Файл: Электронды кестелер кмегімен есептерді шешу Педагогты атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Электрондық кестелер көмегімен есептерді шешу

Педагогтың аты-жөні

Кулмагамбетова Салтанат Абдисалыковна

Күні




Сынып

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Мәтіндік процессордағы кестелер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


7.2.2.1 мәтіндік процессордағы кестелерді пішімдеу;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Кестедегі бағандер мен жолдардың санын анықтайды

Көптеген оқушылар:

Мәтіндік процессорда кесте құрады


Кейбір оқушылар:

Мәтіндік процессорда кестені пішімдейді

Құндылықтарға баулу:





Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

1.Оқушылармен амандасу.

2.Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Алгоритмдерді ретімен орналастыру арқылы

  1. Іске қосу батырмасын таңдау

  2. Барлық бағдарламалар командасына өту.

  3. MS Word бағдарламасын ашу.

  4. Кесте сызу

  5. Кестені сақтау.


Егер алгоритмдердің дұрыс орналасуын тапса, сиқырлы сандық ішіндегі құндылыққа қол жеткізеді. (Құндылық ҚР Туы)
Ой қозғау.

Балалар алдымызда қандай айтулы мереке келе жатыр?

Балалар: ҚР Тәуелсіздік күні.

Я, балалар дұрыс айтасындар. Біздің көк туымыздың көк аспан астында желбіреп тұруы, біздің осындай бейбіт, бақытты өмір сүруге қол жеткізуімізге үлес қосқан аға-апаларымызды еске алмасақ бізге сын болар.

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.

1 минут үнсіздік.


1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.


Жұлдыз

2 балл
«Коментарий» әдісі арқылы бағалап отырамын


Презентация, ҚР Туы
wordwall.net

Сабақтың ортасы

30

Сабақ тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау.

Жаңа сабақ.

Топтық жұмыс

Топта сұраққа жауап беріп, талқылаңдар:

MS Word редакторының қандай мүмкіндіктері бар? Өз пікірлеріңді дәлелдеңдер.

Жұптық жұмыс.

№1 тапсырма: Мәтінде жіберілген бос орындарды толтыр:

Адам ойлауы екі нәрсеге негізделген: ___________ және ______________

қабілеттілігі. Интеллектуалды жүйелерді жасауға екі негізгі міндет қойылған.

Олар ___________ және _________________.

Түйін сөздер: Білім қоры, білімді модельдеу, пайымдауды модельдеу,

логикалық пайымдау.
Практикалық жұмыс. (Жеке жұмыс)

Мәтін бойынша кесте құру.

Желтоқсан құрбандары

Бүгін Отанымыз Қазақстанның тәуелсіздік алганына 31 жыл, ал желтоқсан оқигасына 36 жыл болды. 1986 жылы 17-желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылын білдіріп, шеруге шықты. Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді.

Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.

Қайрат Рысқұлбеков 1966-жылы 13-наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында малшы әулетінде дүниеге келді. Қайрат 1973-1981 жылдары Шу ауданындағы Төле би ауылына орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып сегіз жылдық білім алды. 21 мамыр 1988 қайтыс болды.

Асанова Ләззат Оразханқызы (27.07.70, Алматы облысы Панфилов ауданы Ақжазық а. — 25.12.86, Алматы) — Желтоқсан көтерілісінің (1986) құрбаны. 1985 ж. Алматыда П.Чайковский атынд. муз. уч-щеге оқуға түскен. Суан руынан шыққан. Алматыда 1986 ж. 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заңы негізінде 01.01.1970 жылы т туған Сабира Есимбековна Мухамеджанова саяси қуғын-сүргін құрбаны ретінде танылады».
Ербол Сыпатаев – Желтоқсан көтерілісіне қатысып, алаңда қазақ қарындастарын құтқару барысында алған соққыдан қайтыс болған жас қазақ жігіті. Ұлы жүздің Суан руынан шыққан. Талдықорған облысының Көктал ауылында 1964 жылы дүниеге келген. Желтоқсан көтерілісі уақытында Алматы қаласында энергетика институтының 2 курс студенті болған. Кейбір мәліметтерде оның әке-шешесі жоқ, тек туысқандары ғана болғандығы айтылған. Ол туралы деректер өте аз.

Дескриптор:

  1. Мәтінмен жұмыс жасайды.

  2. Мәтінде берілген мәліметтер бойынша кесте құрады.

  3. Кестені пішімдейді.




1.Мұғалімді тыңдайды,

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

4. Бейнесабаққа газар аударады.

5. MS Word редакторының мүмкіндіктерін айта отырып, пікірлерін дәлелдейді.

1-тапсырманы орындайды

2- тапсырманы орындайды



Жұлдыз

2 балл

Жұлдыз

2 балл


Онлайн ресурс

Кунделік.kz-гі бейне сабақ.

2.Таратпа материалдар -


Сабақтың соңы

3 мин



1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

С абақ бойынша рефлексия

Б үгінгі сабақта жүрегім арқылы не сезіндім?

Бүгінгі сабақта қолым арқылы не жасадым?

Б үгінгі сабақта миым арқылы не ойладым

Padlet тақтасы арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі

Мұғалім:

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Көк тудың желбірегені өлеңі қосылады.







Padlet. сom ресурсы

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы: Мәтіндік процессорда кесте элементтерін пішімдеу