Файл: Таырып лы Наурыз жаа жыл басы! Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырып: «Ұлы Наурыз – жаңа жыл басы!»

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын! Бүгінгі болғалы отырған «Ұлы Наурыз – жаңа жыл басы!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші Жамбыл: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар.
Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!
Наурыз тойы басталды.
Келіңіздер, Наурыз күнін қарсы алайық.

Жүргізуші Дамир: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды.
Көргендер де армандар,
Көрмегендер де армандар,
Қызықтан тыс қалмаңдар!

Жүргізуші: Жамбыл: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!

Хор: «Наурыз той»

Жүргізуші Дамир: Армысыздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!

Жүргізуші Жамбыл: Дамир сен білесің бе? Наурыз – «жаңа күн» деген сөз.

Жүргізуші Дамир: жоқ Жамбыл, маған толық айтып берші.

Жүргізуші Жамбыл: онда тыңда. Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған. Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

Жүргізуші Дамир: Балалар біздерге Ұлыстың Ұлы күні ақ бата беріп,  шашу шашатын  кім екенін білесіңдер ме!

Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже!
Жүргізуші Жамбыл: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды, шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!

ҚЫДЫР АТА:  (Бексұлтан) Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын! Әумин!

Наурыз Әже:
«Наурыз келсе, құт келгені, халайық!»
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (отырған  қонақтарға шашу шашу)

Жүргізуші Дамир: Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңдар бүгін біздің «Алтын дән» ауылында үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар!

Қыдыр Ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ.

Жүргізуші Жамбыл: Дамир біздің ауылдың балалары барлығы мәнерлеп өлен оқиды.

Жүргізуші Дамир: иә, Жамбыл ендеше балаларды ортаға шақырайық.

Бауыржан Айша Жыл басы Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды!

Жылдың басы Наурыз

Жердің басы Наурыз

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр әніміз


Абылай: Уа, ағайын халайық

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтын

Наурыз тойы бастайық!

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме

Байлық, бақыт тілеймін

Бүкіл қазақ еліне

Даулетхан Рамазан: Жылдың басы Наурыз

Жердің басы Наурыз

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр әніміз

Наурызбен құттықтап,

Алыс жақын қауышты

Көктемдегі жарқын сәт,

Көңілдерге ауысты.

Жүргізуші Жамбыл: ендігі кезекті биші қыздармен ұлдарға берейік

«Қара жорға» биі биленеді.

Жүргізуші Дамир: Рахмет балалар. Енді біздің балалар  ұлттық ойын ойнап береді. Асық ойыны

Жүргізуші Жамбыл: мәнерлеп оқу

Әли Наурыз тойым, наурыз тойым.

Құтты болсың халайық!

Қане, достар, қане, достар.

Шырқап әнге салайық.

Көктем келді, балақай,

Жасарды жер, алақай.

Наурыз тойын тойлайық,

Әсем әнге салайық.
Алина: Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Наурыз тойы салтанат

Наурыз тойы мархабат

Әр жүректен ән тарап

Шаттанады шартарап

Мерей:  Наурыз бұл мереке

Құтты болсын береке

Қыдыр ата келсін

Жақсы тілек әкелсін

Наурыз көктем, наурыз жыр.

Ана мейрім, шуақ нұр

Жан иесін жаңартқан

Аққан бұлақ, нәзік сыр.

Иемберді Рамазан: Наурыз келді - жыл келді
Тірілтуге гүлдерді.
Сәнденеді аналар
Сәбилермен бірге енді.
Наурыз

 келді, нұр келді,
Түгел аймақ түрленді.
Бақшадағы апайлар
Тойға әзір боп үлгерді.

Жүргізуші Дамир: Көрініс бесікке салу

Кішкентай бала қолында қамшы бар “Сүйінші, сүйінші” сәби дүниеге келді.

Қыдыр Ата: Сәбилерің құтты болсын! Баланың бауы берік болсын! Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын қояйық!

Әже: Құндақталған сәбиді алып келеді!

Қыдыр Ата: Сен наурыз мерекесі күні дүниеге келгесін  сенің атыңды Наурызбай қоямыз деп Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” үш рет құлағына айқайлайды.

Наурыз Әже: Енді дүниеге келген сәбиді бесікке салайық! Балалар, бесікке салу үшін Бесік, қолбау, аяқбау, шүмек, көрпе, көпшік . Бесік – қасиетті мүлік. Бесікті аластап, тыштырма жасап, баланы бесікке бөлейді. Бәле-жаладан сақтасын деп, ырымдап, оған тұмар тағып қояды.

Бала: Әже! Бесікке баланы жатқызбас бұрын қандай ырым жасалады?

Әже: Тыштырма ырымы жасалады.

Бала: Баланы қырқынан қай кезде шығарады?

Әже: Туылғанына қырық күн толғанда қырқынан шығарады. Қырық қасық суға түсіріп, ит көйлегіне тәттіні түйіп, оны иттің мойынына байлап жібереді. Балалар итті қуып жетіп, тәттіні бөліп жейді. Ит көйлек – нәрестенің алғашқы көйлегі

Жүргізуші Жамбыл: Наурыз әже осы ойынды біздің балалар ойнап берсін

Ойын: Бір бала ит болады оның мойнына кәмпит түйіп байлайды. Ол қашады оны балалар қуады. Ит болған балаға жеткен бала кәмпитті үлестіріп береді.

Жүргізуші Дамир: Биші қыздарды ортаға шақырайық. Би: «Қамажай»

Жүргізуші Жамбыл: біздің ауылдың суретшілері келіп қалыпты, суреттерге назар аударайық.

Жүргізуші Дамир: ортаға ауылдың жігітерін шақырайық. Қол күресіп көрсің.

Қыдыр Ата: Балалар сендерге көп көп рахмет! Барлықтарыныз шеттерінен өнерлі екенсіңдер .Мереке мерекеге ұлассын!Ал енді мен журейін. Әлі көрші ауылдың балаларының өнерлерің тамашалау керек, Қош сау болындар!

Жүргізуші Жамбыл: Осымен Наурыз мерекесіне арналған шағын мерекелік ертенгілігіміз аяқталды.

Жүргізуші Дамир: Назарларыңызға көп рахмет.