ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.05.2024
Просмотров: 14
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бикен Римова атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп-гимназиясының сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің отырысының
Хаттамасы №2
Күні: 08.09.2022
Қатысқандар:43
Сынып жетекшілер
Күн тәртібінде:
1. Мектептің ішкі тәртіп ережесі бойынша сынып жеткешілерді таныстыру.
2. Жас сынып жетекшілермен жұмыс жоспары бойынша түсіндіру
3.Қауіпсіз жол айлығын өткізу бойынша әдістемелік нұсқау.
1.1Тыңдалды: Бұл сұрақ бойынша ТІЖО Н.Н.Карсыбекова сөйледі Мектептің ішкі тәртіп ережесі бойынша сынып жеткешілерді таныстыру.Жалпы мектептің ішкі тәртібі бойынша түсіндіріп өттім
1.2 Қаулы етті: Оқушыларға мектептің ішкі тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.
.
3.1. Жас сынып жетекшілермен жұмыс жоспары бойынша бірлестік жетекшісі Г.Уалиева сөз алды. Жас сынып жетекшілерге жоспар бойынша түсі
Қатысушылардың барлығы Г.Уалиеваның бірлестік жетекшісінің қызметін жалғастыруын бір ауыздан қолдады.
3.2.Үшінші мәселе бойынша мектепішілік сынып жетекшілердің міндеттерін Карсыбекова оқып, сынып жетекшілерге таныстырды. Бұл сынып жетекшілерінің міндеттері 2022-2023 оқу жылының басынан бастап өз күшіне енеді.
2.3 Сөйледі: Г.О.Уалиева аталған мәселе бойынша сөйледі. Әдістемелік нұсхау хатпен және сынып жетекші жұмысының әдістемесімен таныстырды 2022-2023 оқу жылындағы мектепішілік және сыныптық тәрбие жұмысын, жоспарын талқылауды ұсынды Сонымен қатар Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие процесі білім алушылардың интеллектуалдық, патриоттық, рухани- адамгершілік пен дене дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай идеологиялық тәсілдер мен құндылықтарға негізделіп жүзеге асырылатынын айтты. Еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес сегіз негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Қаулы етті: 2022-2023 оқу жылындағы мектепішілік және сыныптық тәрбие жұмысын жоспарлауда Еліміздің
орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес сегіз негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылып, тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері басшылыққа алынсын.
Төрайым Карсыбекова Н.Н
Хатшы Нұрсағат М.Б
Бикен Римова атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп-гимназиясы бойынша сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің отырысының
Хаттамасы №2
Күні: 13.10.2022
Қатысқандар:43
Сынып жетекшілер
Күн тәртібінде:
1. Тәрбие жүйесі, сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді әдісі ретінде
2. Сыныптың тәрбие жүйесі. Оқушылардың іс-әрекет түрлері.
3.Сынып жетекшілерінің өз білімін көтеру бағытында әдістемелік басылымдарға жазылуын ұйымдастыру.
4.Мектепішілік шаралардың, сынып сағаттарының, клуб, үйірме және секция жұмыстарының сапасы.
1. Тыңдалды: ДТІЖО Карсыбекова сөйледі. Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің өте күрделі компоненті. Себебі, тәрбие әдістері қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы сан – салалы өмір талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие әдістері жан – жақты тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады.Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде тәрбие әдісінің мәні көп қырлы болғандықтан, оған әртүрлі анықтама берілген. В.А.Сластенин, Ю.К.Бабанский т.б. мектепте тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланысты іс - әрекетінің жолдарын тәрбие әдісі деп атайды. Бұл іс - әрекет тәрбиенің міндеттерін шешуге бағытталады.Екінші, сөзбен айтқанда, тәрбие әдістері тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлесе отырып жүргізілетін іс - әрекетінің құралы болып табылады.А.С.Макаренко тәрбие әдістерін психилогиялық тұрғыдан қарастыра келіп, бұл әдіс баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы болатынын өте дәл сипаттайды. Қазіргі психологтар адамның жеке қасиеттерін зерттеу нәтижесінде адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен төрт бөліктен тұрады:
- адамның сезімінен;
- санасынан;
- сенімінен;
- мінез-құлық, әдет – дағдыларынан құралатынын көрсетеді.
2.1 Сөйледі: Аталған сұрақ бойынша сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігі Уалиева Г.О. Сынып жетекшілерінің өз білімін көтеру бағытында әдістемелік басылымдарға жазылуын ұйымдастыру. «Адамнан алатын тәрбие өз мақсатына жетті, адам соншалықты жетілгенде еркі мен күші арқылы өзінің білімін келешекте жетілдірудің жолы мен тәсілдерін, жеке өзі жүзеге асыра алады...»К.Д.Ушинский «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген.А.Дистерверг Мектепте оқу мен тәрбие сапасын жетілдіру- тікелей мұғалімнің даярлық деңгейіне байланысты. Бұл деңгей үнемі өсіп отыруы керек. Ол- білім жетілдіру курстары, семинар, конференция, өзіндік білімін жетілдіру жоспары. Өзіндік білімді көтеру , бұл кез-келген кәсіпте жұмыс істейтін адамның шығармашылық, жауапкершілігі, адамның қажеттілігі. Қоғам алдында моральдық жауапкершілігі жоғары мұғалімдерге әсіресе, ерекше қажет. Педагогикалық сөздікте - бағытталған танымдық қызмет, жеке тұлғаның меңгеруі, белгілі бір ғылым бойынша білімінің болуы, қызығушылық, өзіндік білімді меңгеруі педагогикалық қызметтегі қажетті шарттардың бірі делінген. Қоғам әрқашан да мұғалімге жоғары талап қояды. Біреуді үйрету үшін, өзің де одан да көп білуің керек.
Жаңа тұрпатта мұғалім тек өз пәнін білумен ғана шектелмейді, әдістемені, ғылымдарды, қоғам өмірін, саясатты, экономиканы білуі керек, себебі оның алдындағы оқушылар өзгереді, уақыт өзгереді, ,оқушының қоғам, қоршаған орта туралы көзқарастары тереңдейді. Дипломдағы білімі мұғалімге жеткіліксіз , ол оны өсіріп, дамытпайды.
2.3 Карсыбекова сөз алды. Оқушылардың бос уақытын қамту. Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам, ұжым, отбасы оқушылардың демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді.
Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру - қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс.
Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі. Оқушы жан-жақты болып өсу тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде.Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру сіздерге де тығыз байланысты.
Қаулы етті:
1..Тәжірибе алмасу.Бақылау жұмыстарының алыну сапасын жақсарту.
2. Бірлестік жұмыстарындағы жұмыс жоспарының орындалуын жандандыру.
Төрайым Карсыбекова Н.Н
Хатшы Нұрсағат М.Б
\
Хаттама №2
4. Бірлестік жұмыстарындағы жұмыс жоспарының орындалуы. Ынтасы төмен оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
5. 2 сыныптар аралығындағы апталыққа дайындық жұмыстары және жоспарын бекіту. (К. Сариева )
.
Тыңдалды:
Күн тәртібі бойынша баяндама тыңдалды , баяндама дарынды балалармен жұмысты қалай сабақта пайдалану жайлы оқылды . Баяндамашы өз баяндамасында қазіргі заман талабына сай дарынды балалармен жұмыс жүргізуді жандандыру жайлы, бұл жұмыстың маңыздылығы жайлы қозғады. Баяндамашыға сұрақтар қойылған жоқ .
Келесе мәселелер мұғалімдер пікір бөлісті. І -тоқсан қорытындысына талдау жасалды. Бастауыш сынып бірлестігінің іс –шараларын өткізу жоспарын талқыланып,түсіндірілді. Тәжірибе алмасу.
Бақылау жұмыстарының алыну сапасына көңіл бөлініп,жақсарту жолдары қарастырылды. . Бірлестік жұмыстарындағы жұмыс жоспарының орындалуына көп көңіл бөлінді.
Ынтасы төмен оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, ата –аналармен қатынасып отыру керектігі тапсырылды.Сыныптардың сапа көрсеткіштерін жақсартуға ат салысу міндеттелді. Пәндер бойынша үлгермеуші, үлгерімі төмен шыққан оқушылармен жеке жұмыстар ұйымдастырылып,нәтижеге жұмыс істеу жүктелді.
Барлық пәндер бойынша тест жұмыстарын жүргізу керектігі айтылды. .Сабақтар сапалы да, заман талабына сай деңгейде өтілуін талап етті,және мұғалімдерді міндеттеді .
Отырыстың шешімі:
1..Тәжірибе алмасу.Бақылау жұмыстарының алыну сапасын жақсарту.
2. Бірлестік жұмыстарындағы жұмыс жоспарының орындалуын жандандыру.
3.Апталықтың жоғары деңгейде өтілуі міндеттелді.
Әдістемелік бірлестік жетекші: К.А.Сариева
Хатшы: Ж.Абдуллабаева
Бикен Римова атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп-гимназиясы бойынша сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің отырысының
Хаттамасы №3
Күні: 24.11.2022
Қатысқандар:32
Сынып жетекшілер
Күн тәртібінде:
1. Мектептегі тәрбие жұмысының ұйымдастыруда сынып жетекшінің рөлі.
2. Тәрбие сағатын талдау үлгісі мен ұйымдастыру жолдары.
3.Сынып шығармашылық істер ұйымдастыру әдістемесі.
1. Тыңдалды: ДТІЖО Карсыбекова сөйледі. Мектептегі тәрбие жұмысының ұйымдастыруда сынып жетекшінің рөлі. Себебі, тәрбие әдістері қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы сан – салалы өмір талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие әдістері жан – жақты тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады.Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде тәрбие әдісінің мәні көп қырлы болғандықтан, оған әртүрлі анықтама берілген. В.А.Сластенин, Ю.К.Бабанский т.б. мектепте тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланысты іс - әрекетінің жолдарын тәрбие әдісі деп атайды. Бұл іс - әрекет тәрбиенің міндеттерін шешуге бағытталады.Екінші, сөзбен айтқанда, тәрбие әдістері тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлесе отырып жүргізілетін іс - әрекетінің құралы болып табылады.А.С.Макаренко тәрбие әдістерін психилогиялық тұрғыдан қарастыра келіп, бұл әдіс баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы болатынын өте дәл сипаттайды. Қазіргі психологтар адамның жеке қасиеттерін зерттеу нәтижесінде адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен төрт бөліктен тұрады:
- адамның сезімінен;
- санасынан;
- сенімінен;
- мінез-құлық, әдет – дағдыларынан құралатынын көрсетеді.
2.1 Сөйледі: Аталған сұрақ бойынша сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігі Уалиева Г.О. Сынып жетекшілерінің өз білімін көтеру бағытында әдістемелік басылымдарға жазылуын ұйымдастыру. «Адамнан алатын тәрбие өз мақсатына жетті, адам соншалықты жетілгенде еркі мен күші арқылы өзінің білімін келешекте жетілдірудің жолы мен тәсілдерін, жеке өзі жүзеге асыра алады...»К.Д.Ушинский «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген.А.Дистерверг Мектепте оқу мен тәрбие сапасын жетілдіру- тікелей мұғалімнің даярлық деңгейіне байланысты. Бұл деңгей үнемі өсіп отыруы керек. Ол- білім жетілдіру курстары, семинар, конференция, өзіндік білімін жетілдіру жоспары. Өзіндік білімді көтеру , бұл кез-келген кәсіпте жұмыс істейтін адамның шығармашылық, жауапкершілігі, адамның қажеттілігі. Қоғам алдында моральдық жауапкершілігі жоғары мұғалімдерге әсіресе, ерекше қажет. Педагогикалық сөздікте - бағытталған танымдық қызмет, жеке тұлғаның меңгеруі, белгілі бір ғылым бойынша білімінің болуы, қызығушылық, өзіндік білімді меңгеруі педагогикалық қызметтегі қажетті шарттардың бірі делінген. Қоғам әрқашан да мұғалімге жоғары талап қояды. Біреуді үйрету үшін, өзің де одан да көп білуің керек.
Жаңа тұрпатта мұғалім тек өз пәнін білумен ғана шектелмейді, әдістемені, ғылымдарды, қоғам өмірін, саясатты, экономиканы білуі керек, себебі оның алдындағы оқушылар өзгереді, уақыт өзгереді, ,оқушының қоғам, қоршаған орта туралы көзқарастары тереңдейді. Дипломдағы білімі мұғалімге жеткіліксіз , ол оны өсіріп, дамытпайды.
2.3 Карсыбекова сөз алды. Оқушылардың бос уақытын қамту. Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам, ұжым, отбасы оқушылардың демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді.
Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру - қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс.
Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі. Оқушы жан-жақты болып өсу тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде.Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру сіздерге де тығыз байланысты.
Қаулы етті:
1..Тәжірибе алмасу.Бақылау жұмыстарының алыну сапасын жақсарту.
2. Бірлестік жұмыстарындағы жұмыс жоспарының орындалуын жандандыру.
Төрайым Карсыбекова Н.Н
Хатшы Нұрсағат М.Б
Бикен Римова атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп-гимназиясы бойынша сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің отырысының
Хаттамасы №4
Күні: 27.12.2021
Қатысқандар: Сынып жетекшілер
Күн тәртібінде:
-
Мектеп медбикесінің «Коронавирустың алдын алу» шарасы негізінде өткізген жұмыс деңгейі.
2.5-8 сыныптардың сынып жетекшілердің есебі.
3. Кәмлетке толмаған жасөспірімдер арасындаға мінез-құлық ауытқушылықтарының алдын алу шаралары.
-
Сөйледі Бұл сұрақ бойынша мектеп медбикесі Кушукова сөйледі. Ол кісі өз сөзінде оқушыларды жақсы тәлім-тәрбие мен инабаттылыққа тәрбиелеу дегеніміз ,Рухани - адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани - адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт. Оқушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани - адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады.