Файл: Программалау тілінде файлды оу жне жазу Сабаты масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қысқамерзімді жоспар

Бөлімі:

4-бөлім. «Python тіліндегі алгоритмдерді программалау»

Педагогтің аты-жөні:

Бисенғали Бекұзақ

Күні:

25.01.22

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

4.2. Файлдық функциялармен жұмыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.3.1 Python программалау тілінде файлды оқу және жазу;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін: файлдық функциялармен танысады. Оқушылардың көбі үшін: Python программалау тілінде файлдық функциялардың екі типін қарастырады.

Кейбір оқушылар үшін: Python программалау тілінде деректерді файлдан оқу және жазуды жүзеге асырады.

Бағалау критерийлері

  • Тапсырманың программа кодтарына талдау жасайды.

  • Файлға жазу және оқу әдістерін пайдаланып, қарапайым тапсырмаларды орындайды.

  • Программалау барысында файлдық функцияларды пайдаланып программа жазады.

Тілдік мақсаттар

Пәндіклексикаментерминология:

Шығару → Выход → Оutput Іздеу→ Искать → Seek

Ашу Открыт Open

Диалогтерменжазуүшінпайдалысөзтіркестері:

  • Файлдармен жұмыс жасайтын қандай функция және әдістер бар?

  • Файлға деректерді жазу мен оқуда қандай жайттарға ерекше назар аудару керек?

  • Python программалау тілінде файлмен жұмыс жасайтын қандай функция және әдістер бар?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі, орыс тілі, математика.

Алдыңғы білім

Файлды жасау және ашу жолдарымен таныс.


Сабақтың барысы:


Сабақтың

кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Бағалау

Ресурс- тар

Сабақтыңбасы

2 мин

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

  3. Психологиялық жағымды ахуал орнату.

Топтастыру

«Екілікке саналу»әдісі арқылы 2 топқа бірігеді.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

«Мозайка» әдісіарқылы үш топқа қима қағаздар беріледі.

Топ мүшелері қағаз қиындыларын құрастырып,

І топ – сабақтың тақырыбын,

ІІ топ – сабақтың мақсаты мен критерийлерін

жариялайды.

Бағалау: Топтар бір-бірін

«Басбар-мақ»әдісіарқылы бағалайды

.


Қағаз қиынды- лары




5 мин

(Ұ)

«Миға шабуыл» әдісі.Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.

  • Файлдармен жұмыс жасайтын қандай функция және әдістер бар?

  • Файлға деректерді жазу мен оқуда қандай жайттарға ерекше назар аудару керек?

Python программалау
















тілінде файлмен жұмыс жасайтын қандай функция

және әдістер бар?










Жаңа сабаққа кіріспе Оқушыларға жаңа білім бөлімі бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі. Толығырақ ақпарат алу үшін

оқулықтағы ақпараттарды оқуға бағытталады.

(Ұ) Сөздікпен жұмыс. «Түртіпалу»әдісі.




7-сынып оқулы- ғы.




(Т) Талқылау

Оқулықты оқып біткен соң, топтар арасында топтық жұмыс жүргізіледі.

І топ: readline() функциясы ІІ топ: seek функциясы Мақсаты: Жаңа сабақ бөліміндегі оқыған

ақпараттарын топтық талқылау барысында тереңірек түсінеді.

Дескриптор:

  • readline() функциясы туралы талқылай- ды.

  • seek функциясы туралы талқылай- ды.

Бағалау: Топтар бір-бірін

«Басбар-мақ»әдісіарқылы бағалайды.







(Ж) Жинақтау

1-тапсырма.

Input.txt мәтіндік файлдың бірінші жолында “a”...“z” арасындағы кіші латын әріптері, ал екінші жолында және 0 мен 9 аралығындағы араб цифрлары берілген. Бірінші жолдағы алғашқы 10 әріп пен екінші жолдағы алғашқы 5 цифрды

Дескриптор:

  • Бірінші қатардағы алғашқы

10 символды оқу үшін readline(10) деп, нәтижесін p айнымалысына жүктейді.

  • Екінші қатардағы алғашқы 5 цифрды оқу үшін, бірінші қатардағы алфавиттің қалған бөлігін параметрсіз readline() арқылы оқып, төменгі қатарға түседі.

  • Файлдан оқыған деректер жеке­жеке жолға жазу үшін ‘\n’ әдісін

қолданады. Мақсаты: теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, программа жазуға

дағдыланады.

Бағалау: Жұптар бір-бірін

«Басбар-мақ»әдісіарқылы бағалайды.







2-тапсырма

Input.txt мәтіндік файлдың

бірінші жолында “a”...“z” аралығындағы кіші латын

Дескриптор:

  • Input.txt кіру

файлына латын әріптерін жазады.

Бағалау: Жұптар бір-бірін

«Басбар-











әріптерінен тұратын жол берілген. Файлдағы осы жолды 2- орыннан бастап 15 әріпті ‘*’ символымен ауыстыр.

Input.txt

abcdefghijklmnopqrstuvwxyz
Программа коды: fin=open (“Input.txt”, “w”) f.write (‘abcdefghijklmnopqrstuvwx yz’)

f.seek (2)

f.write (‘***************’) f.close ()

Нәтижесі: ab***************rstuvwx yz

  • Файл меңзерін Seek() функциясы көмегімен қажетті орынға орналастырады.

  • Файлға ‘*’ символын жазады. Мақсаты: теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, программа жазуға дағдыланады.

мақ» әдісіарқылы бағалайды.







Дербес жұмыс. Практикалық жұмыс 3-тапсырма:

Input.txt мәтіндік файлында үш, төрт және бес таңбалы сандар бос орынмен ажыратып жазылған. Осы сандардың қосындысын тап. Қосындыны Оutput.txt файлына жаз.

Программа коды:

fin=open (“Input.txt”, “r”) fout=open (“Output.txt”, “w”) a=int(fin.read(3))

fin.seek (4)

b=int (fin.read (4))

fin.seek (9) c=int(fin.read(5)) fout.write (str(a+b+c)) fin.close ()

fout.close ()

Нәтижесі: 74421

Мақсаты: seek() және read() функцияларын дұрыс қолдану дағдысын

қалыптастыру.

Дескриптор:

  • Seek (n) функциясының көмегімен меңзерді қажетті орындарға қойып отырады.

  • Read(n) функциясының көмегімен жолдық шамаларды таңбасының санына қарай оқиды.

  • Жолдық шамаларды int() функциясы көмегімен санға айналдырады.

Бағалау: Оқушы өзін-өзі

«Басбар-мақ» әдісіарқылы бағалайды.




Сабақтыңсоңы
7 мин Рефлек- сия

Сабақты бекіту

«Бессаусақ»әдісі



Балалар таратылған «5 саусақ» парақшасы-на таныстыры-лымда

көрсетілген төмендегі

Өзімді қалай сезіндім?

-Басқаларға көмегім тиді ме?

-Бүгін көңіл күйім қандай болды?

-Бүгін сабақ ұнады ма?

Бағалау: Мұғалім- нің қорытын

-ды бағалауы

.

«Басбар-мақ»әдісі

«5 саусақ» парақша-лары








критерий-лер бойынша өз ойларын жазады.

-Бүгін не үйрендім?

Мақсаты: Сабақты бекіту.

арқылы жүргізіле

-ді.







Үй тапсырмасы

Досыма жазылған хат! Файлдан оқу тақырыбы жайлы досыңа хат жаз. Хат мазмұнында файлдан оқудың ерекшеліктері мен оның программалау үшін маңызы жайлы әңгімелеп бер. Хаттың мазмұнында осы тақырыпты меңгерудегі қиыншылықтарың туралы ойыңды жаз. Сонымен бірге бұл тақырыпты ойдағыдай меңгерген жағдайда программа құруда жаңа қандай мүмкіндіктерге қол жеткізетінің туралы сөз қозға.

Мақсаты: Өткен сабақты пысықтау.

ҚМЖ-ға ҚОСЫМША

Қысқамерзімді жоспар сабақтың бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейін оқушылардың жас ерекшелігі, оқу мақсаты ескеріле отырып, сараланып жасалды.

Тапсырмаларды орындау барысында дербес (жеке-дара), жұппен, топпен жұмыс жасалады. Тапсырмаларды орындау сабақтың ортаңғы кезеңіне жоспарланды. Осы кезеңде саралаудың «Қорытынды», «Диалог және қолдау көрсету», «Бағалау»,

«Тапсырма», «Қарқын» тәсілдері қолданылады. Бұл сабақтағы барлық тапсырмада оқушылар бірдей тапсырма орындағанымен нәтижелері оқушының деңгейіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, соңғы шешімін беріп отырады. Бұл саралаудың «Қорытынды» тәсілі. Сонымен қатар оқушылар әр тапсырманы орындау кезінде үнемі қалыптастырушы бағалаудың әдістерімен бағаланып отырады. Тапсырманы қандай деңгейде орындағанын, сабаққа қатысу белсенділігін көрсетеді. Бағалау оқушының іс-әрекетінің жақсаруына оң ықпалын тигізеді. Бұл саралаудың

«Бағалау» тәсілі. Сабақта оқушылар жаңа теориялық ақпаратпен танысып, практикалық, талдау, жинақтау, бағалау тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдерін толықтыру жоспарланды. Бұл саралаудың «Тапсырма» тәсілі. Сонымен қатар жоспарланған тапсырмаларды орындау барысында оқушының білім дағдысына, деңгейіне қарай қарқыны жылдам және баяу оқушылар кездесуі әбден мүмкін деген болжаммен оқулықта қосымша тапсырмалар беру мүмкіндігі жоспарланды. Бұл саралаудың «Қарқын» тәсілі. Құндылықтарға баулудағы мақсатымыз: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша

«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым- қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбек етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдылары қалыптасады. Психологиялық жағымды ахуал орнатудағы басты мақсат: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастыру, көңіл күйін көтеру, бауырмалдығын ояту.

Топтастырудағы мақсатымыз: Топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық, тыңдау дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады. Өзгелердің идеялары мен ойларын тыңдап, құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.

Бұл жерде саралаудың«Жіктеу»тәсілі қолданылады.

«Миғашабуыл»әдісінқолдану мақсаты: Бұл әдіс ұжымдық жұмыс түрінде яғни оқушылардың барлығын жұмылдыра қатыстырып, сабақтың бастапқы кезеңінде ғана қолданылады. Себебі оқушылардың сабаққа дайындығын, өткен және жаңа тақырып бойынша алдыңғы білімін тексеру мақсатында ой қозғау сұрақтары беріледі.

Сөздікпен жұмыс жүргізудегі мақсат: Информатика пәнінде көптеген программалау тілдері ағылшын, орыс тілдерінде ұсынылады. Сондықтан жаңа сабақта кездесетін терминдік сөздермен таныстыру мақсатында «Түртіпалу»әдісінқолдануды жоспарлаймыз. Бұл үштілділік білім беру жүйесіне өз септігін тигізеді.

Рефлексия: Бұл сабақтың соңғы кезеңіне жоспарланды. Өйткені сабақтың бастапқы кезеңінен соңына дейін оқушының нені оқып меңгергенін білу мақсатында және сабақты

бекіту, қорытындылау үшін «Бессаусақ»әдісініңкритерийлерін орындайды. Бұл әдіс




оқушының өз ойын жинақтауға, өз-өзіне есеп беруге және ұжым алдында өз ойын еркін жеткізуге баулиды.

Үйге тапсырма беру мақсаты: Үйде мұғалімнің көмегінсіз өтілген сабақты өздігінен орындап, тақырыпты пысықтайды. Бұл оқушының өздігінен үздіксіз оқып-үйренуіне, білім алуына бағытталады.