Файл: Ксіптік тжірибе кнделігі Пн Терапиядаы медбикелік іс Мамандыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 21

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ШЖҚ КМК «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы жоғары мемлекеттік медициналық колледжі»

Кәсіптік тәжірибе күнделігі

Пән: Терапиядағы медбикелік іс

Мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс»

Біліктілігі : 030204 3 «Жалпы практикадағы медбике»

Топ: 4 «М/І» ІІІ

Орындаған: Тұрсынқанова Қалнұр Нұрланқызы

Тексерген: Нургазинова Назгуль Муратбековна

Семей қаласы 2021-2022 ж.

Күні/Дата

Орындалған жұмыс көлемі/

Объём выполненной работы

Қойылған мақсатқа жету/

Достижение поставленных целей

Ескерту/Примечание

13.0522

Мен Тұрсынқанова Қалнұр Нұрланқызы ШЖҚ КМК «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы жоғарғы мемлекеттік медициналық колледжінің» IV курс студенті. Мен «Терапиядағы мейіргер ісі» пәні бойынша кәсіптік тәжірибемді ШЖҚ КМК "Семей қаласы жедел медициналық жәрдем ауруханасында" 

өттім.Кәсіптік тәжірибем 13.05.22 күні таңғы сағат 8.00-де басталды.Мен бұл пәннен кәсіптік тәжірибемді «Кардиология және рентген эндоваскулярлық хирургия» бөлімінде өттім.Біздің тәжірибе жетекшіміз-ментор Асем Ермековна бізді қабылдап алып,емдеу мекемесімен таныстырды және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізді. Және алғашқы тәжірибемді бекетте өткіздім.Жұмысымды «111-ші бұйрыққа» сәйкес қолды өңдеу алгоритмімен бастадым және орныма ағымды тазалау жүргіздім,бекеттегі мейіргердің функционалды міндетімен таныстым.
«Кардиология және рентген эндоваскулярлық хирургия бөлімшесі» - бұл 3-ші қабатта орналасқан бөлім.Бұл бөлімде жүрек ауруларымен қатар эндоваскулярлы әдіспен операция жасалуы керек науқастар жатқызылады.Негізгі кездескен диагноздар:ЖИА;Сол қарыншалық жетіспеушілік(I50.1);Анықталған жүрек ырғағының бұзылыстары(I49.8);Миокардтың төменгі қабырғасының жедел трансмуральді инфарктісі(I21.1);Жіті миокард инфарктісі(I21.9);Стенокардия(I20.0);Ұйқы артериясы синдромы(Синдром сонной артерии-G45.1). «Кардиология-1»бөлімшесі мынадай кабинеттерден тұрады:аға мейіргер кабинеті,ем шара кабинеті,2 бекет,8 палата (32 орынды),таза жабдықтарды сақтау бөлмесі,қызметкерлердің жеке гигиенасын сақтау бөлмесі.
Бекеттегі жұмыстағы мейіргер міндеті:


  • Науқастарды қабылдап алып,бекітілген палаталарына орналастыру

  • 2 уақыт науқастардың температурасын,қан қысымын өлшеп отыру

  • Науқастарға тағайындалған дәрі-дәрмектерін тарату және дәрілерін қабылдауын қадағалау

  • Халі ауыр науқастарды тамақтандыру:қасық арқылы,нозогастральді зонд арқылы,гастростома арқылы

  • Халі ауыр не өз-өзіне күтім жасай алмайтын науқастарды күту:іш киімдерін ауыстыру,ақ жаймасын кірлеген сайын ауыстыру,денесін ылғалды сүрту,науқастарды жуындыру,жыныс мүшелерінің күтімін жасау,судно беру

  • Ойылулардың алдын алу:денесін камфор спирт+фурациллин ерітіндісін араластырып сүрту,төсектегі қалпын 2 сағат сайын ауыстыру,ойылу болады деген жерлерге валиктер не жұмсақ жастықшалар қою,төсек жаймасын ауыстырғанда астында ешқандай қыртыс жоқ болуына көз жеткізу,төсегінде тамақ қалдықтары болмауын қарау.Ойылу пайда бола бастаса дереу дәрігерге хабарлау,себебі бұл өте ауыр асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін.Ойылу болған жерлерді күнделікті өңдеп,таңғыш салу.

  • Науқастарды тасымалдау:палатасынан тағайындалған тексерулерге,мысалы,УЗИ,КТ,ЭКГ,ЭхоКГ,рентген,операция жасайтын орнына,операциядан реанимацияға,реанимациядан бөлімшеге,т.б.

  • Науқастардан көктамырынан биохимиялық зерттеуге қан алу

  • Ота жасау алдында науқастарды отаға дайындау:асқазан ішек жолын,психологиялық,тері жамылғысын

  • Отадан шыққаннан кейінгі алғашқы сағаттардағы жағдайы мен жалпы жағдайын бақылау

  • Ас қорыту,зәр шығару жүйелерін бақылау

  • Жүрек аурулары болғандықтан ісіктің болу болмауын қадағалау,яғни жасырын ісік бар жоғын анықтау,салмағын өлшеп отыру.

Алғашқы күні жасаған іс әрекеттер тізімі:


  1. Менің тәжірибелік алғашқы күнім науқасты Электрокардиографияға тасымалдаумен басталды.Науқас:Тоқсанбаев Ерлан 19.04.1967(301 палата). Ауруханаға түскен күні:12.05.2022. Диагнозы:ЖИА.

  2. Науқас: Ловицкий Сергей Анатольевич 17.08.1954(308 палата). Ауруханаға түскен күні:06.05.2022. Диагноз:Жарты шар синдромы немесе ұйқы артериясы синдромы(Синдром сонной артерии). Тасымалдадым:КТ-ангиография;Бас және мойын қантамырларының УДЗ;

  3. Науқас: Сырттанов Кайырбек 12.01.1961(304 палата). Ауруханаға түскен күні:12.05.2022 Диагноз: ЖИА Тасымалдадым: ЭКГ,ЭхоКГ

  4. Науқас:Адоньева Нелли Александровна 24.04.1960 (303 палата). Ауруханаға түскен күні:11.05.2022. Диагноз:Стенокардия Жасаған әрекетім:Қан қысымын өлшедім.Нәтижесі:90/70 мм с.б.Дереу дәрігерге хабарладым.

  5. Науқас:Оспанов Ерсұлтан 02.06.1959 (308 палата) Ауруханаға түскен күні:10.05.2022 Диагноз:Ұйқы артериясы синдромы Тасымалдау:Операцияға(ангиопластика және ұйқы артериясын стендтеу-эндоваскулярлы әдіс)


Қолымды гигиеналық өңдегендегі әрекетім:

  1. Қолдан сақинаны шештім.

  2. Қол терісінің бүтіндігін тексеріп алдым.

  3. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырдым.

  4. Су шүмегін ашып, судың температурасын 35-400С реттеп алдым.

  5. Шынтағыммен сулы сабынды 2 рет бастым(3мг).

  6. Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін жігерлі сабындап, келесі ізбектілікпен жудым:

  • алақанды алақанмен;

  • сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанымен және керісінше;

  • алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында;

  • оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше;

  • 2 қолымды құлып қыла отырып;

  • үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен үйкеледім;

  • Білезігімді айналдыра;

  • сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, оң алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше.

  1. Қолымды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шайдым. Қолымды шынтақ деңгейінен жоғары ұстап,шүмекті оң шынтағымен жаптым.

  2. Қолымды қағаз сүлгімен құрғаттым:1-шісін алып қолдың саусақ бөлігінен шынтаққа дейін-білек,ішкі бөлігін,тура солай сыртқы бөлікті және 3-ш салфеткамен білезікті айналдыра.

  3. Құрғақ қолдарға 3 мл антисептикалық затты жағып және оны қол терісіне кеуіп кеткенше жоғарыдағы 5 пунктті қайталадым.


Қол жуу-6 рет
Науқас тасымалдадым-4 рет
Қан қысымын өлшедім-3 рет






14.0522

Мен Тұрсынқанова Қалнұр14.05.22 күнгі кәсіптік тәжірибемді ем шара кабинетінде жалғастырдым.Ем шара кабиентінің мейіргері мені қабылдап алып сол жердің функционалды міндетімен таныстырды сонымен қатар қауіпсіздік техникасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Алғашқы күні мейіргердің жанында жүріп жұмыстарымен таныстым және палаталар бойынша аралап тағайындалған дәрілік ерітінділерді тағайындау парағы бойынша енгіздік.Сонымен қатар қойылған бір реттік жүйелерді қарадым.
Ем шара кабинетінде жасалатын іс шаралар жиынтығы:


  • Ағымды тазалау жүргізу 6 рет

  • Бас мейіргерден бөлінген препараттарды бөлімшеге тасымалдау

  • Арнайы рецептпен фармацевтикадан дәрі алу

  • КМИС-ке тіркелген науқастардың тағайындалған дәрі дәрмектерін тексеріп шығу

  • Тағайындалған дәрі дәрмектерді алдын ала реттеп жылжымалы стерильді үстелге қою

  • Тағайындалған парақ бойынша науқастарға препараттарын енгізу

  • Препараттарды арнайы шкафқа келесідей бөліп орналастыру:Қызыл белгіде:жоғары қауіптілігі бар препараттар;Сары:сырттары ұқсас препараттар;Көк:аттары ұқсас препараттар.

  • Цоликлондар арқылы қан тобын және резус факторды анықтау.

  • Бұлшық етке,көк тамырға инъекция жасау және көк тамырға сұйықтық енгізу үшін бір реттік жүйені құрастыру және қою.

Мен жасаған іс әрекеттер тізімі:

  • Ағымды тазалау жасадым(Амиксидин 0,5%,кушеткаға дез.хлор 0,03%)

  • Мейіргермен бірге КМИС-тен тағайындалған препараттарды тексеріп шықтым

  • Фармацевтикадан арнайы рецептпен дәрілік ерітінділерді алып келдім

  • Қолды гигиеналық өңдеу,стерильді қолғап кию

  • Стерильді үстелді жабдықтау: спиртті мақта шариктері,стерильді пинцет,стерильді перчаткалар,қол өңдеуге арналған антисептик,шприц 2,5,10 мл,стерильді лоток,тағайындалған препараттар(Цианкобаламин,Пиридоксин, Мелоксикам,Фуросемид);Штативтерді даярлау

  • Бір реттік жүйені құрастырдым

  • Алғашқы күн болғандықтан тек бұлшық етке инъекция жасадым.


Инъекция жасар алдында жасалуы керек 5 әрекет:


  • Пациент(идентификация жасау науқастан аты-жөнін сұрау және браслеті бойынша тексеру)

  • Медикамент(тағайындау парағы бойынша препараттты алып тексеру:жарамдылық мерзімін,қабының бүтіндігін,препараттың түрін және консистенциясын)

  • Доза(тағайындау парағы бойынша тексеру)

  • Уақыты(тағайындау парағы бойынша қай кезде,қандай уақыт аралығымен салынуы керектігі)

  • Енгізілу орны(тағайындау парағы бойынша және енгізілетін орынды)

Бұлшық етке инъекция жасағандағы менің іс әрекетім:


  • Жылжымалы үстелді жинап,қолымды гигиеналық өңдеп,тағайындау парағы және палата бойынша науқасты таптым.

  • Жылжымалы столды ыңғайлы етіп қойып,инъекция алдында жасалуы керек 5 ережені орындадым және науқасты нақтыладым

  • Осы шаралар орындалғаннан кейін стерильді перчатка кидім,сыртынан антисептикпен өңдеп, науқастың алдында препаратты(В12) ампуладан сорып алдым.

  • Науқаста витамин болды.Инъекция жасайтын жерді пальпациялап көрдім, ешқандай инфильтрат болмады.Инъекция орнын спиртті мақтамен 2 рет өңдеп,900-та инені 3/2 бөлігін бұлшық етке енгіздім.

  • Перчатканы,қолданылған шприцті және мақта шариктерін,ампуланы Б класына,ал шприц қабын А класына тастадым.

  • Қолымды жуып,кептірдім.


Стерильді қолғап кигендегі әрекетім:


  • Ең алдымен қолымды «111» бұйрыққа сәйкес гигиеналық деңгейде жуып алдым

  • Қолғапты қаптамасымен алып тексердім:жарамдылық мерзімін және қаптаманың саулығын

  • Қолғап қаптамасын стерильді столға қойып,қаптамасын аштым

  • Сол қолыммен оң қолға киілуі керек қолғапты қайырылған іш жағынан ұстап – оң қолыма кигіздім(қолғап жоқ қол қолғаптың сыртына тимеуі керек)

  • Оң қолыма қолғапты кигеннен кейін сол қолға кигізілетін қолғапты қолғап қайырмасының ішіне тигізбей сырт жағынан ұстап кигіздім

  • Қолғаптарды кигеннен кейін 2 қолымды құлып жасай отырып қолғаптарды түзетіп алдым

  • Қолғап сыртынан антисептикпен өңдедім.


Ағымды тазалау- 2 рет(Амиксидин 0,5%,кушеткаға дез.хлор 0,03%)

Қол жуу- 8 рет
Стерильді қолғап кию – 5 рет
Бұлшық етке инъекция жасау – 4 рет
Стерильді столды жабдықтау-1 рет
Бір реттік жүйені құрастыру-6 рет




16.0522

Мен Тұрсынқанова Қалнұр бүгінгі кәсіптік тәжірибемді бекеттегі жұмысыммен жалғастырдым.Науқастардың қан қысымын өлшедім.Тағайындалған тексерулерге және ота залына тасымалдадым.
Бүгін жасаған іс әрекеттерім:

  • Тәжірибе орныма ағымды тазалау жүргіздім(Амиксидин 0,5%,кушеткаға дез.хлор 0,03%)

  • Палаталарды аралап науқастарды тексеріп шықтым

  • Таңғы астарын ішіп біткеннен кейін таңғы астан кейінгі қабылдау керек дәрілік препараттарын таратып бердім

  • Фармацевтикадан түскі астан кейінгі қабылдауы керек дәрілік препараттарды алып келдім

  • Науқастардың қан қысымын өлшедім

  • Науқастарды тағайындалған тексерулерге тасымалдадым


Тасымалдаған науқастар тізімі:


  • Науқас:Сейтказин Кадиржан 14.12.1970 Ауруханаға түскен күні:09.05.2022 Диагнозы:ЖИА Тасымалдадым:ЭКГ,ЭхоКГ

  • Науқас:Адильбеков Сунгат 21.05.2022 Ауруханаға түскен күні:16.05.2022 Диагнозы:ЖИА Тасымалдадым: ЭКГ,ЭхоКГ

  • Науқас:Омаров Баян 03.09.2022 Ауруханаға түскен күні: 11.05.2022 Диагнозы: Тұрақсыз стенокардия Тасымалдадым:ЭКГ

  • Науқас: Кисс Тамара 17.08.1962 Ауруханаға түскен күні: 16.05.2022 Диагнозы:Сол жақ қарыншалық жетіспеушілік Тасымалдадым:Кеуде клеткасның рентгені;ЭхоКГ;ЭКГ

  • Науқас:Хозяев Нурлан 17.10.1987 Ауруханаға түскен күні: 7.05.2022 Диагнозы: Ұйқы артериясы синдромы Тасымалдадым: Науқасқа жиналуға көмектесіп,аурухана шыға берісіне,яғни науқасты ауруханадан шығардым.

  • Науқас: Тулеуов Жумабай 02.05.1964 Ауруханаға түскен күні: 14.05.2022 Диагнозы: Жіті миокард инфарктісі Тасымалдадым: ЭКГ

  • Науқас :Нигматуллина Равиля 13.02.1969 Ауруханаға түскен күні: 13.05.2022 Диагнозы: Аяқ артериясының атеросклерозы Тасымалдадым:Операцияға(эндоваскулярлық әдіс):артерияны стендтеу


Науқастардың қан қысымын өлшегендегі әрекетім:
Мақсаты:қан қысымының көрсетілімдерін анықтау және зерттеу нәтижесін бағалау; жүрек қан-тамырлар жүйелерінің функционалды ерекшеліктерін анықтау.
Қолдану көрсетілімдері:науқастың жағдайын бағалау.
Мүмкін болатын асқынулар: қолдағы артерияны ұзақ қысқаннан ауру сезімі болады.
Дайындау керек: тонометрді, фонендоскопты, қағазды, қаламсапты, қызу парағын.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшараның мақсатын түсіндіремін, алдымен осындай емшара жүргізілгенін анықтау, қандай нәтижелер болғанын науқас білеме, науқастан өзіне тән қан қысымы қанша екенін сұрадым.

  2. Науқасқа ыңғайлы қалып беру. Артериальды қысымды әдетте 1-2 рет арасына 2-4 минут салып өлшейді.

  3. Тонометрдің манжетасын науқастың жалаңаштанған иығына не болмаса жұқа киім болса соның сыртынан өлшеу, шынтақтың иілген жерінен 2-3 см жоғары жүрек деңгейінде,манжетканы иыққа қатты қыспай 1 саусақ сиятындай етіп бекіттім.

  4. Манометрді ыңғайлы етіп орналастырып, тілдің қалпын (сынап бағанасы) шкаланың нөл белгісімен тұрғанын тексердім.

  5. Шынтақ шұңқыры аймағындағы шынтақ артериясынан тамыр соғуды анықтап, фонендоскопты қойдым.

  6. Алмұрт тәрізді баллоншадағы вентилді жауып, манжетаға баллоншамен ауаны толтырдым. Шынтақ артериясындағы пульсация жоқ болып кеткенше және манометр қалыптан жоғары (немесе осы пациентте) 20-30 мм сынап бағанасын көрсеткенше.

  7. Вентильді ашып және ақырын манжетадан ауаны жаймен босаттым. Бағананың немесе тілдің жылдамдығының түсірілуін қарап, көрсеткіштер жылдамдығы 2 мм сынап бағанасынан өзгеріп отырады. Бір мезгілде көңіл қойып артериядағы дыбысты тындау және манометрдің көрсеткішін қадағалау.

  8. Бірінші дыбыс пайда болған мезгілде манометрдің көрсеткішін бақылау– систолалық қан қысымы және дыбыс жойылған мезгілде – диастолалық қан қысымы; манжетадан толығымен ауаны шығарып,манжетканы және фонендоскопты алдым

  9. Мәліметті сандық жазу түрінде бақылау парағына және бөлшек түрінде қызу парағына жазу(алымы – систолалық қысым, бөлімі –диастолалық қысым).

  10. Емшараны қайталап 2-ші қолда қайталап, алынған мәліметті салыстырдым.

  11. Фонендоскоптың басын 2 рет 70% спиртпен зарарсыздандырдым.

  12. Науқасқа өлшеген қан қысымының нәтижесін хабарлап,КМАЖ-не жаздым.


Ағымды тазалау-1 рет
Қол жуу-4 рет
Науқас тасымалдадым-6 рет
Қан қысымын өлшедім-12 рет






17.0522

Бүгінгі кәсіптік тәжірибемді бекеттегі жұмысыммен жалғастырдым.Күнделікті жұмыс әрекеттерімді қайталадым.
Бүгін атқарған іс әрекеттерім:

  • Ағымды тазалау жүргіздім(Амиксидин 0,5%,кушеткаға дез.хлор 0,03%)

  • Палаталарды аралап науқастарды тексеріп шықтым,температураларын өлшедім

  • Операциядан шыққан науқасты тамақтандырдым:Нигматуллина Равиля

  • Фармацевтикадан таңғы астан кейінгі қабылдауы керек дәрілік препараттарды алып келдім

  • Таңғы астарын ішіп біткеннен кейін таңғы астан кейінгі қабылдау керек дәрілік препараттарын таратып бердім

  • Фармацевтикадан түскі астан кейінгі қабылдауы керек дәрілік препараттарды алып келдім

  • Науқастардың қан қысымын өлшедім

  • Науқастарды тағайындалған тексерулерге тасымалдадым

  • Бүгін отаға баратын науқастарды дайындадым:психологиялық,тері жамылғысын


Қолтық ойысынан температура өлшегендегі іс әрекетім:


  1. Палатаға кіріп науқастармен амандасып,өзімді таныстырдым.

  2. Манипуляция жасалатын науқасты идентификацияладым.

  3. Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндірдім, оның келісімін алдым.

  4. Гигиеналық деңгейде қолымды тазарттым.

  5. Науқасты отырғызып,термометрді алдым,оның бүтіндігін тексердім. Сынап бағанасы 350С-тан төмен резервуарға (сынап сақталатын сауытқа) түскенше сілкідім.

  6. Қолтық асты ойысын қарап тексердім.Науқастың қолтық асты ойысының терісін жеке салфеткамен құрғақтатып сүрттім де термометрдің сынап резервуарын қолтық асты ойысына салдым, ол денемен толық жанасуы керек

  7. Дене қызуын өлшеу уақытын белгілеп қойдым,5 минуттан кейін термометрді алып, оның көрсеткішін сынап бағанасы жоғарлауы бойынша анықтадым. Науқасқа алынған нәтижені хабарладым.

  8. Термометрдің көрсетілімін дене қызуын тіркейтін журналға сандық, ал қызу парағына графикалық қисық сызба түрінде жаздым (қара түспен).

  9. Пайдаланған термометрді сілкіп, сынаптың резервуарға түскеніне көз жеткізіп,пайдаланған термометрді ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салдым.

  10. Ағынды судың астында зарарсыздандыратын заттын иісі кеткенше жуып, салфеткамен құрғаттым.


Тағайындалған дәрі дәрмектерді палаталарға тарату барысында сақталуы керек ережелер:

  • Ең алдымен керекті заттарды дайындап алдым:дәрі дәрмек,пипетка, мензуркалар,су құйылған графин,тағайындаулық парақтарды жылжымалы үстелге қойып алдым.

  • Палатаға кіріп науқастармен амандасып,өзімді таныстырдым,дәрігердің нұсқаулығына сәйкес тағайындалған дәрілерді науқасты инициалы,білезігі бойынша анықтап алып төсегі жанына қойдым.

  • Науқасқа осы дәрі жайлы қажетті ақпарат бердім.

  • Сосын көз алдымда қабылдауын қадағалап келесі палаталарға да осы ережелерді сақтай отырып тараттым.

Тасымалдадым:


  • Токсанбаев Ерлан 19.04.1967 Ауруханаға түскен күні: 12.05.2022 Диагнозы:ЖИА Тасымалдадым: ФГДС

  • Зеленский Леонид 22.02.1952 Ауруханаға түскен күні: 10.05.2022 Диагнозы:Стенокардия Тасмалдадым: Холтер мониторинг

  • Шарипов Каким 29.11.1956 Ауруханаға түскен күні:09.05.2022 Диагнозы:Ұйқы артериясы синдромы Тасымалдадым:КТ,ФГДС

  • Нигматуллина Равиля 13.02.1969 Ауруханаға түскен күні:13.05.2022 Диагнозы:Аяқартериясының атеросклерозы Тасымалдадым: УЗИ

  • Муратов Темирхан 19.10.1974 Ауруханаға түскен күні:14.05.2022 Диагнозы: артериялық гипертензия Тасымалдадым: Тәуліктік қан қысымын өлшеу мониторингі кабинетіне

  • Алтайбеков Дамир-ауруханадан шығардым.

  • Козлов Алексей 25.11.1979 Диагнозы:ЖИА Тасымалдадым:Холтер мониторинг

  • Сырттанов Кайрбек 12.01.1961 Ауруханаға түскен күні: 12.05.2022 Диагнозы:ЖИА Тасымалдадым:ЭКГ


Ағымды тазалау-1 рет
Қол жуу-2 рет
Қан қысымын өлшеу-14 рет
Науқас тасымалдау-6 рет
Науқасты операцияға дайындау – 1 рет
Халі ауыр науқасты тамақтандыру-1 рет





Ағымды тазалау: алгоритмі


Жиһазды, жабдықтарды, терезе алдыларын, есіктерді ылғалды жиыстырып-тазалау Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуушы және дезинфекциялаушы құралдарды пайдаланумен тәулігіне кем дегенде екі рет (оталық бөлімшелерде оталардың арасында) жүргізіледі.

Жиыстырып-тазалау күн сайын, кем дегенде 6 рет: 

  • 1-рет – жуушы ерітінді қосумен (10 л суға 50 грамм зат).

  • 2-рет – бекітілген мөлшердегі дезинфекциялаушы құралдарды пайдаланумен жүргізіледі.

Жуушы ерітінді:Амиксидин 0,5%,кушеткаға дез.хлор 0,03%

Шаралар

  • Дез.ерітіндіге шүберекті салып,дымқыл шүберекпен стерильді үстелді,мақта шариктері,салфеткалар және т.б заттар тұрған шкафты,дез.ертінді тұрған столды,жұмыс үстелін,компьютерді және оның жабдықтарын,терезе алдыларын,дез.хлормен кушетканы сүрту.Сонымен қатар жұмыс орнындағы қабырғаны сүрту.

  • Жиыстырып-тазалау еденді дезинфекциялаушы ерітіндімен жуумен аяқталады.

  • Одан кейін кварцтеу (тізбеге сәйкес) мен желдету жүргізіледі.Кварц мен жүрген жерде 30 минутқа қосылды.

  • Жиыстырып-тазалаудан кейін шүберек дезинфекциялаушы ерітінді жасау нұсқаулығына сәйкес дезинфекциялаушы ерітіндіде 120 минут бойы зарарсыздандырылады, дезинфекциялаушы құралдың иісі кеткенге дейін, ағынды сумен шайылады және кептіріледі.

  • Кварцтеу жүргізуді медбике Толық тазалау мен үй-жайларды кварцтеу журналына белгілейді.

  • Бактерицидтік сәулелендіргіштердің жұмсалған уақытын есепке алу журналын толтырдым.

Бөлменің ауадағы салыстырмалы ылғалдылығын есепке алу журналын толтырдым.








ҚҰПИЯ АҚПАРАТТЫ ЖАРИЯЛАМАУ ТУРАЛЫ МІНДЕТТЕМЕ

Медициналық ұйымның әрбір қызметкері ақпаратты жарияламауға міндеттенеді. Бұл ережені студенттер клиникалық тәжірибеде қолдануы тиіс және олардың әрқайсысына жақсы кәсіби дағдыны игеруді, этикалық нормаларды және медициналық көмек көрсету нормаларын реттейтін нұсқаулықтарды ұстануды талап етіледі.

Ақпарат құпиялылығы туралы міндеттемені сақтау пациенттің және оның отбасының қорғанысы мен құпиялылығын қамтамасыз етеді, бұл науқас пен қызметкерлердің арасында сенімді қарым-қатынас жасауға көмектеседі.

Ақпаратты жарияламау туралы міндеттемені бұзу Қазақстан Республикасының азаматтар денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексімен (2014ж. 07.11.) реттеледі, сонымен қатар, жеке мәліметтер мен оны қорғау, сөз бостандығы туралы, ақпарат алу және тарату туралы заңдар бойынша реттеледі. Ақпаратты жарияламау туралы міндеттемені бұзу болған жағдайда айыппұл салынады. Жоғарыда көрсетілген заңдарды сақтау пациентті, оның туыстарын, медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау тұрғысынан міндетті болып табылады.

Ақпаратты жария етпеу туралы міндеттеме науқастың күтімі аяқталып немесе өлгеннен кейін, жұмыстан тыс уақытта да қолданылады. Ақпаратты жария етпеу тұжырымдамасы құпиялылыққа қарағанда кеңірек. Ақпаратты жарияламау туралы міндеттеме ақпараттың барлық түрлеріне қолданылады: естіген, көрген, жазылған, сондай-ақ электрондық және фотографиялық материалдарға, аудио және бейне жазбаларға да қатысты болады.

АҚПАРАТТЫ ЖАРИЯ ЕТПЕУ ТУРАЛЫ МІНДЕТТЕМЕНІҢ МАЗМҰНЫ:

1. Құпия ақпаратты үшінші тұлғаға айтуға тыйым салынады. Мекеменің тиісті бөлімінде пациенттік көмек көрсетуді жүзеге асырумен айналысатын қызметкерден басқа немесе қамқорлыққа байланысты басқа процедураларға қатысты барлық қызметкерлерден басқа адамдарды үшінші тұлға деп қабылдаймыз.

2. Науқастың жазбаша келiсiмiмен оның құжаттары белгiлi бiр тұлғаларға берiлуi мүмкiн

3. Құпия ақпараттарды өз мақсаттары мен қызығушылығын қанағаттандыру үшін анықтау ресми міндеттерге қайшы және ресми бұзушылық болып табылады.

4. Ауру туралы және науқасқа, әріптестерге немесе олардың туыстарына қатысты жеке мәліметтер туралы заңмен реттелетін басқа да мәселелер құпия болып табылады және қамқорлық міндеттерінің шеңберінен тыс әңгімелерде көрсетілмеуі керек.


5. Науқастардың жазбалары сақталып, рұқсат етілмеген тұлғалар оларға қол жеткізе алмауы

тиіс. Сондай-ақ, тасымалдау кезінде де оған назар аудару керек. Науқастың қажетсіз құжаттамасы бөлек алынып тасталады, ол құжаттар деректер жинау үшін арнайы резервтелген қораптарға лақтырылады, ал құрту ұсақтап жыртылу арқылы жүзеге асырылады. Науқас туралы ақпаратты қамтитын құжаттарды әдеттегі қоқысқа тастауға болмайды.

6. Әр компьютер пайдаланушысы жеке логин мен парольмен жұмыс жасайды. Әрбір қызметкер басқа тұлғалардың өздерінің өкілеттігін пайдалана отырып ақпараттық жүйеге кірмегенін және басқа қызметкердің тіркелгі деректерін пайдалана отырып, жүйені

қолданбайтынына кепілдік беруге міндетті.

МІНДЕТТЕМЕ:

Жоғарыда келтірілген нұсқаулармен таныстым, осы құжаттарға қол қойып, медициналық ұйымда өзімнің жұмысым барысында білетін міндетімнің аясында кіретін кез-келген құпия ақпаратты қазір де, болашақта да ешкімге жарияламауға міндеттенемін.
_____ / _____ 20 _____ _________________________________________________

күні өткізу орны

_____________ ___________________________________________________

Қолы

Аты- жөні

ПРАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚТЫ БАҒАЛАУ САУАЛНАМАСЫ

АНКЕТА ОЦЕНКИ ПРАКТИЧЕСКОЙ ПОДГОТОВКИ

Практика атауы

Наименование практики:




Студенттің аты-жөні/Имя студента:


Топ нөмірі / Номер группы

Ментор:


Тьютор:

Кіріспе ңұсқаулық: Күні мен басшыныңқолы

Вводный инструктаж: Подпись руководителя и дата








Курс мақсаты:

Цели курса:










Студенттің өз мақсаттары:

Собственные цели студента:










Студенттің мықты жақтары:

(ментордыңпікірі)

Сильные стороны студента:

(отзыв ментора)










Студенттің даму қажеттіліктері

(ментордыңпікірі)

Потребности развития студента

(отзыв ментора)










Студенттіңөзін-өзібағалауы

Самооценка студента