Файл: азастан тарихы курсы бойынша алыстан оытылатын (дот) студенттерге арналан тапсырмалар топтамалары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Қазақстан тарихы» курсы бойынша алыстан оқытылатын (ДОТ) студенттерге арналған тапсырмалар топтамалары

2 тақырып. Моңғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері

1-тапсырма

Сақ тайпаларының саяси тарихының негізгі сипаттамасын беріңіз.

Қазақстан

территориясын

мекендеген сақ

тайпаларының санын

атаңыз

Сақ тайпаларының мекендеген ареал аймақтары

Сақтардың саяси тарихы, шаруашылығы

Сақ тайпаларының өнері

1. парадарайя сақтары

Б. з. б. I-мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген.

Б.з.д. VI ғасырда сақ-массагеттердің әйел патшасы Томирис бастаған сақ әскері парсылармен қиян-кескі соғыстар жүргізеді. Парсы патшасы Дарий I б.з.д. 519-518 ж. Жорықтарында кейбір сақ тайпаларын бағындыра алды және оларды алым — салық төлеуге мәжбүр болған жоқ. Кейін сақтардың бір бөлігі парсы әскері құрамына атты әскер ретінде қызмет етіп, грек — парсы соғыстарына қатысты.Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан. Жылқы өсірген. Қой бағумен де айналысқан. Түйе шаруашылығы да кең дамыды. Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы — өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды. Егіншілік пен суару. 

Бабажан мекені мен Сурх-Дум ғибадатханасында соңғы жылдары жүргізілген қазбалар Луристан қоласының жаңа нұсқаларын : жер бауырлап жатқан қабылан, қойдың басы тәрізді тұтқасы бар егеутас, бүркіттердің стильдандірілген бастары, жырқыштар мен “заулап бара жатқан” бұғылар, аттар мен түйелер бейнесін тауып берді. Алайда зерттеушілер сақ көркем өнерін тек луристан стиліне жаиқызып қоюға болмайды, олар бір-біріне тәуелсіз екі көркемдік стиль деп есептейді.

2. тиграхауда сақтары

3. хаомаварга сақтары

4. савромат

5. аргиппейлер

6. исседондар

парадарая (теңіздің арғы бетіндегі сақтар) — еуропалық сақтар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар;

7. аримаспылар

хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақтар) — Ферғана алқабын мекендеушілер;

тиграхауда (шошақ бөрікті сақтар) — Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер.

аргиппейлер қазіргі Солтүстік, исседондар — Орталық, ал аримаспылар Шығыс Қазақстан жерін мекендеген. Бұл аталған тайпалар Қазақстан жерінде б.з.д. VIIIIV ғасырлар аралығында өмір сүрген.


2-тапсырма

Үйсіндердің саяси және экономикалық тарихының ерекшеліктерін негіздеп беріңіз.

Үйсін мемлекетінің аумағы

Үйсін мемлекеті қашан, қай жерде өмір сүрген?

Үйсін мемлекетінің саяси тарихы, шаруашылығы

Үйсіндердің ескерткіштері

Үйсін мемлекетінің негізгі территориясы қазіргі Қазақстанның Жетісу өлкесі, Шу, Талас өңірі, Ыстықкөл аумағы және Қытайдың Іле аймағы болды. Шекаралары батысында Шу мен Талас өзені, шығысында Тянь-Шаньның шығыс атырауларына, солтүстігінде Балқаш көліне, оңтүстігінде Ыстықкөлге дейінгі аумақты алып жатты.

б.з.б. 3-2 ғасырларда өмір сүрген. Жетісу үйсіндерінің шығу тегіне келетін болсақ Тянь-Шань және Шығыс Түркістанда өмір сүрген.

Мал бағып, жер өңдеуді кәсіп еткен. Мал шаруашылығы үйсіндер өмірінде маңызды рөл атқарды. Саяси тарихы: Үйсін мемлекетінде малға жеке меншік болды. Ру, тайпалардың жайылымдары иеліктерге бөлініп, қазына-байлық тайпа көсемдерінің қолына жинақталды.
Билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға мирасқорлық салты бойынша ауысып отырады. Оған жоғарыда аталған ру, тайпа көсемдері бағынған. Үйсін мемлекетінде басқарудың ондық жүйесі қолданылған.

Үйсін дәуірінің ескерткіштерінің жерлеу үрдісі, шаруашылығы, тұрмыс-тіршілігі, діни наным-сенімдерінен мол деректер беретін ескерткіштердің ең көп зерттелген түріне обалар жатады. Сонымен қатар қыстақ-қоныстар, қалалық отырықшы орындар тәрізді ескерткіштер де көптеп кездеседі. .. Ғылымда Үйсін дәуірінің ескерткіштерін 3 арнайы сатыға бөліп қарастыру қалыптасқан: 1. “Қаратал сатысы” 2. “Жетісу сатысы” 3.“Іле сатысы”

3-тапсырма

Қаңлы мемлекетінің тарихын төмендегі таблицаны пайдалана отырып баяндап беріңіз.

Қаңлы мемлекетінің аумағы

Қаңлы мемлекеті қашан, қай жерде өмір сүрген?

Қаңлы мемлекетінің саяси тарихы, шаруашылығы

Қаңлылардың ескерткіштері сақталған

өңірлерді сипаттаңыз

шығысында – Талас пен Шудың төменгі ағысының аралығында, оңтүстігінде – Ташкент ойпатының, солтүстігінде Сырдарияның төменгі ағысының аралығында орналасқан. Мемлекет билеушісі Дауанның (Ферғана) астанасы Эртли қаласынан солтүстік-батыста ірге тепкен Битянь шаһарында орналасқан.

Б.з.б II ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың Ұлы қоныс аударуы» деп аталып кеткен тарихи оқиғалардың нәтежиесінде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Үйсін, Яньцай, Қаңлы мемлекеттері қалыптасты. Соңғысы Қазақстан тарихында елеулі рөл атқарды.

Қытай деректерінде мемлекеттің жоғарғы билеушісі «Ваң» (патша) деп беріледі. Ол өзі өмір сүрген дәуірде саяси, әскери, шаруашылық билікті тікелей қолында ұстаған. Одан кейінгісі «Фу ваң» (орынбасар патша) билеушінің мұрагері әрі бас қолбасшы болған. Үшіншілері «Гуй рын», төртіншілері «Унху», бесіншілері «Вань Ху» деп аталады. Яғни мемлекетте жоғарыдан төмен қарай (вертикаль) түзілетін өкімет орнатылған. Жүйе үнемі жетілдіріліп отырған. Мемлекет аумағының ұлғая түсуіне байланысты ел беске бөлініп, оларды патшаның ұлдары басқарып, қытай деректерінде «Шао ваң» (кіші патша) аталған.

Археологиялық зерттеулер арқылы ашылған «Жетіасар», «Алтынасар», «Қауыншы», «Ақтөбе», «Алтынтөбе» және Отырар сияқты қаңлылардың елді мекені, қала қорғандарының жұрттары белгілі. Қалалар қолөнер кәсібі мен сауданың орталықтары болды. Қаңлылар өрмекпен жүн, мата тоқыған, алуан түрлі қыш ыдыстар істеген. Қоладан және темірден өндіріс құрал саймандары мен қару-жарақтар жасаған. Қаңлылардың қабірлерінен әдетте қанжарлар, семсерлер, пышақтар, жебелердің ұштары, сауыт табақшалары, темір тоғалар, шегелер, ілмектер, қапсырмалар табылды. Алтын мен күмістен сақина, сырға, білезік алқа тағы басқа да алуан түрлі әшекейлі сән-салтанат бұйымдарын жасаған.


4-тапсырма

Төменде келтіріліп отырған кестені пайдалана отырып ғұндар мемлекетінің негізгі сипаттамасын беріңіз.

Ғұн мемлекетінің өмір сүрген уақыты

Ғұндардың мекендеген территориясы

Ғұндардың саяси тарихы

«Халықтардың Ұлы қоныс аударуы»

Б. з. д. V ғасырда Оңтүстік Моңғолия мен Ордоста түркі тілдес, түр-әлпеті монғолоид типтес ғұн атты тайпа өмір сүрді.

Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралық. Олар көрші халықтарды басып алумен қатар, Қытай жеріне де шабуылдады.

Ғұндардың ұзак уақыт бойғы басты қарсыласы — Хань империясы (Қытай) болды. Сол кезде б.з.д. 202 жылы Қытайда азамат соғысы аяқталып, бір орталыққа біріккен Хань әулеті билікке келді. Бұл тарихи дерек Ғұндар мемлекетінің күшеюімен тұстас келді. Мөде билік жүргізген кезде ғұндар гүлдену дәуірін басынан өткізіп, кемеліне жетті. Халық саны 300 мыңға жетіп жығылды. Байкал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықты алып жатты. Мөденің мұрагері Лаушан (Лаошань) тәңірқұты тұсында Ғұн мемлекетінің құдіреті күшейе түсті. Бұдан кейінгі ғұндардың тарихы Шығыс Түркістандағы аса бай қалалар үшін Хань империясымен күреске толы болды.

Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.д. II ғасырдан басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған. Тарихта "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" деп атайды. Әсіресе Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді.

Ғүндар Еділден өтіп, алдарына сармат-аландарды сала отырып, Еуропаға енді. Енді азияльщ ғұндар Еуропалық жазбаларда "гундер" деп атала бастады. Олар Доннан Дунайға дейінгі ежелгі готтарды Дунайдың арғы жағына ығыстырды. Кейін готтар (герман тайпалары), остготтар (шығыс готтар) да ғұндармен одақтасуға мәжбүр болды. Ғұндар Керчь бұғазы арқылы өтіп, Босфор патшалығын талқандады. Бүкіл Қара теңіз жағалауынан Днестрге дейін аралық ғұндардың қол астына көшті.



5-тапсырма

Тарихи деректерге сүйене отырып Түркі тілдес мемлекеттердің тарихтағы және қазіргі кезеңдегі ролін көрсетіп беріңіз.



Саяси тарихы

Территориясы

Шаруашылығы

Тарихи рөлі

1

Шығыс Түрік қағанаты










2

Батыс Түрік қағанаты










3

Түргеш қағанаты










4

Қарлұқ мемлекеті










5

Қарахан мемлекеті










6-тапсырма

Түргеш мемлекетіне толығырақ сипаттама беріп көріңіз.



Саяси тарихы

Территориясы

Шаруашылығы

Тарихи рөлі

1

Түргеш










2













7-тапсырма

Тарихи атласты және ортағасырлар картасын пайдалана отырып Іле даласындағы қарлұқтадың қалаларын суреттеп көріңіз



Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы

Қарлұқ мемлекетінің территориясы

Қарлұқтардың құрамындағы тайпалар

Қарлұқ мемлекетінің қалаларын атаңыз

1














8-тапсырма

Ерте ортағасырлық Жалайыр мемлекетінің саяси және экономикалық даму ерекшеліктері туралы білетініңізді ортаға салыңыз



Жалайыр мемлекетінің саяси тарихы

Жалайыр мемлекетінің территориясы

Жалайырлар құрамындағы тайпалар

Жалайыр мемлекетінің қалаларын атаңыз

1













2













3













4