттардың, туа біткен ерекшеліктерінің маңызды рөлін тұлға дамуында әлеуметтік факторлар жаңаша түрде көрсетеді. Дара өмірдің тіршілік ету әдісі дегеніміз – адам өмірінің жалпы көрінісі, адамның бірегей және бесаспап қасиеттерінің бірлігі тұтас жүйе; адамдардың арасындағы өзінің ұстаным орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Қоршаған ортамен қоғамдық және адами қарым – қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам тұлға болып туа қалмайды, әлеуметтану процесінде тұлға болып шығады деген ғалымдардың тұжырымын қолдай отырып, білім мен тәрбие беру үдерісінде өздігінен үздіксіз дамуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру кәсіби білімдендіру үдерісінің ізгілендірілуіне орай кәсіби педагогиканың негізгі басымдықтарына айналды. Кәсіби педагогиканың басым бағыттарыннда болашақ маманның тұлғалық болмысын дамытуға оқыту технологиялар жүйесінің қолданыс аясы кеңейіп, практикалық маңызы айқындалды. Себебі педагогикалық технологияда педагогикалық жобасы ретінде объектілерді, процестерді және олардың өзара әрекет ету жағдайларын ажыратады, яғни педагогикалық технология кең мағынасында бүкіл білім беру жүйесінің тұжырымдамасын, стратегиясын білдіреді. Кәсіби білім беру жүйесін ұйымдастырудың негізі ұжымдық оқыту тәсілі болып табылады. Ұжымдық оқыту тәсілі – оқытуды білімденушілердің бір – бірін оқыта алатын динамикалық жұптарда қарым қатынас жасауы арқылы іске асырылатындай етіп ұйымдастыруымен сипатталады. Білімденушілердің оқу қызметін ұйымдастырудың ұжымдық формасы білімдену үдерісіне бірге қатысушылардың өзара ықпалдастығын, өзара жауапкершілігін білдіреді.