Файл: 4 саба дниетану пні Білім беру йымыны атауы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

№4 сабақ дүниетану пәні

Білім беру ұйымының атауы




Педагогтің аты - жөні




Пәні

Дүниетану

Бөлім

Құндылықтар

Күні




Сынып:4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Отбасының қоғам өміріндегі маңызы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.1.1.1 отбасының қоғам өміріндегі маңызын дәлелдеу

4.1.1.2 отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдау

Сабақтың мақсаты

Оқушылар отбасының қоғам өміріндегі маңызын дәлелдеуге, отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдауға үйренеді.

Бағалау критерийі

Отбасының қоғам өміріндегі маңызын сипаттайды.

Отбасы мүшелерінің жанұядағы атқаратын қызметін сипаттайды

Құндылықтарды дарыту


Отбасын, қоғамды , туысқандарын құрметтеу

Дескриптор

- берілген тұжырымға қатысты дәлелді пікір айтады;

- отбасының қоғамдағы рөлі туралы ой қорытады.

суретке қатысты қорытынды жасай отырып, әңгімелейді;

- өз отбасы мүшелерінің қызметін сипаттайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі /уақыты

Педагогтің

әрекеті

Оқушының

әрекеті


Бағалау


Ресурс-тар


Сабақтың басы


Сабақ алдындағы көңіл күй

Мақсаты: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылар бір-біріне тілек айтады.

Сәттілік біздер тілейік:

Мен саған, сен маған,

Күндей күліп жүрейік.

Күннің нұрын төгейік:

Мен саған, сен маған.


Өлеңді дауыстап айтып, тілді жаттықтыру

Бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлау.

Танысты-рылым слайд-1


Сабақ

тың ортасы


Ой қозғау

 (Т) «Сөзден сөз құра» әдісі Оқушыларға отбасы сөзінің әр әрпіне «отбасы» ұғымын ашатын сөздер ойластыру ұсынылады. Мысалы: О - ошақ қасы, Т - тәуелсіз. Б -бақытты, А - арманшыл, С -сүйікті, Ы - ынтымағы жарасқан. Осы сөздерді пайдаланып, шағын мәтін құрастырады..
Адамдар не үшін отбасын құрады?
Отбасы мүшелерін бір-біріне қатысты қалай атайды?
Отбасындағы бір адам әртүрлі істерді атқаруы мүмкін бе? Мысал келтір.

Оқушылар «Сөзден сөз құ ра» әдісі бойын ша ойластыр ған сөздерін пайдаланып, шағын мәтін құрастыру арқылы отбасының маңыздылығын түсінеді.

МБ:

«жарайсың-дар»

«керемет»

«ойларыңыз тамаша»

Отбасы
бейнеленген сурет немесе
фото.






МК таныстырылым(OnlineMektep арқылы бейнежазба тыңдату)

Отбасы дегеніміз – бұл адамдардың некеге немесе туыстық жақындыққа негізделген, рухани жауапкершілік және бауырмалдық тұрғысынан өзара байланысқан бірлестігі.
  Әдеттегі отбасын әке-шеше, ата мен әже және балалар құрайды. Отбасы үлкен немесе шағын болуы мүмкін. Әр отбасы өз шаруашылығын жүргізуде қаржы-қаражат пен ақыл-ой мүмкін- діктерін бірлесе атқару арқылы шешеді. Әр отбасы өз тәртіп-заңымен өмір сүреді. Ол заңдар отбасы өмір сүретін қоғамға байланысты қалыптасады. Сонымен бірге отбасы – бұл жекелей өз алдына өмір сүре алатын қоғамның бір бөлшегі.

Адамның бала кезінде отбасынан алған тәлім-тәрбиесі бүкіл өмір бойындағы ісінде сақталады. Бала өмірінің басым бөлігін өзінің отбасында өткізеді. Баланы отбасындағы ең жақын адамдар – атасы, әжесі, әкесі, анасы, ағасы, әпкесі сияқты еш- кім де шынайы сүйіп, дәл солардай қамқорлық жасамайды. Өзінің өмірдегі алғашқы тәжірибесін бала отбасынан алады, айналасындағы өмірмен танысады және қоғамдық тәртіпті сақтауды үйренеді.

Мұғалім таныстыры-лымын бейне-жазбадан және слайд арқылы танысады.


МБ:

«жарайсың-дар»

«керемет»

«ойларыңыз тамаша»


«Өнегелі
отбасы»
бағдарламасы
нан көрініс
немесе
бейнежазба






(Ж) «Сұхбат» әдісі «Менің сүйікті отбасым» тақырыбына сұхбат ұйымдастырылады. Сұхбат алушы өзін тілші рөліне қойып, сұрақтар дайындайды. Бұл жерде мұғалім режиссер рөлінде нұсқау беріп, бақылайды. Сұхбат алу реті: Сәлемдесу, өзін таныстыру

Отбасы мүшелері, әр отбасы мүшелерінің үйдегі міндеттері (функционалды рөлі); отбасының қоғам өміріндегі маңызы. Оқушылар сұрақтарға өз өмірлерінен мысалдар келтіре отырып, жауап береді.

(ө) Тапсырма Берілген сызба мен сұрақтарға сүйеніп, «Отбасы – шағын мемлекет» деген тұжырымға қатысты ой қорытып айт. Ойыңды дәлелді аргументтер келтіре отырып, таныстыр.
I

  • Отбасы -

I

Сұрақтар:
• Отбасылық берекені қалыптастыру үшін қоғам қандай міндеттер атқаруда?
• Отбасының қоғамдағы рөлі қандай?
4.1.1.2 Отбасы мүшелерінің жанұядағы атқаратын қызметін сипаттайды.

Тапсырма

Суретке мұқият қара. Отбасының әр мүшесі немен айналысып жатыр? Бұл олардың күнделікті атқаратын қызметі бола ала ма? Неліктен?





Жұппен сұх бат құрады.


Өз беттерімен жұмыс жасап, өз жұмыстарын дескриптор бойынша бағалайды.

Дескриптор

берілген тұжырымға қатысты дә лелді пікір айтады; 1балл

- отбасының қоғамдағы рөлі туралы ой қорыта ды. 1балл

- өз отбасы мүшелерінің қызметін сипаттайды-1балл.
Дескриптор:

- берілген тұ жырымға қа тысты дә лелді пікір айтады; 1б

- отбасының қоғамдағы рөлі туралы ой қорыта ды. 1 б

Дескриптор:

суретке қатыс ты қорытын ды жасай оты рып, әңгіме лейді;1 балл

- өз отбасы мүшелерінің қызметін сипаттайды.

1балл

Отбасы
тақырыбына
мақалмәтелдер.






 Төмендегі сұрақтардың негізінде жұпта ой бөліс.
➢Отбасы мүшелерінің әрқайсысының жанұяда атқаратын нақты қызметтері бола ма?
➢Отбасында кім не істейді?
➢Сен отбасында қандай қызмет атқарасың?
1.(Ө) Сенің отбасың қандай тәртіпке сүйенетінін жаз.

1.

2.

3.

4.

2. Отбасыңда кімдер қандай істер атқарады?

Отбасын__________________қаржыландырады.

Тамақты _________________дайындайды.

Үй шаруасын жүргізеді.

Балаларды тәрбиелейді.

Отбасылық кештерді ұйымдастырады.

Үлкендердің тәжірибесінен үйренеді.

3. Отбасы туралы бірнеше мақал жазып, маңызын түсіндір.

____________________________________________

_____________________________________________


Өз бетімен жазылым тапсырмасын орындайды.

Дескриптор:Отбасындағы тәртіп ережесін жазады-1 балл

-- өз отбасы мүшелерінің қызметін сипаттайды.1 балл

-отбасы туралы мақалдар жазып,түсіндіреді – 1балл


Таныс

тыры

лым слайд


Сабақ соңы



Сабақ соңындағы ой бөлісу

Не пайдалы болды? Қандай сұрақтар қалды?



Кері байланыс береді..




Кері байла-ныс парақ-тары