Файл: Оушыоумасатына.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 18

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.5.2.3

жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығару (мысалы, бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер және т.б.);

Сабақ мақсаттары

Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығара білу дағдысын жетілдіру.

Бекіту сабағы .

Бағалау критерийлері

Оқушыоқумақсатынажетеді, егер

  • Мәтін есептер шартын түсініп, қысқаша шартын жаза алады (мысалы,бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер);

  • Есеп шарты бойынша теңдеу немесе өрнек құрады;

  • Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданады;

  • Дұрыс жауабын бере алады.




Тілдік мақсаттар

Оқушылар

- санның (шаманың) бөлігін және бөлігі бойынша санды (шаманы) табуға берілген есептердің шығарылуын түсіндіреді;

- мәтін есептерде әріпті өрнектердің құрастырылуын сипаттайды;

- мәтін есептердің шешімін түсіндіреді;

- практикалық есептердің математикалық моделін сипаттайды

Пәнге тән лексика мен терминология:

бөлік;

- шама;

- жылдамдық, уақыт, қашықтық;

- уақыт, өнімділік, жұмыс;

- баға, саны, құн;

- ұзындық, ені, периметр, аудан.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- санның бөлшекпен берілген бөлігін табу үшін ... керек;

- бөлшекпен берілген бөлігі бойынша санды табу үшін … керек;

- жүрілген жолды табу үшін… керек;

- орындалған жұмысты табу үшін … керек;

- тауардың құнын табу үшін… керек


Құндылықтарды дарыту

Жұппен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Экономика , тарих

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс

Бастапқы білім


Әріпті және санды өрнектермен жұмыс дағдылары, сандарға қолданылатын амалдар қасиеттерін білу, есептің мәтіні бойынша математикалық моделін құра білу.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

  1. Оқушылармен амандасу.

  2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру

  3. Бағалау критерийлерін анықтау




Сабақтың ортасы

4 мин

5 мин

20 мин

12 мин


1.Тірек білімдерін тексеру
1. Жай бөлшектің бөлімі нені көрсетеді, алымы нені көрсетеді?

2. Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге қалай келтіреді?

3. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосады?

4. Аралас сандарды азайту амалы қалай орындалады?

5. Бөлшектер қалай көбейтіледі?

6. Натурал санды бөлшек санға қалай көбейтеміз?

7. Аралас сандар қалай көбейтіледі?

8. Өзара кері сандар деп қандай сандарды атайды?

9. Санның бөлігін қалай табады?

10. Бөлшекті бөлшекке бөлу қалай орындалады?

11. Аралас сандарды бөлу амалы қалай орындалады ?

12. Бөлігі бойынша санды қалай табады?
2. Презентациялар бойынша тақырыпты жалпылау

Слайдтар №5-7

3. Фронтальдық жұмыс

Оқушылар тақтаға есептер шығарады , талдайды.

1) Кірпіш заводы тапсырманың бірінші күні –ін екінші күні қалғанының -ін орындады. Үшінші күні қалған 24000 кірпішті құйды. Завод тапсырма бойынша барлығы неше кірпіш құюы керек ?

2 ) Апта ішінде бірінші шофер екінші шоферға қарағанда 4 рейсті артық жасады.Апта ішінде екінші шофердың жасаған рейс саны бірінші шофердың жасаған рейс санының –сіндей. Апта ішінде бірінші шофер неше рейс жасады , екінші шофер неше рейс жасады ?

3 ) Шығарманы компьютерде бірінші оператор 3 сағ теретін болса , екіншісі 4 сағ тереді.Егер бірінші оператор 1 сағ , екінші оператор 2 сағ осы шығарманы терсе , оның қандай бөлігі терілмей қалады ?

4 ) Шаруа бидайдан ұн тартқызу үшін диірменшіге бидай әкелді.Диірменші бидайдан ұн тартқан ақысы үшін одан 35 кг ұн алды , бұл тартылған ұнның –індей болды. Шаруа диірменге тартуға әкелген бидайдан өзіне орта есеппен бірлей 7 қап ұн алды .Шаруаның диірменге тартқызған бидайынан өзіне алған әр қапта неше килограмм ұн болды ?

5) 36 га алқаптың 8 гектары мал жайылымына қалдырылды да , қалғанына бидай егілді.Егіс алқабының әр гектарына 150 кг бидай себіліп , алынған өнім одан 15 есе көп болды .Егіс алқабынан неше центнер бидай өнімі алынды ?

4.Жұптық жұмыс

Оқушылар жұпқа бөлініп , есептер шығарады .

Қалыптастырушы бағалау келесі дескрипторлар арқылы орындалады .

Дескрипторлар

Бағалар

Сұраққа байланысты қажетті белгілеулерді қолданады

1

Есеп шарты бойынша теңдеу немесе өрнек құрады

2

Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданады

2

1) Тігін ательесі орам матадан м матаны костюм тігуге , ал м матаны пальто тігуге алғанда м мата қалды. Алғашқыда орамда неше метр мата болған ?

2 ) Цех бірінші аптада барлық шикізаттың -ін , екінші аптада -ін , үшінші аптада қалғанының -сін шығындағанда төртінші аптаға 12 т шикізат қалды. Цехта алғашқыда неше тонна шикізат болған ?

3 ) Анар мен Арай мектеп кітапханасындағы кітаптарды түптеуге көмектесті.Олар бірінші күні түптеуге тиісті барлық кітаптың –сін ,екінші күні -ін түптеді .Үшінші күні қалған 40 кітапты түптеді . Анар мен Арай үш күнде барлығы неше кітап түптеді ?


Презентация

« Математика 5 »

Алдамұратова Т.А.,

Байшоланов Е.С.

Алматы:

Атамұра ,2010.бет 221-228

« Математика 5 »

Алдамұратова Т.А.,

Байшоланов Е.С.

Алматы:

Атамұра ,2010.бет 221-228

Сабақтың соңы

1 мин

1 мин

1.Үй жұмысы

1) Жанармай сататын станция барлық жанармайдың бірінші күні –сін , екінші күні қалғанының –ін сатқанда , онда 4 т жанармай қалды.Жанармай сататын станцияда барлығы неше тонна жанармай болған ?

2) Тігін шеберханасында 13 м мата бар .Одан әрқайсысына 2 м мата жұмсалатын n көйлек тігу керек.Неше метр мата артық қалады ?

Мұндағы n=5

2. Рефлексия

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет


Қосымша

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ бойы жеке және сыныппен жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі.

Өзін-өзі бағалау түрі қолданылады. Сабақта оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін фронтальды жұмыс жасайды.

Сабақ басында оқушылар қауіпсіздік техникасымен таныстырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Нұсқа: 1

Мерзімі: Наурыз 2016