Файл: 20222023 оу жылына арналан ісрекетке жылыны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2022-2023 оқу жылына арналған

іс-әрекетке жылының

жарты жылдық

ЕСЕБІ

«Ботақан» тобының 2022 жылдың 1 қыркүйек айының «Балдәурен» балабақшасының жарты жылдық тәрбиеші есебі . Мен 4-5 жастағы балалар «Ботақан» тобының тәрбиешісімін. Жыл бойына балалармен ұйымдастырылған іс-шаралардың барлығымен таныстырылды. 1 қыркүйек «Білім күніне» балаларға арнап балабақшада іс -шара өткізілді.Топта ата-аналар жиналысы өткізілді. Жаңа үлгілік бағдарламасымен ата-аналарды танысты және медбике балалардың денсаулықтары туралы айтып өтті.

Бекітіліп берілген жоспарға сәйкес «Алтын күз» тақырыбында балалабақша топтарымен бірлесе мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

25-қазан Қазақстан респуликасына арналған тематикалық іс-шара өткізілді. Сонымен қатарАбай Құнанбаевқа арнап топта көрме жасалды. «Балдәурен»балабақшасы ұжымында қараша айында семинар өткізілді. Семинарда ашық іс-әрекет өткіздім

Желтоқсан айында «Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында топта оқу іс-әрекеті ұйымдастырылды.

«Қош келдің, Жаңа жыл » ата- аналар қатысуымен жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды.

Балалардың жалпы даму көрсеткіші қыркүйек айымен салыстырғанда бірінші тоқсан нәтижесінің көрсеткіші өзгерген.Түстерді түгел ажыратады, салыстыра алады. Жыл мезгілдері туралы айта алады. Қоршаған орта туралы берілген ақпаратты қабылдап,тәрбиешінің қимылын орындай алады. Геометриялық пішіндерді атай алады. Өлең жолдарын тәрбиешімен бірге мәнерлеп жаттай алады.5-ке дейінгі сандарды санайды және кері санауды да үйренуде. Көмекті қажет ететін балаларға жекелей келу тәрбиеші тарапынан көрсетіледі.

Балалардың сөздік қорлары жақсы. Өз жастарына сай. Өз ойларын жеткізе алады. Сұрақтарға талап бойынша жауап бере алады.

Білім беру үлгілік бағдарламасы стандартына сәйкес балалар іс-әректіне байланысты,екінші және қорытынды тоқсан нәтижелерін оң нәтижеге жеткізуге жылдық міндет бойынша іске асырылады.